Білім беру бағдарламасының бағыты 7M017- тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау



бет3/5
Дата27.03.2023
өлшемі37,7 Kb.
#76430
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жұмыстың өзектілігі:Бұл ғылыми-әдістемелік әзірлемеде: тіл мәдениетін қалыптастыру, әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті іскерлік-дағдыларын қалыптастыру; оқыту технологияларының маңызы; Ж.А.Қараевтің деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының ұтымды жақтары; ақпараттық коммуникативтік технологияларын басшылыққа ала отырып, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түсіну әрекеттерін жетілдіру;ережелерді тұжырымдай білу; ұтымды қолдана білу; шығармашылық қабілеттерін арттыру; пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік, танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша отырып, алған білімдерін практикалық іскерлік-дағдыға айналдыру


«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту мақсатымен мәселені жүзеге асырудағы іс-тәжірибемді ұсынамын.
Зерттеу мақсаты:
Оқушылардың тілін дамыту;
•Оқушының тілдік сауаттылығын арттыру, әдеби тіл нормаларын меңгерту;
• Ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің талаптарына сай дағдыларды жетілдіру;
• Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
• Тілдің қоғамдық маңызын түсіндіру, ана тілінің бүгінігі таңдағы әлеуметтік рөлін, оның басқа тілдермен өзара байланысын, теңдігі мен бірлігін ұғындыру;
• Тілідік құбылыстарды абстрактылауды және жинақтауды үйрету, таным белсенділігін күшейту.
Бұл мақсаттарға жету үшін, оқушы қазақша жақсы түсініп, дұрыс сөйлеу үшін, сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрауға , яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуді жоспарлаймын.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз.
Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиялардың элементтерімен қатар ақпараттық технологияны да қолданып жүрмін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет