Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры: 7М01701 Қазақ тілі және әдебиеті



бет2/19
Дата07.01.2022
өлшемі3,73 Mb.
#20960
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Сөз жоқ, «Сатира мен юмор – күштілер қаруы, тәрбие құралы». Шона Смаханұлы - сатира мен юмордың ішкі бөліктері: мысал-сықақтар мен шымшыма-шаншымаларға қаламын өткір ұштап, ұтқыр да өрнекті ой, ұтымды Һәм тапқырлыққа толы сөз жүйесін айшықты-нақышты қалыпта жеткізіп, негізгі нысанды дәл де нақты айқындап, бедерлі бейнені анық-қанық көрсетіп, бар қырынан жарқырата жеткізе білген қаламгер.

 

Жасынан өжет, бірбет болып өскен Ш.Смаханұлы ауыл-елде жүргенде ағайын-туысқа, құрдас-көршіге алуан үлгіде өлеңнен алқа тағып, «ақын бала» атанады. Көзіне-көңіліне ұнамаған қайсыбір құбылыс-көріністерді, кеудесімен көкті, танауымен тауды тіреген әкім-қараларды, желіккен жеңгейлер мен желпінген бозбала-бойжеткендерді өлең өрімімен өрнектеп, оның өзін көбіне әзіл-әжуаға айналдырып, сын-сықақпен мінеп, шымшыма-шаншымамен түйреп жүрген кездері көп болады. Ауыл-елде сын-сықақ жазып, «шатақ Шақар» атанатыны да осы тұс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет