Сыртқы келістіру мемлекеттік немесе жергілікті бақылауды жүзеге асыратын ұйымдармен, сонымен қатар тапсырушылармен немесе клиенттермен өткізіледі.
Ішкі келістіру бақылау қызметтеріне ие ұйым мамандарының күшімен өткізіледі. Ұйым үшін ішкі келістіру процедурасы визирлеу деп аталады.
Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:
1) басқарушылық шешімдерді келістіруге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) құжатта келістірудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу;
3) келістірудің жалпы актін құжатпен ресімдеу.
Басқарушылық шешімдерді қабылдау процедурасы. Басқарушылық шешімдерді қабылдау (таңдау) кезеңі ұсынылған нұсқалар ішінен іске асыру үшін бір басқарушылық шешімді таңдауды білдіреді. Берілген процедураға жауапкершілік толығымен басқарушыға беріледі.
Бұл процедура үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:
1) басқарушылық шешімдер нұсқаларында шешімнің өзіне және бұрын іске асырылған шешімге қайшылықтардың жоқтыған құжатпен дәлелдеу;
2) басқарушылық шешімдерді таңдау үшін критерийлер жиынтығын, сонымен қатар атауларын, олардың параметрлерінің сандық немесе сапалық мәндерін құжатпен ресімдеу;
3) басқарушылық шешімдер параметрлерінің критерийлер параметрлерінен ауытқуын құжатпен тіркеу;
4) күнді, жауапты тұлғаларды, бар ескертулерді көрсетумен басқарушылық шешімдерді қабылдау процедурасын құжатпен ресімдеу.
Басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы.Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:
1) басқарушылық шешімдерді бекітуге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) құжатта бекітудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу;
3) бекітудің жалпы актін құжатпен ресімдеу.