Тақырыбы: Макроэкономикалық теңдестіктің қалыптасуы
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар
2. Қысқа және ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныс модельдері
3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдестігі
4. Мемлекеттің тұрақтандыру саясаты.
Дәріс тезисі:
Жиынтық сұраныс- бұл тұтынушының, кәсіпорынның және үкіметтің кез-келген баға деңгейінде сатып алуға дайын тауарлары мен қызметтерінің көлемі.
Жиынтық сұранысты құрайтын құрауыштар: тауарлар мен қызметтерге деген жеке тұтынушылар сұранысы (С), фирмалардың инвестициялық сұранысы (І), мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары немесе мемлекеттің сұранысы (G), таза экспорт (Хn).
Жиынтық сұраныс қисығының нышаны (теріс көлбеулілігі) төмендегі әсерлермен байланысты: пайыздық ставка әсері, нақты байлық әсерінемесе нақты кассалық қалдықтар әсері, импорттық тауарлар мен қызметтерді сатып алу әсері.
Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары:
тұтыну шығындарындағы өзгерістер, инвестициялық шығындардың өзгеруі, мемлекеттік шығындардағы өзгерістер, таза экспорт көлеміндегі шығындар өзгерісі
Жиынтық ұсыныс- бұл мүмкін болатын әр баға деңгейі тұсында нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.
Экономикада үш түрлі жағдай болуы мүмкін:толық емес жұмысбастылық жағдай;
толық жұмысбастылыққа жақын жағдай; толық жұмысбастылық жағдайы.
Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады: жиынтық ұсыныстың горизонтальді немесе кейнстік бөлігі; жиынтық ұсыныстың аралық бөлігі; жиынтық ұсыныстың вертикальді немесе классикалық бөлігі.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арақатынасы (AD-AS моделіндегі) берілген баға тұсындағы ұлттық табыс көлемінің сипаттамасын, ал жалпы алғанда, қоғам деңгейіндегі тепе-теңдікті береді.
Макроэкономикалық теңсіздік сыртқы ықпалдар - экономикалық толқулар немесе сілкіністер нәтижесіндегі жиынтық сұраныстың немесе жиынтық ұсыныстың өзгеруі салдарынан басталады. Сілкіністерді «залалсыздандыру» мен экономикадағы ауытқуларды жоюға бағытталған макроэкономикалық саясат тұрақтандыру саясаты деп аталады.
Сілкініс – бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруі. Жиынтық сұраныс тарапынан сілкініс ақша ұсынысы мен оның айналыс жылдамдығының әсерінен болуы мүмкін. Ал, жиынтық ұсыныс тарапынан сілкініс ресурстар бағасының өзгеруінен, стихиялық апаттар салдарынан болады. Сілкініс жағымды немесе жағымсыз нышанда болуы мүмкін. Жиынтық ұсыныстың жағымды сілкінісі тұсында баға төмендеп, жалпы ішкі өнім (өндіріс) артады.
Әдебиет
Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.
Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф./переизд. и доп. – М.:Маркет ДС., 2013. - 416 с.
Сборникбизнес-кейсов. – Алматы: Almaty Management University, 2015. – 149 с.
Серегина С.Ф. Макроэкономика. Сборник задач и упражнений. Учебное пособие для академическогобакалавриата. / 2-изд.-М.:Юрайт, 2015. -174с.
Леусский А.Н., Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Макроэкономика. Учебник и практикум для академическогобакалавриата.-М.:Юрайт, 2015. -527с.
Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).
Достарыңызбен бөлісу: |