Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01503 Информатика Пән циклы атауы және коды



бет2/17
Дата09.06.2023
өлшемі114,76 Kb.
#99922
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
семинар

Зертханалық



ОСӨЖ



СӨЖ



Бақылау формасы

3

5

15 сағат

20 сағат

10 сағат

25 сағат

80 сағат

қорытынды бақылау формалары –тест, ауызша



3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


п/п

Модуль атауы



Сағат саны

Аптаға сәйкес орындалу мерзімі

Модуль 1. Операциялар, операторлар, тізімдер

I

Дәріс







Python тілінің тарихы. IDLE интегралды ортасы. Мәліметтер типі

1

1 апта

Басқару инструкциялары. Шартты және таңдау операторлары

1

2 апта

Басқару инструкциялары. Қайталау операторлары



1

3 апта

Тізім құрылымы және қолданылуы

2

4 апта

Бір өлшемді массивтер

1

5 апта

Функциялар. Фукцияның аргументтерінің қолданылуы.

1

6 апта

Лямбда функциялар

1

7 апта

Күрделі тізімдер. Іштестірілген тізім арқылы матрица элементтерін анықтау

2


8 апта

Практикалық (семинар) сабақ







IDLE интегралды ортасы. Мәліметтер типі

1

1 апта

Шартты және таңдау операторлары

1

2 апта

Қайталау операторлары



1

3 апта

Тізім құрылымы және қолданылуы

1

4 апта

Бір өлшемді массивтер

1

5 -апта

Функциялар. Фукцияның аргументтерінің қолданылуы.

1

6 апта

Лямбда функциялар

1

7 апта

Күрделі тізімдер. Іштестірілген тізім арқылы матрица элементтерін анықтау

1

8 апта

Зертханалық сабақтар







1.IDLE ортасы. Программа құрылымы және орындау
Басқару инструкциялары

2

6 апта



2. Тізімдер. Массивтер. Матрицалар

2



7 апта



3. Функциялар. Лямбда функциялар

1

8 апта

1 модулю бойынша барлығы

24




1 модуль бойынша бақылау түрі

Жоба қорғау

Модуль 2. Негізгі құрылымдар, модульдер

II

Дәріс







Жолдар

2

9 апта

Кортеж құрылымы және қолданылуы

1

10 апта

Жиын құрылымы және қолданылуы

1

11 апта

Cөздік және файл құрылымы

2

12 апта

Класс құрылымы

1

13 апта

Tkinter, itertools және PyGame модульдері

2

14 апта

Графикалық мүмкіндіктер

1

15апта

Практикалық (семинар) сабақ







Жолдар

1

9 апта

Кортеж құрылымы және қолданылуы

1

10 апта

Жиын құрылымы және қолданылуы

1

11 апта

Cөздік және файл құрылымы

1

12 апта

Класс құрылымы

1

13 апта

Tkinter, itertools және PyGame модульдері

1

14 апта

Графикалық мүмкіндіктер

1

15 апта

Зертханалық сабақтар







Жолдар. Кортеж .Жиын.Cөздік және файл құрылымы

3

14 апта

Tkinter, itertools және PyGame модульдері. Графикалық мүмкіндіктер

2

15 апта

2 модулю бойынша барлығы

21




2 модуль бойынша бақылау түрі

Жоба қорғау

Барлығы (Сағат пен кредиттің көлемі)

45






4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
Курс мақсаты - Python программалау тілінде программалау әдістерін меңгеру, құрылымы мен программалау принциптерін оқыту, программалау қабілетін қалыптастыру.
5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:
a) базалық Python бағдарламалау тілінің алфавит, синтаксис, семантикасы және программалау принциптері, тәсілдерін біледі;
b) Қойылған есеп мақсатын анықтайды; Python программалау тілінде бағдарламаны құрады, тестілейді және интегралды ортада өңдейді.
c) Нақты есептерді практикада жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды құра білу дағдысы қалыптасады; құрылымдық программалау тілі мен объекті бағдарланған программалау әдістерін қолданады. Информатика және қолданбалы математика, жаратылыстану ғылыми саласындағы базалық білімді зерттеушілік және кәсіби бағытта қолданады.


6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
(бакалавриат деңгейі бойынша)



Блум таксономиясы деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Оқыту нәтижелері (ОН)



ОББ, функционалды программалау бойынша білімдерін тиімді программалар құру үшін қолдануды біледі

қолданбалы есептерді шешу үшін алгоритмдер құрады және қолданады мобильді құрылғылар үшін программалар құруда қолданады

оңтайлы және тиімді алгоритмдерді талдайды

оңтайлы алгоритмдерді жинақтайды

Алгоритмді тестілейді



7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Оқу сабақтары: дәрісте қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау дәрісі, интерактивті дәріс (дәріс-конференция, «сұрақ-жауап-талқылау»дәрісі), (OnLine компилятор, презентация, видеолекция, тест тапсырмалары) көрнекі құралдары , практикалық және зертханалық сабақта қолданылатын ресурстар: OnLine компилятор мен порталдар, цифрлық ресурстар
Ұымдастырылуы: ZOOM, Google-class.
8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:





ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма түрі

Сағат саны

Орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты кестеге сәйкес)




ОСӨЖ тапсырмалары

1

Math класы және басқару инструкциялары

4 есеп

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

2

Қызықты сандар арифметикасы

4 есеп

2

Дүйсенсенбі, 4 пар

3

Массивтерді өңдеу алгоритмдері.

6 есеп

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

4

Жолдарды өңдеу алгоритмдері. Тізімдер

4 есеп

2

Дүйсенсенбі, 4 пар

5

Программаны жөндеу және тестілеу

Жоба құру

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

6

Функциялар графигін тұрғызу

4 есеп

2

Дүйсенсенбі, 4 пар

7

Логикалық ойындарды программалау

Жоба құру

3

Дүйсенсенбі, 4 пар

8

Тестілеу жүйесін құру

Жоба құру

2

Дүйсенсенбі, 4 пар

СӨЖ тапсырмалары

1

Класстар. Әдістер, оқиғалар.

Жоба құру

6

2 апта

2

Массивтерді өңдеу алгоритмдері. Array класы

Жоба құру

6

3 апта

3

Тізімдермен жұмыс. Амалдар

Жоба құру

6

4 апта

4

Жиындар. Кортеждер. Сөздіктер

Жоба құру

6

5 апта

5

Бүтін сандар арифметикасы

Жоба құру

6

6 апта

6

Символдық мәліметтерді өңдеу.

Жоба құру

6

9 апта

7

Массивтегі сұрыптау және іздеу алгоритмдері

Жоба құру

6

10 апта

8

Графикалық мүмкіндіктер.

Жоба құру

6

11 апта

9

Ойын элементтерін программалау

Жоба құру

6

12 апта

10

Сынақтық жоба құру

Жоба құру

6

13 апта



9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


9.1 Дәрістер
Өткізу форматы: Топпен жұмыс, тренинг, презентация, сұрақ-жауап, жобалар әдісі, интерактивті әдіс, бағалау әдістері.



    1. IDLE интегралды ортасы. Мәліметтер типі

Жоспар
1. IDLE интегралды ортасы
2. Мәліметтер құрылымы және типтері
3. Операциялар және логикалық операциялар
4. Айнымалылар. Өрнектер

Python программалау тілін 1991 году голландық программист Гвидо ван Россум құрды. Питон немесе Пайтон деп аталуы телесериалға (Монти-Питонның ұшатын циркі) байланысты. Россум программалау тілін құрғаннан кейін интернетке қойып өз қоғамын құрды. Ресми сайты http://python.org және жаңа версиялары құрылып дамуда.


Python тілінің біріктірілген интегралды ортасы(IDE) IDLE деп аталады және екі терезесі бар. Бірінші терезесі, Python командалық қабықшасы, REPL – орта, код үзінділерін орындауға арналған. REPL(read-eval-print-loop) – интерактивті программалық құрылғы, программалар үзінділерін эксперимент жасауға қолданылады. Екінші терезе, Untitled – текстті редактор терезесі, бұл терезеде толық аяқталған программаны Python тілінде жазуға болады.
Программаны іске қосу үшін \\Негізгі меню\\Программалар \\Python 3.6 IDLE (Python GUI) командаларын орындаймыз. Жаңа программа құру үшін \File\New file командаларын орындаймыз. Программа мәтіні ашылған терезеде теріледі. Программаны ашу үшін \\File\\Open командалары орындалады. Программаны сақтау үшін \\File\\Save командаларын орындаймыз. Қосымша орындалу үшін \\Run\Run Module командаларын немесе F5 клавишін таңдаймыз . Python тілінде программа дегеніміз командалар тізбегі. Командаларды орындауға арнайы программа –интерпретатор қолданылады. Программада айнымалылар қолданылады және мәніне сілтеме жасайды.
Мәліметтер типі. Айнымалылар. Логикалық өрнектер
Python тілінде мәліметтер объект болып табылады. Мәліметтер құрылымына қарай сандар, жолдар, тізбектер, тізімдер, кортеж, сөздіктер болып бөлінеді.
Мәліметтердің арнайы типтеріне тоқталамыз.
1. Сандар: бүтін: қарапайым бүтін - int, ұзын бүтін - long, нақты: - float , комплексті – complex;
логикалық мәндер– bool.
2. Тізбектер: өзгермейтін: жол- str;
Unicode- жол unicode;
кортеж tuple;
өзгеретін:
тізім - list;
3. Бейнелеулер: сөздік – dict
4. Объектілер - объектілерді шақыра алады:
Функциялар
Функция-генераторлар
әдістер
Класстар
Экземпляр класстары
Бүтін сандарды сипаттауға int және long қолданылады. Сандық литералдарды 8, 10 және 16 санау жүйелерінде қолданылады, 0b, 0o, 0x префикстеріне сәйкес шығарылады. 10 санының жазылуы:
print 10, 012, 0xA, 10L
int типті айнымалы мәні диапазоны [-2147483648 -> 2147483647], long типті айнымалы мәні жадының енуге арналған көлеміне байланысты.
Python тілінде негізгі операторларды төрт топқа бөлуге болады: арифметикалық, биттік, логикалық және салыстыру операторлары және 1 кестеде сипатталған.

Кесте 1. Арифметикалық операторлар


Операция Сипатталуы


x + y Қосу ( x және y қосындысы)
x – y Айырым Азайту
x ∗ y Көбейтінді
x/y Бөлу
Мысалы:
100/8 → 12, 100/8.0 → 12.5
x//y Бүтін санды бөлу
Нәтиже бүтін сан
Егер екі сан да нақты болса, бөлшек бөлігі ноль болатын сан шығады
Мысалы:
100//8 → 12
101.8//12.5 → 8.0
x%y x ты y бөлгендегі қалдық
10%4 → 2
x∗∗y Дәрежеге шығару
2∗∗3 → 8
2.3∗∗(−3.5)
0.05419417057580235
−x Сан таңбасын алмастыру

Python тілінде сандарға операциялық амалдар үшін мына іштестірілген функциялар қолданылады, abs() (абсолют мәнін есептеу, abs(−3) → 3), pow() (дәрежеге шығару, pow(2,3) → 8), divmod() (бүтін санды бөлудің бүтін және қалдық бөлігі) , divmod(17,5)→ (3,2)) и round() (дөңгелектеу, round(100.0/6) → 17.0). Бұл функциялар үшін қосымша модульді қосу міндетті емес. Математикалық функциялардың барлығы Math класында анықталады. Модульдерді қосуға import қызметші сөзі қолданылады.


Логикалық мәндер Python –да екі шамамын, логикалық екі тұрақтымен беріледі. True (Ақиқат ) және False (Жалған).
Логикалық мәндер логикалық операциялардың немесе өрнектердің нәтижесінде пайда болады.

Кесте 2. Салыстыру және логикалық операторлар


Операция
Немесе өрнек Сипатталуы


> a > b
< a < b
== Теңдік, a тең b-ға
!= Тең емес
>= Кіші емес
<= Үлкен емес
not x Жоққа шығару, (терістеу)
x and y Логиқалық және (көбейту)
x or y Логикалық немесе( қосу )
Х элементі А жиынына тиісті
Эквивалентті (x > a) and (x < b)
2. Басқару инструкциялары. Шартты және таңдау операторлары
Жоспар

  1. .IF – ELSE операторының жалпы формасы және қолданылуы

  2. IF – ELIF операторының жалпы формасы және қолданылуы

  3. Бекіту мысалдары

Қойылған шартқа байланысты екі немесе одан да көп тармақтары бар алгоритм тармақталған алгоритм деп аталады. Тармақталған алгоритмдерді программалауға шартты оператор қолданылады. If операторы міндетті емес else операторымен қатар қолданылады. Жалпы формасы


if шарт:
оператор1
else :
оператор2
Мысалы:
if x>0 :
y=math.sqrt(x)
else:
y=pow(x,4)

IF, ELSE операторлары бір деңгейде жазылады. Егер шарттан кейін ьірнеше операторлар орындалатын болса, онда бірдей шегініспен ерекшеленеді.


Іштестірілген шартты операторлар да қолданылады. Оның жалпы формасы:
if шарт:
Оератор1
else :
if шарт:
Оператор 2
else :
Оператор 3
Есеп 1. a,b,c бүтін сандары берілген. Үш санның ең үлкенін анықтайтын программа құрыңыз.
Есеп 2. a,b,c нақты сандары берілген. Үш санның ішінен (1.6-3.8) интервалына жататын сандарды экранға шығарыңыз.
#-*coding utf-8*-
a=float(input('vv 1 sh.'))
b=float(input('vv 2 sh.'))
c=float(input('vv 3 sh.'))
if 1.6 <=a<=3.8:
print('1.6-3.8 int.gatadi',a)
if 1.6 <= b<=3.8:
print('1.6-3.8 int.gatadi',b)
if 1.6 <= c<=3.8:
print('1.6-3.8 int.gatadi',c)
Тармақталушы алгоритмнің тағы бір түрі таңдау операторымен байланысты. Егер программада айнымалы немесе өрнек мәні үшін бірнеше нұсқаның бірін ғана таңдап алу қажет болса, таңдау операторы қолданылады. Мысалмен қарастыралық.
Есеп 3. Клавиатурадан енгізілген ай номеріне сәйкес жыл мезгілін анықтайтын программа құрыңыз.
#-*coding utf-8*-
n=int(input('ai nomerin engiz'))
if n==1 or n==2 or n==12:
print('kis')
elif n>=3 and n<=5:
print('koktem')
elif n>=6 and n<=8:
print('gaz')
elif n>=9 and n<=11:
print('kuz')
else:
print('1 men 12 aral. san engiz')


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет