Процесстің химизмі:
8 К MnO4 + 3Na2 S2O3 + H2O→8MnO2 + 3К2SO4+2KOH+3Na2SO4
Қою-қызыл марганец диоксидінің золі пайда болады. Мицелла формуласын жазу (стабилизатор КМnО4)
7 тәжірибе.Адсорбциялық пептизация әдісімен темір (III) гидроксиді золін алу.
Жұмыстың орындалуы. Пробиркаға 3-5 мл темір (III) хлориді ерітіндісін құйып, оған тамшылатып аммоний гидроксиді ерітіндісін толық тұнба түскенше қосу. Пайда болған тұнбаны фильтрлеп және дистилденген сумен бірнеше рет аммиак иісі кеткенше жуу керек. Сосын тұнбасы бар воронканы таза пробиркаға салып, 3-5 мл темір (III) хлориді ерітіндісін қосу. Фильтр арқылы мөлдір қызыл-қоңыр темір (III) гидроксиді золі өтеді.
Процесстің химизмі:
Fe Cl3+3NH 4OH → Fe(OH) 3 + 3NH4Cl
FeCl3 « Fe 3+ +3Cl-
{ m[Fe(OH)3] n Fe 3+ 3(n-x) Cl +} 3xCl-
Зертханалық жұмыс № 14. Темір гидоксиді гидролизінің ұю табалдырығын зерттеу, қорғау санын анықтау.
Жұмыстың мақсаты:Конденсациялық әдіспен темір гидроксиді гидрозолінің синтезі. Зольдің электролиттік коагуляциясының табалдырығын анықтау. Тұрақтандырғыштың қорғаныштық санын анықтау (жоғары молекулалы қосылыстар).
Аспаптар мен ыдыстар:сыйымдылығы 300 мл колба, пипеткалар, пробиркалар - 10 мл - 20 дана, 100 мл стакан, электр плитасы.
Реактивтер: темір хлоридінің 2 пайыздық ерітіндісі, 0,001Н натрий сульфатының ерітіндісі, 0,12% желатин ерітіндісі, таза су.
Жұмыстың орындалу реті: Темір гидроксиді гидрозолін конденсация әдісімен темір хлориді гидролизі реакциясын 1000С-да жүргізу арқылы алады:
FeCl3гидролизінің реакциясы жоғары дисперсті суда ерімейтін Fe(ОН)3 түзілуіменқарқынды жүреді.Ерімейтін бөлік, коллоидты бөлшектіңагрегатын құрайды, ол реакция кезінде алынатын тұзқышқылының Ғе(0Н)3 тұнбасына әсері нәтижесінде түзілетінҒеОСІ аралық қосылысы көмегімен тұрақталынады:
Гидрофобты зольмицелласы электронейтралды. Ионмен тұрақталатын темір гидроксиді золінің мицелласыныңформуласын келесі түрде жазуға болады:
}
Агрегат потенциалды адсорбциялық диффузиялық
анықтаушы қабаттағы кері қабаттағы кері
иондар иондар иондар
ядро
Адсорбциялық қабат
Диффузиялық қабат
Темір гидроксиді гидрозолінің мицелласы
Оны алу үшін, сыйымдылығы 300 мл колбаға 250 мл таза суды (дистилденген) құйып, электр плитасында қыздырып қайнатады да оған шамамен 10 мл темір хлоридінің ерітіндісін ақырын, тамшылата қосады. Нәтижесінде түзілген қою қызыл-қоңыр түсті золь ерітіндісін қалыпты, яғни бөлме температурасына дейін салқындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |