Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған vk fkh 2207 Физколлоидтық химия пәні бойынша Алматы, 2022 ж


тәжірибе. Темір гидроксиді золін алу (гидролиз реакциясы)



бет15/17
Дата26.11.2023
өлшемі255,57 Kb.
#128339
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Зертханалық сабақ ФКХ каз ТПП ТПерП ТППЖ ТиПО

3 тәжірибе. Темір гидроксиді золін алу (гидролиз реакциясы)

Жұмыстың орындалуы. Түбі тегіс колбада 95 мл дистилденген суды қайнағанша қыздырады. Колбаны алмай плитканы өшіріп, пипеткамен қайнап тұрған суға 5 мл 2%-тік темір хлориді ерітіндісін аздап ағызады. FeОCl –мен тұрақталған қызыл-қоңыр түсті темір гидроксиді золі пайда болады. Золь түскен жарықта өте мөлдір болуы тиіс. Зольдің түсін бастапқы темір хлориді ерітіндісімен салыстырыңдар.
Процесстің химизмі:
FeCl3 + 3H2O→ Fe(OH)3¯ +3HCl
Fe(OH)3 + HCl→ FeOCl +2H2O
FeOCl«FeO+ +Cl-
{m[Fe(OH)3]nFeO+ (n-x)Cl-} + xCl-

4 тәжірибе.Темір-көкродийлі мыс (II) гексацианоферратызолін алу (екіншілей (қосарлана) алмасу реакциясы)

Жұмыстың орындалуы. 20 мл 0,1%-тік K4[Fe(CN)]6ерітіндісіне 1 мл 1%-тікCuSO4ерітіндісін қосамыз, алынған золь қоңыр-қызыл түсті болады.
Процесстіңхимизмі:
CuSO4+ K4[Fe(CN)]6→Cu2 [Fe(СN)6]¯+ 2K2SO4
CuSO4 «Cu2+ +SO42-
{m [Cu2[Fe(СN)6]] n Cu2+(n-x) SO4 2-} xSO4 2-
CuSO4 артығымен емес,K4[Fe(CN)]6артығымен алынған болса мицелла формуласын жазу.


5 тәжірибе.Берлин лазурі золін алу (екіншілей (қосарлана) алмасу реакциясы)

Жұмыстың орындалуы. Пробиркаға 2-3 мл темір (III) хлориді ерітіндісін құяды және оған араластыра отырып 1-2 тамшы калий (II) гексацианоферраты ерітіндісі тамшысын қосады. Жасыл түсті берлин лазурі золінің пайда болғанын бақылау.
Процесстің химизмі:
4 Fe Cl3+3 K4[Fe(CN)]6 → Fe4[Fe(СN)6] 3 +12КCl
FeCl3« Fe3+ + 3Cl-
{m [Fe4 [Fe(СN)6] 3] n Fe3+ 3(n-x) Cl-] +}3хCl-

Пробиркаға 2-3 млкалий (II) гексацианоферраты ерітіндісін құю, оған араластыра отырып 1-2мл темір (III)хлоридін қосу керек. Қою-көк түсті берлин лазурі пайда болады. Бұл компоненттердің қатынастары өзгергенде коллоидты бөлшектердің заряд белгісі өзгеретіндігімен түсіндіріледі.
Процесстің химизмі:
4 Fe Cl3+3 K4[Fe(CN)]6 → Fe4[Fe(СN)6] 3 +12КCl
К4[Fe(СN)6] « 4К+ + [Fe(СN)6]4-
{ m [Fe4[Fe(СN)6]3] nFe(СN)64- 4(n-x) K+} 4xK+

6 тәжірибе.Марганец диоксиді золін алу (тотықсыздандыру реакциясы)

Жұмыстың орындалуы. Түбі тегіс колбаға5 мл 1,5%-тік калийперманганаты ерітіндісін құяды және 50 мл дистилденген сумен сұйылтады. Сосын колбаға тамшылатып 1,5-2,0 мл 1%-тік натрий тиосульфаты ерітіндісін қосады. Калий перманганаты марганец диоксидіне дейін натрий тиосульфатымен тотықсызданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет