2. Пәннің мақсаты Білім алушыларды визуалды зерттеу әдістерімен, жетістіктерімен таныстыру. Визуалды диагностиканың мүмкіндіктері мен жалпы принциптерін үйрету, нәтежесін клиникалық практикада қолдану. Жүйелер бойынша ағзалар патологиясының рентгеносемиотикасымен таныстыру. Визуалды зерттеу әдістері бойынша сипаттауды үйрету.
-рентген диагностика кабинеттерінің
жұмысы мен құрылымдарының принципін білу, олардың жұмысының ұйымдастырылуын, аппаратура жұмыс жасау принциптері, иондаушы және иондамаушы сәулеленуден қорғану әдістерін сақтау;
-сәулелік диагностиканың қарапайым
және заманауи әдістерін, диагностикалық көріністерді алу принциптерін білу;
-адам анатомиясын, ағзалар мен
жүйелердің құрылысы мен қызметін білу;
-ағзалар мен жүйелер ауруларының
негізгі рентгенологиялық симптомдары мен синдромдарын түсіну.
Білімі мен түсінігін қолдана білуі
-сәулелік зерттеуге жалпы
көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтауды;
-сәулелік зерттеулердің
(рентгенография, ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография, радионуклидтік зерттеу) көлемі мен кезектілігін анықтауды;
-рентгенограммаларда, компьютерлік
және магнитті-резонанстық томограммаларда, ультрадыбыстық сонограммаларда адам ағзаларының анатомиялық көріністерін өздігінен анықтауды;
-ағзалар мен жүйелер аурулары
негізгі рентгенологиялық симптомдар мен синдромдары бойынша дифференциалды диагностикасын жүргізуді.
Өзіндік пікірлерін қалыптастыруы
-заманауи сәулелік зерттеу әдістерін
қолдана отырып, жүйелер мен ағзалар ауруларының диагностикасы мен дифференциалды диагностикасы жөнінде;
-медициналық документацияларды
жүргізу бойынша;
Коммуникативтік қабілеттері
-науқаспен, оның туыстарымен,
әріптестермен максималды сенімді қатынас орната білу;
-патология жайында айқын және
түсінікті мәлімет бере білу;
Оқу дағдылары және оқуға деген қабілеттері
-жаңа мәліметтер мен әдебиеттерді
қолдана отырып, өздігінен жұмыс жасай білу (оқу, анықтамалық, бағдарламалық, ғылыми т.б.);
-денсаулық сақтау аймағында ғылыми
зерттеулерді жоспарлауды және өткізуді жүзеге асыру.