Тапсырмалар: 1. Кеден, бекет сөздерін сыртқы тұлғасы мен ішкі мазмұнына қарай талдаңыз.
2. Жалпы ұғымға 3 сөйлем, жеке ұғымға 3 сөйлем құраңыз.
3. Деректі сөзге 7 мақал-мәтел, дерексіз сөзге 7 мақал-мәтел жазыңыз.
4. Сөздік қордағы сөздер қатысқан 9 мақал-мәтел жазыңыз.
5. Сөздік құрамдағы сөздер қатысқан 9 мақал-мәтел жазыңыз.
Блиц-тест: 1. Сөз дегеніміз не?
А) Бір нәрсенің (заттың, құбылыстың, оның сынының, қимыл-қозғалысының) атауы;
B) Бір нәрсенің (заттың, құбылыстың, оның сынының, қимыл-қозғалысының) есімі;
C) Белгілі мағынасы жоқ, құрылымы жағынан тұтас емес, әр сөз табына тән болып келетін дыбыстар тіркесі;
Д) Белгілі ұғымы бар, құрылысы жағынан тұтас, бір сөйлем мүшесіне тән болып келетін дыбыстар тіркесі;
E) Дыбыстық бірлік.
2. Әрбір атау сөз нені білдіреді?
А) Мазмұнды, мәнді;
B) Ұғымды, мағынаны;
C) Мақсатты, міндетті;
Д) Ойды, пікірді;
E) Атауды, есімді.
3. Сөздің сыртқы тұлғасы дегеніміз не?
А) Ұғымдық жағы;
B) Мағыналық жағы;
C) Дыбыстық жағы;
Д) Мазмұндық жағы;
E) Ішкі жағы.
4. Сөздің ішкі мазмұны дегеніміз не?
А) Дыбыстық жағы;
B) Әріптік жағы;
C) Мазмұны;
Д) Ұғымы, мағынасы;
E) Мәні.
5. Деректі сөздер дегеніміз не?
А) Ой, сана, ақыл, қиыл деген сияқты жалпыланған (абстрактылы) ұғымдарды білдіретін сөздер;
B) Заттық ұғымды білдіретін сөздер;
C) Іс-әрекетті, қимылды білдіретін сөздер;
Д) Іс-әрекеттің мезгілін, иесін және көңіл-күйі мен қорқынышын, қимыл-қозғалыстар мен дыбыстардың бейнесін білдіретін сөздер;
E) Нақты зат атаулары, заттың сыны мен саны, қимылы сияқты ұғымдарды білдіретін сөздер.
6. Дерексіз сөздер дегеніміз не?
А) Нақты зат атаулары, заттың сыны мен саны, қимылы сияқты ұғымдарды білдіретін сөздер;
B) Заттық ұғымды білдіретін сөздер;
C) Іс-әрекетті, қимылды білдіретін сөздер;
Д) Іс-әрекеттің мезгілін, иесін және көңіл-күйі мен қорқынышын, қимыл-қозғалыстар мен дыбыстардың бейнесін білдіретін сөздер;
E) Ой, сана, ақыл, қиыл деген сияқты жалпыланған (абстрактылы) ұғымдарды білдіретін сөздер.
7. Лексика дегеніміз не?
А) Жеке ақын-жазушы шығармаларында қолданылмаған сөздердің жиынтығы;
B) Тілдегі тек сөздік құрамға енетін сөздердің тізімі;
C) Тілдегі тек сөздік қорға енетін сөздер жиынтығы;
Д) Белгілі бір тілде қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы;
E) Сөздерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.