7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ:
Дәріс, практикалық сабақтарда интербелсенді әдіс-тәсілдер қолданылады.
8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:
№
|
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)
|
Тапсырма түрі
|
Сағат саны
|
Орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты кестеге сәйкес)
|
|
ОСӨЖ тапсырмалары
|
1
|
Қазақ әдеби тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ ұлтының аса зор игілігі әрі оның өзіне тән ажырамас белгісі, мәдени-рухани өмірінің ұйытқысы, дамуы мен күресінің құралы.
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
5
|
Сәрсенбі
15.40-16.30
|
2
|
Жаргон мен арго.
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
5
|
Сәрсенбі
15.40-16.30
|
3
|
Жалпы түркілік сөздер. Қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер.
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
5
|
Сәрсенбі
15.40-16.30
|
4
|
Кітаби лексика.
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
5
|
Сәрсенбі
15.40-16.30
|
5
|
Сөз мағынасының дамуы.
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
5
|
Сәрсенбі
15.40-16.30
|
6
|
Антонимия саласының зерттелу тарихы
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
5
|
Сәрсенбі
15.40-16.30
|
7
|
Омонимия саласының зерттелу тарихы
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
5
|
Сәрсенбі
15.40-16.30
|
СӨЖ тапсырмалары
|
1
|
Этимология саласының зерттелу тарихы
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
7
|
2-апта
|
2
|
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу.
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
7
|
3-апта
|
3
|
Фразеология саласының зерттелу тарихы
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
7
|
4-5-апта
|
4
|
Синонимия саласының зерттелу тарихы
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
7
|
6-7-апта
|
5
|
Варианттылық және оның зерттелу тарихы
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
8
|
8-9-апта
|
6
|
Ономастика саласы және оның зерттеу объектісі
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
8
|
10-11-апта
|
7
|
Топонимика саласы және оның зерттеу объектісі
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
8
|
12-13-апта
|
8
|
Антропонимика саласы және оның зерттеу объектісі
|
Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
|
8
|
14-15-апта
|
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Тақырыбы: Фонетика – тіл білімінің бір саласы. Сөйлеу дыбыстарын қарастыру аспектісі.
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
Фонетиканың зерттеу нысаны.
Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т.б);
Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әр түрлі әдістер (эксперимент, акустикалық, соматикалық т.б).
Дыбыс туралы түсінік.
Артикуляциялық база.
Тілдің дыбысталу мүшелері.
Дәріс тезисі:
Фонетика – тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Адамның пікір алысуына, бір-бірімен түсінісуіне қызмет ететін тіл – қарым-қатынас құралы, қоғамдық құбылыс. Демек, тіл дыбыстарының әлеуметтік табиғаты мен атқаратын қызметін білудің маңызы зор. Сондықтан әр тілдің дыбыс жүйесін жүйелі түрде зерттеп білу қажет. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы пәні қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны, олардың фонетикалық ерекшеліктері, түрлері, фонема, фонология, буын, дыбыстар тіркесі, сингармонизм, ассимиляция, дыбыс алмасуы мен өзгерістері, көрші дыбыстардың бір-біріне ықпалы, дыбыстық құбылыстар, екпін, интонация, орфоэпия, орфография, графика, транскрипция т.б. жөніндегі теориялық мәселелер мен олардың зерттелу жайы туралы теориялық білім беруге арналған. Сөздің және морфеманың құрамындағы ең кіші дыбыстық единица туралы айтқан кезде тіл жүйесіндегі фонетиканың орнын анықтау қажеттігі еске түседі. Тілдің дыбыс жүйесін зерттеудің бағыттары мен мақсатына қарай ол өз ішінде сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы фонетика деп бөлінеді.
Әдебиет:
1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8. Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Тақырыбы: Дыбыс, әріп, фонема. Фонемаларды топтастыру принциптері.
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
Дыбыс, фонема.
Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар.
Вариант пен вариация туралы.
Әріп және әліпби.
Транцкрипция.
Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
Дәріс тезисі:
Фонология – (гректің phone– дыбыс, дауыс + logia – ілім) тілдің дыбыстық құрылымын, функционалдық заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы. Демек, тіл дыбыстарының жасалуын, айтылуын, естілуін фонетика зерттейтін болса, ал тіл дыбыстарының адам сөйлеуі кезіндегі мағына ажыратуға, сөзді тануға, сөз бен сөзді айыра білуге себепкер болып, пікір алысуға, сөйлеуге қызмет етуін, яғни тіл дыбыстарының әлеуметтік қызметін Тіл білімінің бір саласы – фонология қарастырады. Фонологияның мәнін терең білу үшін алдымен фонема жөнінде жан-жақты түсінігіміз болуы керек. Фонема (гректің рhоne – дыбыс, дауыс деген сөзінен алынған) – негізгі тіл единицаларының бірі: тілдің ең аз мөлшердегі мағыналық жігін ажырату единицасы; яғни фонема – тілдің дыбыстық құрылысының ары қарай бөлуге келмейтін ең кішкене мағыналы бөлшегі, сөз мағынасын, сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кіші дыбыстық бірлік (единица). Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И.А. Бодуэн де Куртенэ болып табылады. «Некоторые отделы сравнительной грамматики славянских языков» (1881 ж.) деген еңбегінде фонема сөздің ешбір бөлшектерге бөлінбейтін бөлшектері екенін айтады.
Әдебиет:
1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8. Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б.
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Тақырыбы: Дауысты фонемалар (вокализм). Дауыссыз фонемалар (консонантизм).
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
1. Дауысты фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері.
2. Дауысты дыбыстар топтастырылуы.
3. Орыс тілінен енген сөздердегі дауыстылар.
4. Дауыстылардың сөз ішінде қолданылуы.
5. Дифтонг, дифтонгоид дыбыстар.
Дәріс тезисі
Қазақ тілі дауысты дыбыстары жөнінде зерттелген еңбектер де көп болғанымен, тіліміз табиғатына сай соны пікір айтылғаны соңғы кезеңдегі зерттеулер еншісіне тиеді. Көптеген еңбектерде дауысты дыбыстардың фонетикалық ерекшеліктері бірін-бірі қайталап, бір жақты талданып келді.
Әдебиет:
1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8. Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б.
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Тақырыбы: Буын (силлабизм). Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза), интонация бірліктері.
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері.
Буын құрамының өзгеруі.
Буын жігін ажырата білудің маңызы.
Буын және тасымал.
Буын және оның дыбыстық құрамы.
Дәріс тезисі:
Буын теориясы фонетикадағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Буын - тіліміздің дыбыстық қатарын көрсететін ең кіші фонологиялық единица, немесе, сөздің өзіндік сазы /тембрі/ бар, артикуляциялық жағынан одан әрі бөлуге келмейтін ұсақ бөлшегі. Сондай-ақ, сөзажыратушы және мағына ажыратушы қызметіне қарамастан буында мағына болмайды. Сөздің мағынасы мен буынға бөлудің арасында да байланыс жоқ. Өкпеден шыққан ауаның (фонациялық ауаның) қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Қазақ тіл білімінде буын және оның әр түрлі фонетика-фонологиялық табиғатын тану бағытында жүргізген зерттеулер А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алып, І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбек, А. Қошқаров, М.Жүсіпұлы, Ж.Назбиев, Ұ.Шүленбаева, З.Өтебаева, Г.Қайдарова және Ә.Қайдаров, А.Айғабылов, т.б. ғалымдар тарапынан әр қырынан қарастырылды.
Әдебиет:
1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8. Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б.
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Тақырыбы: Екпін (акцентуация) және оның түрлері. Дыбыстар тіркесі.
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
Қазақ тіліндегі екпіннің жайы туралы.
Екпіннің сөз ішінде тұрақты, тұрақсыз қолданылатын түрлері.
Дәріс тезисі:
Қазақ тіл білімінде екпін және оның фонологиялық қызметі жөнінде ғалымдар арасында талас пікірлер мен әр түрлі козқарастар бар. Екпін - тілдің дыбыс жүйесіндегі негізгі суперсегментті единицалардың бірі. Сөз ішінде не сөз тіркесінде басқа буындарға қарағанда бір буынның ерекше күшпен айтылуын екпін деп білеміз. Екпіннің бастыбасты түрлері: ой екпіні (логикалық екпін) және инверсия, көңіл күйі екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні (словесное ударение). Сөз екпінінің түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екпін); лебізді (динамикалық, экспираторлық) екпін. Лебізді екпін күшті лебізді, бәсең лебізді болып бөлінеді. Тіркес екпіні (фразалық немесе комплекстік), көмекші (квантитатив) екпін бар. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз, тұрақты түрлері болады. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келеді. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінінің де атқаратын лексикаграмматикалық қызметтері болады. Екпін түскен буын дыбыстың күші, созылыңқылығы, негізгі тоны жағынан ерекшеленеді. Әрине, осы акустикалық үш компоненттің екпінді буынды танытудағы қатысымы әр тілдің өзіндік ерекшелігіне байланысты әр түрлі болатыны аян. Тіл-тілде негізінен екпіннің үш түрі кездеседі екен: бір буын ерекше күшпен, қарқынды айтылуы динамикалы (лебізді) екпін болса, айтылу тоны, әуені ырғағы арқылы ерекшеленуі - музыкалды (тоникалық) екпін, ал бір буын өзгелерден дауысты дыбыстың созылыңқы айтылуына, санына қарай ерекшеленуі - квантативті (сандық) екпін деп аталады. Бұл екпіннің фонетикалық табиғатын танытатын ерекшелік болса, фонологиялық функциясы жағынан да бір тілдерде екпін орны тұрақсыз болып, сөздің мағынасы мен тұлғасын айқындаса, енді бір тілде, екпін орны тұрақты болып, ол сөз бөлшектерін бір бүтін етіп, сөз бен сөздің шегін бөліп, жігін ажырату құралы болса, келесі бір тілдерде, сөз екпіні орнына фразалық екпін болып, ол мағыналық бірлікке енген бірнеше сөз тобын екіншісінен бөліп көрсетуге қызмет етеді. Динамикалық екпінді ғылымда экспирациялы, артикуляциялы, интенсив екпін деп, қазақ тілінде тегеурінді екпін деп атаса, музыкалық екпінді бірде мелодиялы, біресе тондық, әуездік екпін деп атайды, ол квантатив екпін – сандық екпін, мөлшерлері екпін деп аталып жүр. Ғылымда екпіннің қызметінің ең бастылары деп кульминатив (сөз ішіндегі буындар мен буын құрайтын дыбыстар ды біріктіру), делимитатив (сөйлеу ағымындағы сөздер шегін ажырату), сигнификатив (грамматикалық формалар мен лексикалық мағынаны ажырату), экспрессив (сөздің көңіл-күй, эмоциялы өңмен айтылуы) екпіндерді атайды екен. Дегенмен, басқа тілдерге қарағанда, қазақ тілінде мәтіннен аулақ алынған бір сөз табына жататын омонимдердің лексикалық мәнін олардың екпініне қарап ажырату мүмкін емес. І.Кеңесбаев лебізді екпін мағына, сөз айқындаушы қызметін атқаратынын айта келіп: «Тілдердің көпшілігі лебізді (динамикалық) екпін тобына жатады. Бұл топқа қазақ және басқа түркі тілдері де жатады. Тілімізде тек лебізді екпін бар деп қойсақ, қателескен болар едік»,-деп, кей уақытта ойды мәнерлі жеткізу үшін үнді екпін де пайдалатынын айтады.
Әдебиет:
1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8. Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б.
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Тақырыбы: Дыбыстар өзгерістері және олардың түрлері. Тілдегі әр түрлі фонетикалық құбылыстар туралы.
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
Игерулі өзгеріс (комбинаторлық, позициялы)
Сипаттамалы өзгеріс
Игерусіз өзгеріс (спонтанды, бейпозициялық)
Тарихи өзгеріс
Фонологиялық және морфонологиялық алмасулар
Ықпал түрлері: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар
Дәріс тезисі:
Қазақ тіл білімінде тіл дыбыстарының алмасу заңдылықтарын жан-жақты зерттеуге соңғы кезеңде ерекше назар аударылып отыр. Мұның басты себебі морфонологияға қатысты зерттеулер кеш қолға алынуына байланысты деп білеміз. Фонетика мен морфология - өзіндік зерттеу нысаны бар тіл білімінің жеке-жеке саласы. Ал осы екеуінің аралығындағы құбылыстарды немесе заңдылықтарды тіл білімінің кейінгі кезде зерттеле бастаған бір саласы морфонология қарастырады. Морфонология термині морфема /сөз тұлғасы/ мен фонологияға қатысты алынған.
Әдебиет:
1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8. Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б.
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Тақырыбы: Сингармонизм. Дыбыстардың өзара үйлесуі.
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
Буындардың үндесуі туралы.
Толық және жартылай игеру.
Сингармонизмнің фонологиялық қызметі.
Дыбыстар үндестігі туралы.
Сингармонизм – фонологиялық категория
Дәріс тезисі:
Түркі (қазақ) тілдеріндегі сингармонизм заңы туралы мәселе алғашқы түркітанушылар еңбектерінен бастау алып, бүгінге дейін зерттеушілер назарында болып келеді. Кезінде осы мәселе жөнінде В.В.Радлов, О.Бетлингк, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, А.М.Щербак, В.А.Виноградов, М.А.Черкасский, А.А.Реформатский, И.А.Батманов сияқты т.б. ғалымдар өз көзқарастарын білдіріп, түркі тілдеріндегі сингармонизмнің негізгі функциясын анықтауға талаптанды. Олар сингармонизмді «дауысты дыбыстар гармониясы» деп түсіндірді. Яғни сингармонизм дауысты дыбыстарға байланысты, түбір буындағы дауысты қандай болса, оған жалғанған қосымшадағы дауысты да соған сәйкес жуан не жіңішке болады, сондықтан сөз бірыңғай жуан дауыстыдан немесе бірыңғай жіңішке дауыстыдан тұрады деп есептеген.
Әдебиет:
1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8. Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б.
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Тақырыбы: Лексикология және оның объектісі.
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
1. Сөз
2. Лексика және лексикология
3. Сөздік қор және сөздік құрам
Дәріс тезисі:
Лексика 2 түрлі мағынада қолданылады: 1. Белгілі бір тілде қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы. 2. Жеке ақын-жазушы шығармаларында қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы. Лексика лексикология, лексикография, семасиология, этимология және фразеология деп аталатын салаларға бөлініп қарастырылады. Лексикология – сөз туралы ілім. Ол тілдің сөз байлығын, яғни тілдегі барлық сөздерді бір-бірімен байланыстыра, бір тұтас жүйе құрамында қарастырады; тілдегі сөздердің құрамдық, тұлғалық, мағыналық түрлерін саралайды, тарихи арналары (шығу көздері) мен қат-қабаттарын (әдеби, диалект, көне, жаңа т.б.), сондай-ақ қолданылу аясы мен қызметтерін көрсетеді. Лексикология сөздің сөздер жүйесіндегі алатын орнын, қолданылу қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі мен сан қилы сипаттарын зерттейді.
Әдебиет:
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні мен қолдану шеңбері. Қазіргі қазақ тілінің шығу арналары.
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
1. Арнаулы сөздер
2. Әдеби сөздер
3. Варваризмдер
4. Бейтарап сөздер
5. Жалпыхалықтық сөздер
6. Жаңа сөздер
7. Жергілікті сөздер (диалектизмдер)
8. Актив сөздер
9. Көне сөздер
10. Кірме сөздер
11. Пассив сөздер
12. Төл сөздер
13. Стильдік бояуы бар сөздер
Дәріс тезисі:
Тілдегі сөздер өздерінің қолданылу ерекшеліктеріне қарай сан алуан болып келеді. Әдетте олар әр түрлі ұстанымдар (принциптер) бойынша түрлі топтарға бөлінеді. Мәселен, қазақ тіліндегі сөздер:
1) Шығу тегіне қарай: төл және кірме сөздер;
2) Қолданылу аймағына (территориясына), яғни әдеби және әдеби еместігіне қарай: әдеби сөздер және жергілікті сөздер (диалектизмдер);
3) Қолданылу өрісіне (аумағына, шегіне) қарай, яғни көпшілікке жақсы таныс және онша таныс еместігіне қарай: жалпыхалықтық және арнаулы (шектеулі) сөздер;
4) Қолданылу мерзіміне (уақытысына) қарай: көне және жаңа сөздер;
5) Қолданылу жиілігіне қарай: актив және пассив сөздер;
6) Стильдік бояуына қарай: бейтарап және стильдік бояуы бар сөздер болып бөлінеді.
Әдебиет:
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Тақырыбы: Сөздер сыртқы тұлғасына, лексикалық мағынасына және тілде атқаратын қызметтеріне қарай бөлінуі. Сөздердің мағыналық қатынасына қарай жіктелуі.
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары:
1. Сөздердің сыртқы тұлғасына, лексикалық мағынасына және атқаратын қызметіне қарай бөлінуі
2. Вариант сөздердің түрлері
3. Вариант сөздердің жасалуы
4. Синонимдердің шарттары
5. Синонимдердің қолданылу тәсілдері
6. Синонимдердің пайда болу жолдары
7. Антонимдер
8. Омонимдер
9. Омофондар
10. Омографтар
11. Антонимдер
12. Омонимдер
13. Омофондар
14. Омографтар
15. Эвфемизмдер
16. Дисфемизмдер
17. Табу
18. Перифраз
19. Плеоназм
20. Калька
21. Этнографизмдер
22. Окказионализмдер
Дәріс тезисі:
Тілдегі сыртқы тұлғасына, лексикалық мағынасына және тілде атқаратын қызметтеріне қарай түр-түрге бөлінеді. Сыртқы тұлғасы мен жасалу жолына қарай сөздер: түбір сөздер, туынды сөздер, біріккен сөздер, кіріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, күрделі сөздер болып, 7 түрге бөлінеді. 1. Түбір сөздер – ешбір қосымшасыз, тек бір ғана түбірден тұратын сөздер. 2. Туынды түбір сөздер – түбірге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған сөздер. 3. Біріккен сөздер – екі я одан да көп түбірден бірігіп, бір ғана ұғымды (затты, сынды, санды, қимылды т.б.) білдіретін сөздер. 4. Кіріккен сөздер – біріккеннен кейін өз тұлғаларын сақтамай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшыраған сөздер. 5. Қос сөздер – әр түрлі екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған сөздер. 6. Қысқарған сөздер – бірнеше сөздің тіркесінен құралған күрделі атаулар мен мекеме, ұйым атауларының қысқартылып қолданылуынан пайда болған сөздер. 7. Күрделі сөздер – екі я одан да көп сөздердің тіркесінен жасалып, бір-ақ ұғымды, бір-ақ мағынаны білдіретін сөздер. Сөздер тілде атқаратын қызметтеріне қарай: негізгі сөздер және көмекші сөздер болып, тағы да сараланады. Негізгі сөздер – жеке қолданылатын, жеке тұрып, сөйлем мүшесі бола алатын сөздер. Көмекші сөздер – жеке қолданылмайтын, жеке тұрғанда ешқандай мағынасы жоқ, тек негізгі сөздермен тіркесіп қана жұмсалатын сөздер. Көмекші сөздерге: көмекші есімдер, көмекші етістіктер және шылаулар жатады. Лексикалық мағынасына қарай сөздер: толық мағыналы, жартылай мағыналы және лексикалық мағынасы жоқ сөздер болып, үшке бөлінеді. Толық мағыналы сөздерге негізгі сөз таптары жатады. Олар өз алдына жеке қолданылады. Егер «сөз ұғым мен мағынаның таңбасы» дейтін болсақ, толық мағыналы сөздерде ұғым да, мағына да бар. Жартылай мағыналы сөздерге есімдіктер мен одағайлар жатады. Бұлар да өз алдына жеке қолданылады. Бірақ жартылай мағыналы сөздерде мағына болғанымен, ұғым болмайды. Лексикалық мағынасы жоқ сөздерге көмекші етістіктер мен шылаулар жатады. Бұл сөздер тобы өз алдына жеке қолданыла алмайды. Олар тек дербес сөздерге тіркесіп, бір-ақ сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір-ақ мүшесі бола алады. Себебі мұндай сөздерде ұғым жоқ, мағына да жоқ: оларда тек грамматикалық мағына ғана бар. Сондай-ақ, лексикалық мағынасына қарай сөздер деректі сөздер, дерексіз сөздер және жалпы сөздер, нақты сөздер болып та бөлінеді. Нақты сөздер – жеке заттың атауы, ал жалпы сөздер – бірнеше затқа ортақ атау. Сөздер мағыналық қарым-қатынастарына қарай, атап айтқанда, мағыналарының бірдейлігіне, жақындығына, алыстығына және қарама-қарсылығына қарай сөздер: вариант сөздер, синонимдер, омонимдер және антонимдер болып, тағы да сараланады.
Әдебиет:
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
Өткізу форматы: ноутбукты пайдаланып, слайд арқылы түсіндіру
Достарыңызбен бөлісу: |