Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет10/34
Дата17.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#83415
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Буын үндестігі (сингармонизм) – бір сөздің буындары арасындағы үндестік.
Тіл үндестігі – бір сөз көлеміндегі буындардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып, үйлесіп келуі.
Езу үндестігі – бір сөздегі барлық буындарда езулік дауыстылардың тұруы.
Ерін үндестігі – бір сөз көлеміндегі буындарда өңкей еріндік дауыстылардың айтылуы.
Дыбыс үндестігі – бір сөз ішіндегі немесе сөздер аралығындағы қатар тұрған (көрші жатқан) екі дыбыстың бір-бірімен үндесіп, жуықтасып айтылуы.
Аккомодация – дауыстылар мен дауыссыздардың немесе керісінше дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі.
Ассимиляция – дауыссыздар мен дауыссыздардың үндесуі.
Ілгерінді ықпал (прогрессивті ассимиляция) – қатар тұрған екі дауыссыздың алдыңғысы соңғысына әсер (ықпал) етіп, оны дауыс қатысы жағынан өзіне бағындырып, икемдеп тұруы.
Кейінді ықпал (регрессивті ассимиляция) – кейінгі дауыссыздың алдыңғы дауыссызға әсер етіп, оны дауыстың қатысы жағынан гөрі жасалуы жағынан өзіне икемдеп тұруы.
Тоғыспалы ықпал (әрі ілгерінді, әрі кейінді ассимиляция) – морфемалар жігіндегі қатар келген екі дауыссыздың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа дауыс қатысы (акустикалық) жағынан, ал кейінгі дыбыстың өзінің алдындағы дыбысқа жасалуы (артикуляциялық) жағынан ықпал етуінің нәтижесінде екі дыбыстың да өзгеріске ұшырап барып үндесуі.
Тапсырма:
Берілген үлгі бойынша сатылай кешенді дыбыстық талдау жасаңыз.
Үлгі:
Егер: жіңішке сөз; 4 әріп; 4 дыбыс; 2 буын: е – ашық буын, гер –бітеу буын; 1 тасымал: ег-ер.
1 (е) жуан – 0 ашық – 1 (е)
3 = ; 1 = ; 2 = ;
2 (г,р) жіңішке – 1 (е) қысаң – 0
еріндік – 0
2 = ;
езулік – 1 (е)
қатаң – 0; ұяң – 1 (г)
3 =
үнді – 1 (р)


Орфография: егер
Орфоэпия: егер
Ықпал түрі:
Буын үндестігіне бағынады.
Сөз екпіні: егѐр

Егер сорым түбімен әкетпесе,


Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас 
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!

Амал жоқ, – қайттім білдірмей, 


Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет