Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В02304 Филология: қазақ филологиясы Пән циклы атауы және коды



бет2/2
Дата05.04.2022
өлшемі0,71 Mb.
#29971
түріБілім беру бағдарламасы
1   2
1.2 ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ:

«Қазіргі қазақ тілі», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Жалпы тіл білімі».


1.3 ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:

«Лингвистиканың жаңа бағыттары», «Әлеуметтік лингвистика», «Этнолингвистика», «Лингвомәдениеттану», «Тіл білімінің философиялық мәселелері», «Психолингвистика».



2. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Курс

Семестр

Дәріс

Практика/

семинар

Зертханалық


ОСӨЖ


СӨЖ


Бақылау формасы

2

4

0,5

1




0,5

1

қорытынды бақылау формалары – жазбаша


3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырыптар атауы

Сағат саны

Аптаға сәйкес орындалу мерзімі

I

1-модульЗерттеу тақырыбын таңдау және мәселені анықтау.

Дәріс







1.1Сөздің морфологиялық құрылымы

1

1-апта

1.2Грамматикалық ұғымдар

3

2-4апта

1.3 Сөз таптары және олардың морфологиялық құрылымы

1

5-апта

Практикалық (семинар) сабақтар







1.1Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері мен тілдік деңгейлерге қатысы

2

1-апта

1.2Грамматикалық мағына және оның түрлері

6

2-4апта

1.3 Грамматикалық топтар жөнінде түсінік

2

5-апта

1 модуль бойынша барлығы

5дәріс / 10 практикалық

5

1 модуль бойынша бақылау түрі

тест

ІІ

2-модуль Зерттеу жұмысының жазылуы мен рәсімделу тәртібі.

Дәріс







2.1 Зат есім

1

6-апта

2.2 Сын есім

1

7-апта

2.3 Сан есім

1

8-апта

2.4 Есімдік

1

9-апта

2.5 Етістік

1

10-апта

Практикалық (семинар) сабақтар







2.1Зат есімнің жалпы сипаты

2

6-апта

2.2Сын есімнің лексика-грамматикалық топтары

2

7-апта

2.3 Сан есімнің лексика-семантикалық топтары

2

8-апта

2.4 Есімдіктертуралыжалпысипаттама

2

9-апта

2.5 Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері

2

10-апта

2 модуль бойынша барлығы

5дәріс / 10 практикалық

5

2 модуль бойынша бақылау түрі

тест

ІІІ

3-модуль Ғылыми мәтіннің басты жанрлары.

Дәріс







3.1 Үстеу

1

11-апта

3.2 Еліктеуіш сөздер

1

12-апта

3.3 Шылау

1

13-апта

3.4 Одағай

1

14-апта

3.5Модаль сөздер

1

15-апта

Практикалық (семинар) сабақтар







3.1 Үстеудің лексика-семантикалық сипаты

2

11-апта

3.2 Еліктеуіш сөздер туралы түсінік

2

12-апта

3.3 Шылаудың түрлері

2

13-апта

3.4 Одағайдың түрлері

2

14-апта

3.5 Модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері

2

15-апта

3 модуль бойынша барлығы

5дәріс / 10 практикалық

5

3 модуль бойынша бақылау түрі

тест




БАРЛЫҒЫ

15 лекция / 30 практикалық

15 апта

4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің мақсаты –сөздің морфологиялық құрылымы, грамматикалық ұғымдар, сөз таптары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру.


5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:

- осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету,

- өз саласы бойынша алдыңғы қатарлы білім элементтерін түсіну және көрсете білу,

- сөйлеу мен жазудың лексика-грамматикалық, әдеби нормаларын меңгеру

- қойылған міндетті түсіну;

- нәтижені тұжырымдай білу;

- тұжырымдамаларды нақты түрде дәлелдей білу;

- талдау негізінде және қорытындыны нақты дәлелдей білу;

- жүйеленген нәтижелерді өз бетінше көре білу;

- өз саласы бойынша тілдік сауаттылықтың болуы


6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

(бакалавриат деңгейі бойынша)




Блум таксономиясыдеңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Оқыту нәтижелері


Білім мен түсінікті кәсіби деңгейде қолдану, өз саласы бойынша алдыңғы қатарлы білім элементтерін түсіну және көрсете білу, сөзжасам, морфология салаларыбойыншабіліміментүсінігінкөрсете білу

Сала бойыншадәйектемелерқұрастыружәнезерттепотырғансаладағыпроблемалардышешу, ғылыми пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және жүзеге асырады, өз саласына сәйкес деректерді жинайды және мәселелерді шеше біледі. 

Дәрісті, ғылыми тұжырымдамаларды жіктей білу, теориялық және қолданбалы тіл білімі аясындағы базалық білімін зерттеушілік және кәсіби бағытта қолдана біледі

Сөзжасамдық және морфологиялық талдау жасау, мәнжазбалар жазу, жоспар құру, сапалық және сандық әдістерді гуманитарлық бағыттағы зерттеулерде қолдана білу

курс бойынша материалдың маңызын, қорытындылар сәйкестігін бағалай білу, ғылыми-техникалық, жаратылыстану және жалпы ғылыми ақпараттарды проблемалық мәселелерге сай жылдам табады, талдайды және контекстік сауатты өңдеу


7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

Дәріс, практикалық сабақтарда интерактивті дискуссия, тренинг, ақпараттық-білім беру ресурстары секілді әдіс-тәсілдер қолданылады. Оқу процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің ақпараттық-телекоммуникациялық ретінде ZOOM, YouTube пайдаланылады.



8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма түрі

Сағат саны

Орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты кестеге сәйкес)




ОСӨЖ тапсырмалары

1

Нөлдік форма

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

5

Сәрсенбі

15.40-16.30



2

Сөздерді таптастыру принциптері

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

5

Сәрсенбі

15.40-16.30



3

Көмекші есімдер

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

5

Сәрсенбі

15.40-16.30



4

Шырай категориясы

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

5

Сәрсенбі

15.40-16.30



5

Болжалдық сан есім

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

5

Сәрсенбі

15.40-16.30



6

Белгісіздік есімдіктері

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

5

Сәрсенбі

15.40-16.30



7

Көмекші етістік

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

5

Сәрсенбі

15.40-16.30



СӨЖ тапсырмалары

1

Қимыл есімі

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

7

2-апта

2

Есімше

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

7

3-апта

3

Көсемше

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

7

4-5-апта

4

Себеп-салдар үстеулері

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

7

6-7-апта

5

Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

8

8-9-апта

6

Демеуліктер

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

8

10-11-апта

7

Императивтік ишара одағайлары

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

8

12-13-апта

8

Модаль сөздердің қалыптасу көздері

Берілген тақырып бойынша презентация жасау

8

14-15-апта

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

9.1 Дәрістер

Тақырыбы:Сөздің морфологиялық құрылымы

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері мен тілдік деңгейлерге қатысы

2. Сөздің ішкі мағыналық және сыртқы дыбыстық жағы

3. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы



Дәріс тезисі:

Грамматиканың бір саласы – морфологияның зерттейтін басты объектісі – сөз.Морфология сөздің жалпы сипатын, атап айтқанда, сөздің грамматикалық мағыналарын, олардың берілу жолдарын, түрлену жүйесі мен парадигмалық қасиетін зерттейді. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай).



Әдебиет:

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2002.

Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1993.

Қазақ грамматикасы. А., 2002.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
Тақырыбы:Грамматикалық ұғымдар

Сағат саны: 3

Тақырыптың жоспары:

1. Грамматикалық мағына және оның түрлері

2. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары

3. Грамматикалық форма

4. Грамматикалықмағына мен грамматикалықформаныңсәйкестіктері

5. Нөлдік форма

6. Грамматикалықкатегориялартуралы түсінік

7. Грамматикалықкатегорияныңтүрлері



Дәріс тезисі:

Ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория жатады. Сөздің грамматикалық мағынасы – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең (Абай). Грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық мағына беріледі. Тыңда дала Жамбылды. Грамматикалық категория ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты. Граммматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес. Грамматикалық категория деген ұғымға грамматикалық мағыналар жиынтығының белгілі грамматикалық формалар жүйесі сияқты арнайы грамматикалық тәсілдер арқылы берілуі жатады. Грамматикалық категория ұғымы кез келген грамматикалық мағынамен емес, оның категориялық грамматикалық мағына түрімен байланысты.



Әдебиет:

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2002.

Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1993.

Қазақ грамматикасы. А., 2002.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
Тақырыбы:Сөз таптары және олардың морфологиялық құрылымы

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Грамматикалық топтар жөнінде түсінік

2. Сөздерді таптастыру принциптері және сөз таптары

3. Сөз таптарының қалыптасуы мен дамуы



Дәріс тезисі:

Сөз таптары сөздердің белгілі жүйе негізінде қалыптасқан грамматикалық топтары болып табылады. Үй, бала, ағаш, көше, білім сияқты сөздер лексикалық мағыналарының жалпылануы негізінде пайда болған жалпы грамматикалық мағыналары арқылы ортақ грамматикалық топ құрайды: бұл жерде ол – зат атауы. Сөздерді жалпы грамматикалық мағынасына қарай сөз таптарына жіктеу семантикалық принципке сүйенеді.



Әдебиет:

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2002.

Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1993.

Қазақ грамматикасы. А., 2002.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
Тақырыбы:Затесім

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Зат есімнің жалпы сипаты

2. Адамзат және ғаламзат есімдері

3. Жалпы есім және жалқы есімдер

4. Көптік мәнді есімдер

5. Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер

6. Эмоция-экспрессия реңі бар есімдер

7. Көмекші есімдер

8. Зат есімнің құрылымы

9. Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы

10. Зат есімнің тәуелденуі

11. Зат есімнің септелуі

12. Зат есімнің жіктелуі

13. Зат есімнің синтаксистік қызметі



Дәріс тезисі:

Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға – болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі – зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда, зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Лексика-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы зат есімдер. Мысалы: бұйымдар мен нәрселердің аттары, тағамдардың аттары, жан-жануарлар атаулары, өсімдік атаулары, табиғат денелері мен құбылыстардың аттары, адамның кәсібін, тегін, мамандығын, қабілетін, қоныс-тұрағын білдіретін сөздер, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты айтылатын сөздер т.б. Зат есімнің түрленімі дейтін түсінік оның жекеше, көпше түрде қолданылу, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында қолданылу жүйесін қамтиды. Нақтылы лексикалық мағынасына орай зат есім сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы.



Әдебиет:

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2002.

Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1993.

Қазақ грамматикасы. А., 2002.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
Тақырыбы:Сын есім

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты

2. Сын есімнің мағыналық (семантикалық топтары)

3. Сын есімнің морфологиялық құрамы

4. Сапалық сын есімнің шырай категориясы

5. Сын есімнің заттану процесі

6. Адъективтену амалы

7. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі



Дәріс тезисі:

Сын есім – семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа, белгісін, түсін, көлемін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер. Сын есімнің басты белгілер:

- заттың түр-түсін білдіреді: Еділден ұшқан екі ақ қаз, Жайықтан ұшқан жалғыз қаз, Бірі – шаңқан, бірі – боз (Сейфуллин).

- заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: Абай мол, ауыр денесімен сыртына қарай бұрылды (Әуезов).

- заттың сапалық белгі, сипатын білдіреді: Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?! (Абай).

- заттың дәмі, иісі және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: Қалың құмның арасынан самарқауланып аққан… (Майлин).

- затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді:



Өрлетіп өрге нұрлы өмір, Жайнатты елдің райын (Жароков).

Әдебиет:

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2002.

Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1993.

Қазақ грамматикасы. А., 2002.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
Тақырыбы:Сан есім

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты

2. Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері

3. Сан есімнің мағыналық топтары

4. Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер

5. Сан есімнің сөйлемдегі атқаратын қызметі

6. Арифметикалық амалдардың тіркесу жолдары

Дәріс тезисі:

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. Тек Мағашты үш күндей оңаша алып отырып, арманын есітті (Әуезов). Қазақ тіліндегі барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп беруге болады. Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де орыс тілі арқылы енген.



Әдебиет:

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2002.

Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1993.

Қазақ грамматикасы. А., 2002.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
9.2. Практикалық сабақтар

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары олардың зерттелуі. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақ тіліндегі сөз таптарының зерттелу мәселесі

2. Сөз таптары, олардың жіктелуі, ғалымдар пікірі.

3. Зат есімнің лексика – грамматикалық сипаты

4. Адамзат есімдері, ғаламзат есімдері

5. Көмекші есімдер

6. Зат есімдердің құрылымы

7. Зат есімдердің жасалу тәсілдері

8. Зат есімнің түрлену жүйесі

Әдебиет:

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2002.

Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1993.

Қазақ грамматикасы. А., 2002.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
Тақырыбы: Есім сөз таптары. Зат есім, көмекші есім, сын есім, сан есім, есімдік.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Зат есім категориялары. Олардың грамматикалық қызметтері.

2. Көмекші есімдердің зат есімдермен белгілі қосымшалар арқылы тіркесіп қолданылатындығы.

3. Сын есімдердің морфологиялық белгілері, мағыналары, синтаксистік қызметі. Семантикалық. Грамматикалық сипаты.

4. Сан есімдердің лексикалық, грамматикалық сипаты, мағыналық топтары.

5. Есімдіктердің лексика-грамматикалық сипаты. Олардың басқа сөз таптарынан ерекшеліктері, түрлену формалары, сөйлемдегі синтаксистік қызметі.



Әдебиет:

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2002.

Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1993.

Қазақ грамматикасы. А., 2002.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
Тақырыбы: Үстеу. Еліктеу сөздер. Шылау. Одағай.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Негізі түбір, туынды түбір үстеулер.

2. Дара және күрделі үстеулер. Олардың түрлену жүйесінің жоқ екендігі.

3. Үстеудің (мағынасына қарай) түрлері: мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері. Олардың мағыналық ерекшеліктері, сұраулары.

4. Шылаулардың түрлері: жалғауылқтар, септеуліктер, демеуліктер. Олардың грамматикалық қызметі.

5. Жалғаулықтардың түрлері: ыңғайлас, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдар, шарттық жалғаулықтар.

6. Септеуліктердің екі сөзді байланыстыратындығы.

7. Демеуліктердің өздері тіркескен сөздерге түрлі қосымша рең (күшейткіш, болжал, болымсыздық, қомысыну, даралау, сұраулық т.б.) жүктейтіндігі.

8. Еліктеу сөздер, олардың айналадағы дыбыстар мен қимылдарға еліктеуден жасалатындығы.

9. Еліктеу сөздердің түрлері: еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер. Олардың фоно-морфологиялық сипаты. Дара және күрделі еліктеу сөздер. Еліктеу сөздердің түрленбейтіндігі.

10. Одағайлардың сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі. Одағайлардың түрлері: негізгі одағайлар, туынды одағайлар, көңіл-күйі одағайлары, ишарат оағайлары.

Әдебиет:

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2002.

Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1993.

Қазақ грамматикасы. А., 2002.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
9.3Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)

Тапсырма:Есім сөз таптары. Зат есімдер мен көмекші есімдер.Сын есімдер мен сан есімдер. Есімдіктер мен олардың мағыналық түрлері.

Әдістемелік нұсқау:

1.Берілген тақырыпқа қатысты кестелі-слайд сызу, сол бойынша мазмұндау.

2.Есім сөз таптарының әр түрінің лексика-семантиаклық, лексика-грамматикалық сипатына көркем әдебиеттен мысалдар теру, картотекаға түсіру, жасалу жолдарын көрсету.

3.Тақырыпты конспектілеу.



Әдебиет:

1. Қазақ грамматикасы. А., 2002.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

3. Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

4. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

6. Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы есімдер Алматы 2007
Тапсырма:Сын есімдер мен сан есімдер.

Әдістемелік нұсқау:

1. Берілген тақырыпқа қатысты кестелі-слайд сызу, сол бойынша мазмұндау.

2. Сан есім мен сын есімдерге көркем әдебиеттен мысалдар теру, жасалу жолдарын көрсету.

3.Тақырыпты конспектілеу.



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 166-207 –бб.


Тапсырма:Есімдіктер мен олардың мағыналық түрлері

Әдістемелік нұсқау:

1. Берілген тақырыпқа қатысты кестелі-слайд сызу, сол бойынша мазмұндау.

2. Есімдіктерге көркем әдебиеттен мысалдар теру, жасалу жолдарын көрсету.

3.Тақырыпты конспектілеу.



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 207-221 –бб.


Тапсырма:Етістік және оның түрлері

Әдістемелік нұсқау:

1. Берілген тақырыпқа қатысты кестелі-слайд сызу, сол бойынша мазмұндау.

2. Етістіктерге көркем әдебиеттен мысалдар теру, жасалу жолдарын көрсету.

3.Тақырыпты конспектілеу.



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 222-273 бб.


Тапсырма:Етістіктің таза грамматикалық категориялары

Әдістемелік нұсқау:

1.Берілген тақырыпқа қатысты кестелі-слайд сызу, сол бойынша мазмұндау.

2. Рай, жақ, шақ категориялардың жасалу жолдары мен мағыналық ерекшеліктеріне «Абай жолы» романы бойынша мысалдар теру, картотекаға түсіру, жасалу жолдарын көрсету.

3.Тақырыпты конспектілеу.



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 273-333 -бб.


Тапсырма:Үстеудің лексика‑грамматикалық ерекшелігі

Әдістемелік нұсқау:

1. Үстеулердің зерттелу тарихы.

2.Үстеудің синтаксистік ерекшеліктері мен сөйлемдегі атқаратын қызметі.

3.Үстеудің қабыса байланысуының грамматикалық табиғаты.

4.Күшейткіш үстеулер туралы пікірлер, қөзқарастар.

5.Үстеудің граамтикалық ерекшеліктері.

6.Еліктеу сөздерге библиография жасау.

7.Бір жазушының шығармасынын жиналған еліктеу сөздерге фонетика-морфологиялық және семантикалық талдау жасау.

8.Синтетикалық тәсілмен жасалған еліктеу сөздерді сөздіктерден жинап, классификация жасау.

Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.333-358-бб.


9.4 Студенттермен өзіндік жұмысы (СӨЖ)

Тапсырма:Шылау және оның түрлері

Әдістемелік нұсқау:

1. Көмекші сөздердің жалпы сипаттамасы

2. Шылаулардың ерекшелігі

3. Жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 358-378-бб.


Тапсырма:Одағай сөздер, олардың ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау:

1. Одағайдың жалпы сипаттамасы

2. Одағайдың түрлері

3. Одағайдың қызметі



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 378-382-бб.


Тапсырма:Еліктеу сөздер, олардың грамматикалық сипаты

Әдістемелік нұсқау:

1. Еліктеу сөздердің жалпы сипаттамасы

2. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты

3. Еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер

4. Еліктеуіш сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты

5. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 344-358-бб.


Тапсырма:Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары

Әдістемелік нұсқау:

1. Морфемалар туралы түсінік

2. Жұрнақтар, олардың жалпы сипаттамасы

3. Жұрнақтардың құрамы, мағыналық және қолданылу ерекшеліктері

4. Жалғаулар, олардың түрлері

Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 23-47-бб.


Тапсырма:Сөз және оның формалары

Әдістемелік нұсқау:

1. Сөз формалары

2. Сөздің негізгі түрлері

3. Жалаң сөздер

4. Күрделі сөздер және оларды топтастыру

5. Біріккен сөздер және кіріккен сөздер

6. Қос сөздер

7. Қысқарған сөздер



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 80-125-бб.


Тапсырма:Сөздің ішкі мағыналық және сыртқы дыбыстық жағы

Әдістемелік нұсқау:

1. Тілдің лексикасы мен грамматикалық құрылысының өзара қатынасы

2. Сөздің дыбыстық жағы

3. Сөздің мағынасы: лексикалық және грамматикалық мағынасы



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 5-10-бб.


Тапсырма:Жұрнақтар және олардың түрлері, ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау:

1. Жұрнақтардың жалпы сипаттамасы

2. Жұрнақтардың құрамы, мағыналары мен қолданылу ерекшеліктері

3. Зат есім тудыратын жұрнақтар

4. Сын есім тудыратын жұрнақтар

5. Етістік тудыратын жұрнақтар



Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 30-38, 150-162, 172-188-бб.


Тапсырма:Жалғаулар, олардың грамматикалық мағыналары

Әдістемелік нұсқау:

1. Көптік жалғау

2. Тәуелдік жалғау

3. Септік жалғау

4. Жіктік жалғау, жалғану жүйесі мен формалары, қолданылуындағы ерекшеліктер, қолданылмайтын жағдайлары

5. Жіктік жалғаулардың өзге жалғаулармен қабаттасуы

6. Жіктеу есімдігінің жіктелу ерекшеліктері

Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 39-78-бб.


Тапсырма:Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары

Әдістемелік нұсқау:

1. Грамматикалық ұғымдар туралы жалпы түсінік

2. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма

3. Грамматикалық категория

4. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері

Әдебиет:

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994. 12-23-бб.




10. МЕЖЕЛІК ЖӘНЕ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ
1 нұсқа

Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Грамматикалық мағынаның берілу тәсілі ұғымы

2) Грамматикалық мағынаның семантикалық тәсілмен берілуі

3) грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсілмен берілуі, оның жолдары



Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:

20-ғасырдың қазақтары неше түрлі қорлық көріп жүріп, көптеген асыл сөздері мен әдет ғұрпынан айырылатынын Ш.Ш.Уәлиханов сезген болуы керек, осы мәселелерді тасқа басқандай етіп жазып қалдырған.

2 нұсқа

1) Грамматикалық категория және оның сипаты мен түрлері

2) Сан- мөлшер категориясы

3) Тәуелдік категориясы



Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:

Үлкен кісілер әлі күнге дейін “қарым талды”, “қарымды сипа”, “қары ауырмағанның басы ауырмайды” деген сөздерді көп айтады.

3 нұсқа

1) Септік категориясы

2) Жақ категориясы

3) Етістік категориялары



Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:

Ертедегі және орта ғасырлардағы түркі тілдерінде қар әлде ғар термині қол және қанат мағынасын білдірген.

4 нұсқа

1) Грамматикалық мағынаның аналитикалық тәсілмен берілуі және оның жолдары

2) Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері мен тілдік деңгейлерге қатысы

3) Сөздің ішкі мағыналық және сыртқы дыбыстық жағы



Мәтіндегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:

Сондықтан бурунғар – әскердің оң қанаты, жоңғар – сол қанаты мағынасында айтылған.

5 нұсқа

1) Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы

2) Есім сөз таптары

3) Жалғаулар және олардың түрлері



Мәтіндегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:

Түрік сөзі ғар әлі күнге дейін монғолда қол мағынасында қолданылады. Ал қазақ елінде архаизмге айналып барады.


Қорытынды бақылау сұрақтары:

1-деңгей

  1. Жұрнақты зат есімдер туралы жазып беріңіз.

  2. Күрделі зат есімдер туралы жазып беріңіз.

  3. Субстантив зат есімдер туралы жазып беріңіз.

  4. Жұрнақты сын есімдер туралы жазып беріңіз.

  5. Күрделі сын есімдер туралы жазып беріңіз.

  6. Күрделі есептік сан атаулары туралы жазып беріңіз.

  7. Күрделі сандардың тірек сыңары туралы жазып беріңіз.

  8. Туынды түбір етістіктер туралы жазып беріңіз.

  9. Есім негізді туынды түбір етістіктер туралы жазып беріңіз.

  10. Етістік негізді туынды түбір етістіктер туралы жазып беріңіз.

  11. Күрделі етістіктер туралы жазып беріңіз.

  12. Күрделі етістіктердің тірек сыңары туралы жазып беріңіз.

  13. Күрделі етістіктердің ауыспалы сыңары туралы жазып беріңіз.

  14. Құранды етістіктер туралы жазып беріңіз.

  15. Грамматикалық мағынаның анықтамасын жазыңыз.

  16. Грамматикалық форманың анықтамасын жазыңыз.

  17. Грамматикалық категорияның анықтамасын жазыңыз.

  18. Зат есімнің анықтамасын жазыңыз.

  19. Адамзат және ғаламзат зат есімдер туралы жазып беріңіз.

  20. Жалпы және жалқы есімдер туралы жазып беріңіз.

  21. Көптік мәнді есімдер туралы жазып беріңіз.

  22. Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер туралы жазып беріңіз.

  23. Эмоция-экспрессия реңі бар зат есімдер туралы жазып беріңіз.

  24. Көмекші есімдер туралы жазып беріңіз.

  25. Сын есімдердің анықтамасын жазыңыз.

  26. Сапалық сын есімдер туралы жазып беріңіз.

  27. Қатыстық сын есімдер туралы жазып беріңіз

  28. Сан есімдердің анықтамасын жазыңыз.

  29. Есептік сан есімдер туралы жазып беріңіз.

  30. Реттік сан есімдер туралы жазып беріңіз.

  31. Жинақтық сан есімдер туралы жазып беріңіз.

  32. Топтау сан есімдері туралы жазып беріңіз.

  33. Болжалдық сан есімдер туралы жазып беріңіз.

  34. Бөлшектік сан есімдер туралы жазып беріңіз.

  35. Етістіктің анықтамасын жазыңыз.

  36. Амалдың өту сипаты категориясы туралы жазып беріңіз.

  37. Қимыл есімі туралы жазып беріңіз.

  38. Көсемше туралы жазып беріңіз.

  39. Есімше туралы жазып беріңіз.

  40. Үстеудің анықтамасын жазыңыз.

  41. Еліктеуіш сөздердің анықтамасын жазыңыз.

  42. Шылаудың анықтамасын жазыңыз.

  43. Одағайдың анықтамасын жазыңыз.

  44. Модаль сөздердің анықтамасын жазыңыз.


2-деңгей


  1. Түбір субстантив зат есімдер туралы түсінік беріңіз.

  2. Туынды субстантив зат есімдер туралы түсінік беріңіз.

  3. Күрделі субстантив зат есімдер туралы түсіндіріңіз.

  4. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері туралы түсінік беріңіз.

  5. Есептік сандар сөзжасамын түсіндіріңіз.

  6. Реттік сандар сөзжасамы туралы түсінік беріңіз.

  7. Жинақтық сандар сөзжасамы туралы түсінік беріңіз.

  8. Топтық сандар сөзжасамы туралы түсінік беріңіз.

  9. Болжалдық сандар сөзжасамы туралы түсінік беріңіз.

  10. Болжалдық сандардың синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы туралы түсіндіріңіз.

  11. Болжалдық сандардың аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы туралы түсіндіріңіз.

  12. Бөлшектік сандар сөзжасамы туралы түсіндіріңіз.

  13. Тарихи туынды түбірлер туралы түсіндіріңіз.

  14. Күрделене қосылған етіс жұрнақты туынды түбір етістіктер туралы түсіндіріңіз.

  15. Күрделі етістіктер құрылымы туралы түсінік беріңіз.

  16. Үстеулер сөзжасамы туралы түсіндіріңіз.

  17. Грамматикалық мағына және оның түрлері туралы түсіндіріңіз.

  18. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары туралы түсіндіріңіз.

  19. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері туралы түсіндіріңіз.

  20. Нөлдік форма туралы түсінік беріңіз.

  21. Грамматикалық категориялар туралы түсінік беріңіз.

  22. Сөздерді таптастыру принциптері және сөз таптары туралы түсіндіріңіз.

  23. Зат есімнің түрлену жүйесі туралы түсінік беріңіз.

  24. Сапалық сын есімнің шырай категориясы туралы түсінік беріңіз.

  25. Сын есімнің заттану процесі туралы түсінік беріңіз.

  26. Адъективтену амалы туралы түсінік беріңіз.

  27. Есімдіктердің түрлері туралы түсінік беріңіз.

  28. Сабақтылық-салттылық категориясы туралы түсінік беріңіз.

  29. Етіс категориясы туралы түсінік беріңіз.

  30. Рай категориясы туралы түсінік беріңіз.

  31. Шақ категориясы туралы түсінік беріңіз.

  32. Жақ категориясы туралы түсінік беріңіз.

  33. Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы туралы түсіндіріңіз.

  34. Үстеудің семантикалық топтары туралы түсінік беріңіз.

  35. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипатын түсіндіріңіз.

  36. Жалғаулықтар туралы түсінік беріңіз.

  37. Септеуліктер туралы түсінік беріңіз.

  38. Демеуліктер туралы түсінік беріңіз.

  39. Одағайлардың түрлері туралы түсінік беріңіз.

  40. Одағайлардың иағыналық ерекшеліктері туралы түсіндіріңіз.

  41. Одағайлардың грамматикалық ерекшеліктері туралы түсіндіріңіз.

  42. Одағайлардың құрамы туралы түсінік беріңіз.

  43. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері туралы түсіндіріңіз.

  44. Модаль сөздердің қалыптасу көздері туралы түсіндіріңіз.

  45. Модаль сөздердің семантикалық сипаты туралы түсіндіріңіз.

  46. Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері туралы түсіндіріңіз.


3-деңгей


  1. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай).

  2. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Зеңбірік снарядтары суға үсті-үстіне түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната бастады (Мүсірепов).

  3. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Ызғырық суық сұр бұлт аспанды тегіс қаптаған (Майлин).

  4. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Дулат деген еліңмін,Асуы жоқ беліңмін (Жамбыл).

  5. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Мен келем қара бұлтпенКеле жаумай ашылман (Махамбет).

  6. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Хан емессің, қасқырсың, ... қара шұбар жылансың (Махамбет).

  7. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Еділден ұшқан екі ақ қаз, Жайықтан ұшқан жалғыз қаз, Бірі – шаңқан, бірі боз (Сейфуллин).

  8. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Қия қызыл тастардың үстінен бір ағып мұзбалақ қыран әуелеп кетті (Сланов).

  9. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Абай мол, ауыр денесімен сыртына қарай бұрылды (Әуезов).

  10. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Тек Мағашты үш күндей оңаша алып отырып, арманын есітті (Әуезов).

  11. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер (Мақал).

  12. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. 14-15 жасында-ақ тамаша әншілігімен даңқы шыққан (Мағауин).

  13. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Мен өлсем де – өлемін жөніммененТәннен басқа немді алар өлім менен (Байтұрсынов).

  14. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды (Байтұрсынов).

  15. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Мен үшін сондай достың бірі сенсің (Исабеков)

  16. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Ғылым таппай мақтанба (Абай)

  17. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Филипп патша баласы ер көңілді (Абай).

  18. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Ғашықтық тілі – тілсіз тіл (Абай).

  19. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Биыл Абай он үшке толған еді (Әуезов).

  20. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Кейін баспай, ілгері бас (Шәкәрім).

  21. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Болады осындай қыз, некен-аяқ... Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста (Абай).

  22. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Дәл осы кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас қызыл қозы топ ете түсті (Әуезов).

  23. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Қасқыр тыпырлар жатқан қозыны көре сала, ырр етіп барып бас салды (Әуезов).

  24. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қанжоса болып дар-дар айырылды (Әуезов).

  25. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Наданның түсінгені көп пен дүрмек (Абай).

  26. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй (Абай).

  27. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Тракторға теңеу таппай, жұрт абыржып, аузына келгенін айтты: – Паһ-паһ! Күйше күркіреуін қарашы! (Мұстафин).

  28. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Алақай! Ата! Апа! Ербосындар келіп қалды! Соғыс бітті (Сланов).

  29. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Қарала сырмақтың иесін де білем, ақ киіздің, бәтес көйлектің қайдан шыққанын да білем (Аймауытов).

  30. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Осыны өздеріне қолайсыз көреді білем (Аймауытов).


11. КУРС БОЙЫНША ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
Негізгі әдебиеттер/ материалдар

  1. Сыздықова, Г.О. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы: оқулық / Г. О. Сыздықова. - Алматы : ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012. - 160 б.

  2. Оралбай, Н. Қазақ тілінің сөзжасамы: оқулық / Н. Оралбай, К. Құрманәлиев, Ж. Балтабаева. - Алматы : Інжу-Маржан баспаханасы, 2014. - 290 бет.

Қосымша әдебиеттер/ материалдар

  1. Қазақ тілі: Фонетика. Лексика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис: анықтамалық. - Алматы, 2004 ; Алматы, 2008. - 120 б.

  2. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Морфология: Оқулық/ С.М. Исаев. - 3-ш! бас. - Алматы: Онер, 2007. - 340 бет.

  3. Оралбай, Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы : оқулық / Н. Оралбай. - Алматы : ЖШС "Інжу-Маржан", 2007. - 390 б.

  4. Оралбай Н. Казак т!л!н!н созжасамы: Окулык/ Н. Оралбай. - Алматы, 2002. - 213 бет.

  5. Қазақ тілі. Сөзжасам. Морфология : оқу құралы / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : Арыс, 2004. - 176 б.

  6. Салқынбай, А. Қазақ тілі сөзжасамы / А. Салқынбай. - Алматы : Қазақ университеті, 2007. - 192 б.

  7. Сарбалаев, Ж. Сөзжасам мәселелері : оқу құралы / Ж. Сарбалаев. - Алматы : Арыс, 2002. - 152 бет.

  8. Жүнісова, М. Қазіргі қазақ тілі : оқу құралы / М. Жүнісова. - Алматы : ЖШС Шұғыла, 2008. - 274 бет


Электронды ресурстар:

http://engime.org/penni-ou-edistemelik-keshenini.html

http://dereksiz.org/jmis-bafdarlamasi-derister-konspektisi-praktikali-jene-seminar.html
12. БАҒАЛАУ

Студенттердің оқу жетістіктері 100 балдық (%) шкала бойынша бағаланады






Ағымдық бақылау түрлері

Балл саны (15 апта)

І межелік бақылау-80 балл,

ІІ межелік бақылау-70 балл

Ескерту

1

Дәріс сабақтары бойынша

Online режимі

оffline режимі

2 балл-1 апта үшін

8 апта - max.16 балл

7 апта- max.14 балл

8 апта - max.16 балл

7 апта- max.14 балл

Оnline  режимдегі дәрістер сабақ кестесіне жәнеСилабустағы тақырыптық жоспарға сай өткізіледі, сәйкесінше бағаланады;

оffline режимде білім алушылардың оқу жетістіктері «Univer» порталына (мүмкіндік шектеулі болған жағдайда электронды пошта қолданылады) жіберілген дәріс сабақтары бойынша орындаған тапсырмалары арқылы бағаланады

1.1 Бейнедәріске қатысуы

0-4 балл

0-7 балл







1.2 Бейнедәрістегі белсенділігі (сұрақ, блиц-сауалдар, пікірталас)

0-12 балл

0-7 балл

-




1.1 YouTube каналында жазылған бейнедәрістер негізінде жазбаша дәріс конспектісін құруы және «Univer» платформасына жүктеуі

-




0-4 балл

0-7 балл

1.2 Дәріс сұрақтары бойынша жазба жұмыстарын (тест тапсырмалары, эссе, сөздік, глоссарий, кесте және т.б.) орындауы

-




0-12 балл

0-7 балл

2

Практикалық /семинар/, зертханалық сабақтар бойынша

8 апта - max.24 балл

7 апта- max.21 балл

3 балл-1 апта үшін

1.1 Сабақ кестесіне сәйкес бейнесабақтарға қатысуы

8 апта - 0-8 балл

Тапсырмалар пән ерекшелігіне байланысты Силлабуста көрсетілген тақырыптарды қамтиды және сабақтар online режимінде сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі

7 апта 0-7 балл

1.2 Практикалық /семинар/, зертханалық сабақтар тапсырмаларын орындауы және белсенді қатысуы

8 апта - 0-16 балл

7 апта 0-14 балл

3

Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзбетіндік жұмыстары (ОСӨЖ)

8 апта - max.20 балл

(2,5 балл - 1 апта үшін)



Сабақ кестесі бойынша оқытушымен байланыста орындалады, кері байланыс «Univer» платформасы арқылы жүзеге асырылады (мүмкіндік шектеулі болған жағдайда электронды пошта қолданылады)

7 апта- max.21 балл

(3 балл - 1 апта үшін)




3.1 ОСӨЖ тапсырмаларын кестеге сай орындауы және «Univer» платформасы жүктеуі

8 апта - 0-8 балл


7 апта – 0-7 балл

3.2 ОСӨЖ тапсырмаларын қорғау және таныстыру/ презентация жүктеу

8 апта - 0-12 балл


7 апта – 0-14 балл

4

Студенттердің өзбетіндік жұмыстары (СӨЖ)

8 апта - max.20 балл

(2,5 балл - 1 апта үшін



Студенттердің өзбетіндік жұмыстары бойынша тапсырмаларды тексеру, кері байланыс «Univer» платформасы (мүмкіндік шектеулі болған жағдайда электронды пошта қолданылады) арқылы жүзеге асырылады

7 апта- max.14 балл

(2 балл - 1 апта үшін)



4.1 СӨЖ тапсырмаларын кестеге сай орындауы және «Univer» платформасы жүктеуі

8 апта - 0-8 балл


7 апта- 0-7 балл

4.2 Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеті (конспект жазу, әдебиет тізімін жасақтау, жоспары, логикалық ойлары, дәлелдері, қорытындысы және т.б.)

8 апта - 0-12 балл


7 апта- 0-7 балл

5

Межелік бақылау

20 /30

8 –ші, 15-ші апталар

6

Аралық бақылау (емтихан)

100

Емтихан кестесіне сәйкес


13. КУРС САЯСАТЫ

Курс саясаты әкімшілік талаптар мен академиялық адалдық принциптерінен тұрады.



  • әкімшілік талаптар:

  • пән бойынша білімді толық көлемде игеру;

  • ББ бойынша құзыреттіліктерді меңгеру;

  • оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарау;

  • силлабуста көрсетілген тапсырмаларды «өзбетінше» өзгертпеу және көрсетілген талаптарды сақтау;

  • сабақ кестесіне сәйкес онлайн және оффлайн режимдерінде оқытуға қатысу;

  • пән бойынша контент түрлерін тиімді қолдану, мысалы тақырыптар бойынша жазылған бейнедәрістерді YouTube каналынан тұрақты тыңдау, тапсырмалар, блиц-сауалдар және т.б.;

  • пәнді өткізу үшін қажетті ақпараттық (техникалық) құралдармен жұмыс жасау дағдысын меңгеру және техникалық талаптарды сақтау;

  • СӨЖ тапсырмаларын оқытушының жеке кестесінде көрсетілген мерзімде орындау және пән оқытушысымен кері байланыста болу;

  • бақылау тапсырмаларын (межелік, аралық бақылау) бекітілген мерзімде орындау ( дәлелді себептерден басқа жағдайда);

  • университет, кафедра мүлкіне жауапкершілікпен қарау;

  • университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

  • кафедра, факультет, университет жұмыстарына белсенді қатысу.



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің

«Академиялық адалдық Кодексінен»

КӨШІРМЕ

  • сапалы білім алу;

  • онлайн режиміндегі сабаққа тұрақты қатысу және электрондық платформаларды («ZOOM» «MOODLE» және т.б.) бекітілген кестеге сәйкес қолдану;

  • оқытушының силлабуста көрсетілген талаптарын орындау;

  • тапсырманың барлық түрлерін (ОСӨЖ, диплом жобасы және т.б.) өз бетінше орындау және көрсетілген мерзімде оқытушыға ұсыну;

  • ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде шпаргалка, ұялы телефондарды қолданбау;

  • оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде автордың атын көрсетіп түрлі деректерді пайдалану, пайдаланылған деректер тізімін жұмыс соңында көрсету;

  • ақпаратты шынайы және сенімді көздерден алу;

  • өзінің орындаған жұмысын басқа білім алушыға ұсынбау;

  • жеке, туыстық және қызметтік қарым-қатынастарды пайдалану арқылы оқытушыға және әкімшілікке пара ұсынбау.


ЕСКЕРТУ! Курс саясаты университет үшін ортақ.

1 Қосымша

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптікжүйебойыншабағалар

Балдардыңсандықэквиваленті

Балдар (%-тікқұрамы)

Дәстүрліжүйебойыншабағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет