Тақырыбы: Қазақстанның сыртқы саудадағы орны мен ролі. Валюта нарығы
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Тіркелген және құбылмалы айырбас бағамы тұсындағы ашық экономикадағы теңдестік
2. Фискалдық және монетарлық саясаттың шығарылым мен айырбас бағамына ықпалы.
3. Сыртқы сауда теориясы
4. Сыртқы сауда саясатының құралдары
Дәріс тезисі:
Номиналды валюта курсы – бұл екі елдің бір валюталарының салыстырмалы бағасы, яғни бір валютаның басқа валюта бірлігінде көрсетілген бағасы. "Валюталық айырбас курсы" ұғымы осы номиналды валюта курсын белгілеу үшін қолданылады.
Икемді (өзгермелі, құбылмалы) валюта курстары тұсында айырбас курсы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың еркін ауытқуы нәтижесіндегі валютаның теңдестік бағасы ретінде қалыптасады.
Тұрақты (тіркелген) валюта курсының кезінде ұлттық валюта курсын ОБ белгілейді. Ол кез-келген көлемдегі шетел валютасын белгіленген курс бойынша сату және сатып алу міндеттемесін өз мойнына алады. әдетте, ОБ макроэкономикалық тұрақтандыруды көздеу мақсатында ұлттық валюта курсының еркін ауытқу шектерін белгілейді. Егер валюта бағасы осы шектердің жоғарғы немесе төменгі шекараларына жақындаса, ОБ интервенция жургізеді.
Құбылмалы валюта курсы кезінде шетел валютасы бағасының өзгеруі валютаның құнсыздануы (арзандауы) немесе валютаның қымбаттауы деп аталады.
Икемді валюта курсы тұсында валютаның басқа валютамен берілген бағасы төмендесе, валюта арзандайды. Ал, керісінше, валютаның басқа валютамен берілген бағасы көтерілсе, валюта қымбаттайды. Бұл процестер тұрақты курс жүйесінде сәйкесінше, девальвация және ревальвация деп аталады.
Нақты валюта курсы – екі елде өндірілген тауарлардың салыстармалы бағасы. Номиналды және нақты валюта курстаының арасында байланыс бар.
Шетел валютасының курсы төмендегі жағдайлар орын алғанда өседі: елдегі ақша ұсынымының ("ішкі" ақша массасы) артуы; шетелдегі ақша ұсынысының азаюы; шетелдегі нақты ЖІӨ-нің төмендеуі; шетелдегі пайыздық ставкасының өсуі; елдегі пайыздық ставканың төмендеуі; елдегі күтілген инфляцияның көтерілуі; шетелдегі күтілген инфляцияның төмендеуі;елдегі сауда балансы мен ағымдық операциялар есебі жағдайының төмендеуі.
Макроэкономикада шағын ашық экономика деген ұғым бар. Шағын ашық экономика жағдайында ішкі нарықтық пайыздық ставка орташа дүниежүзілік деңгеймен анықталады, ал капиталдың мобильділігі жоғары болады. Мұндай экономика тұсында ішкі фискалдық экспансия нақты валюта курсының өсуіне әкеледі.
Валюталық бақылау – бұл ел мен шетел арасындағы мәмілені үкіметтің бақылауы. Үкімет резиденттердің айырбастауды шектеуі мүмкін. Бұл кезде валютаның ресми валюта курсын өзгертуі міндет емес.
Халықаралық еңбек бөлінісідегеніміз – елдер мен аймақтардың нарықтық айырбасқа негізделген белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндірісінде мамандануы. Ол алғашында табиғи және географиялық артықшылықтардың негізінде қалыптасты.
Сауда саясаты – бұл салық, субсидия импорт пен экспортты тікелей шектеу арқылы жүргізілетін үкіметтің бюджет – салық саясатының бір бағыты. Көп экономисттер сыртқы сауданы ырықсыздандыру жағында, олардың пікірінше саудалық шектеулер тек қана қысқа мерзімдік сипатқа ие, ұзақ мерзімде тек еркін сауда ғана экономикалық ресурстарды ұтымды орналастырып, пайдалануға ықпал етеді. Дегенмен, еркін сауданың жолында үлкен кедергілер бар. Оларға квота, тариф, экспорттық – импорттық шектеу тағыда сол сияқтылар жатады.
Демпинг – бұл импорттық өнімді импорттаушы елдегі ішкі бағадан төмен бағамен сату. Демпинг, әдетте, циклдік құлдырау кезінде қолданылады. Сала өзі өндірген өнімді отандық сұраныстың кеміп кетуіне байланысты ішкі нарықта сата алады.
Протекционизм – ұлттық экономиканы ынталандыру және оны сыртқы бәсекеден қорғау мақсатында жүргізілетін шаралар
Протенционизмнің артықшылығы: мемлекеттік қауіпсіздікті қолдау (металлургия, ауыл шаруашылығы ), жоғарғы өмір сүру деңгейі мен жоғарғы жалақы деңгейін сақтау, ұлттық республиканың жұмысбастылық деңгейінің артуы, әділетсіз бәсекеден сақтану.
Протенционизмнің кемшілігі: кәсіпкерлік инициативаның дамуына қажетті дүниежүзілік нарық ықпалын әлсіретеді, тұтынушылар артық баға арқылыкөп шығынданады, халықаралық шиеленісуді тудырады.
Еркін сауда артықшылығы:саудалаушы ұлттық байлығын дамытады: халықаралық өндірісті мамандандырады, бәсекені дамытады, нарықты кеңітеді, өндіріс ресурстарын елдер арасында тиімді бөлуге жағдай жасайды.
Әдебиет
1.Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.
2.Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф./переизд. и доп. – М.:Маркет ДС., 2013. - 416 с.
3.Сборникбизнес-кейсов. – Алматы: Almaty Management University, 2015. – 149 с.
4.Серегина С.Ф. Макроэкономика. Сборник задач и упражнений. Учебное пособие для академическогобакалавриата. / 2-изд.-М.:Юрайт, 2015. -174с.
5.Леусский А.Н., Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Макроэкономика. Учебник и практикум для академическогобакалавриата.-М.:Юрайт, 2015. -527с.
Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).
Достарыңызбен бөлісу: |