Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет18/34
Дата17.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#83415
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Тапсырмалар:
1. Діни сөздерді бір бөлек, кәсіби сөздерді бір бөлек жазыңыз.
Құран, аталғы, пышқы, аят, ыңғуыр, инелік, пәрбі, мешіт, жап, қарық, жүйек, далбай, медіресе, шырға, түлек, қоя, шәулі, тоят, қазірет, тірнек, қоза, шиіт, көсік, күләбі, жәмше, қалпе, патсайы, торлама, айнакөз, қылағай, мөңке, сыла, имам.
2. Қазақ тіл біліміне қатысты 7 халықаралық терминнің анықтамасын жазыңыз.
3. Орыс тілінен енген варваризмдерді теріп жазыңыз.
Экононмика, болыс, сот, кірпіш, үтік, паровоз, түрме, сиез, керуен, шабадан, металл, шен, кереует, сазан, қышқыл (кислый), биология, жәшік, бөшке, топас (тупой), цирк, бөтелке, бәтіңке, кесек (кусок), ошақ (очаг), пароход, тәрелке, самаурын, хирургия, сөмке, кәмпит, зоология, сөтке, пеш, хоккей, большевик, колхоз, агроном, бюджет, училище, театр, электр, бухгалтер, фотография, совзоз, цех, шатб, поэзия, ояз, таптау (топтать), тасу (таскать) т.б.
4. Жоғары стильде, бейтарап стильде және төмен стильде келген сөздерді жазыңыз.
Үлгі: дидар – жағымды, бет – бейтарап, сықпыт – жағымсыз;
5. Күнделікті тұрмыста ең көп қолданылатын 9 сөзге сөйлем құраңыз.
6. Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты туған жаңа сөздерді жазыңыз.
7. Фонетикалық жергілікті сөздерді бір бөлек, морфологиялық жергілікті сөздерді бір бөлек, лексикалық жергілікті сөздерді бір бөлек жазыңыз.
Полат, барғайы, шаппа, үгей, чана, келулі, буыз, құрытынды, машқара, тымақ, көрмелі, жарын, құдағай, іләж, баралы, алажақ, пойызбынан, бойлай, барғым бар, жуалдыз, әтешкер, ату, мәсі, бақуат, ақзон т.б.
8. Архаизмдерді бір бөлек, тарихи сөздерді бір бөлек жазыңыз.
Болыс, шабарман, ақберен, қорамса, айбалта, нарком, отарба, қызыл әскер, барымта, аба, кебеже, саптыаяқ, ергенек, иткірмес, аран, дат, толағай, хан, бек, жүз басы, қосшы одағы, шоқпар, соқа, сойыл, найза, күрзі, кіреуке, малта, ояз, зындан, күң, құл, әмеңгер, дуан басы, пері, ысқат, сұлтан, атшабар, дүре, малай, қосын, желек.
9. Көне сөздерді бір бөлек, актив сөздерді бір бөлек жазыңыз.
Космонавт, космодром, төре, мәйек, күзек, үйірме, еңбеккүн, шығарма, қорамсақ, ауылнай, жандарал, жиналыс, құрылыс, әдіс, сәуір, қолжазба, би, баспасөз, жарыссөз, қорытынды, үндеу, мекеме, қожа, молда, басқарма, өндіріс, шикізат, өнеркәсіп, жоспар, көрініс.
10. Қазақ (түркі) тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне ауысқан сөздерді бөліп жазыңыз.
Болыс, жандарал, сот, қамыт, нөмір, жәшік, бәтіңке, доға, самауыр, бөтелке, бөкебай, жәрмеңке, кір, түрме, сәтен, барқыт, арык, буран, барсук, изюм, кабан, каракуль, капкан, курган, сазан, туман.
11. Пассив сөздердің мағынасын ашып, қандай сөздерге жататын айтыңыз.
Үлгі: Қол – әскер мағынасында – көне сөз
Шерік, қорамсақ, адырна, кіреуке, ханзада, төленгіт, барымта, мәнбі, үрдіс, қозапая, шит, кеуірт, рабайда, рай, бап.
12. Төл сөздерді бір бөлек, кірме сөздерді бір бөлек жазыңыз.
Алла, тау, сәби, тас, құдай, әнші, ас, ойыншық, аймақ, қарақұрт, жасақ, түйеқұс, ояз, қарала, болыс, сарала, большевик, құрт-құмырсқа, агроном, аяқ-табақ, шай, апар, мешін, әкел, ата, ауыл шаруашылығы, адырна, зат есім, абдыра, аяң, кірпіш, саман.
13. Қарапайым сөздердің ішіндегі кемсітіп, мұқатуды білдіретін сөздерді, мысқыл-мазақ мәніндегі сөздерді, қарғыс мәнді сөздерді, алғыс мәнді сөздерді бөлек-бөлек жазыңыз.
Ақсақ, ырбақай, қосағыңмен қоса ағар, байғұс, ашық ауыз, бала-шағыңның қызығын көр, бейшара, адыра қалғыр, құдай қуантсын, таз, үнің өшкір, көп жасағыр, су мұрын, жағыңа жылан жұмыртқалағыр, қатарыңның алды бол, сорлы, атаңа нәлет, алла жар болсын, быртық, көріңді көргір, сүмелек, аузы-мұрнынан шыққыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет