Білім беру бағдарламасының КӘсіптік практика бағдарламасы шымкент 2022


Білім беру бағдарламасының құндылықтары



бет3/8
Дата04.05.2023
өлшемі52,84 Kb.
#89984
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Білім беру бағдарламасының құндылықтары
ББ мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:

  • қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

  • құрмет;

  • ынтымақтастық;

  • ашықтық.


    1. Кәсіптік практиканың мақсаты мен міндеттері, оқу нәтижесі

1.2.1 Педагогикалық практика
Мақсаты- оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуді және тереңдетуді, зерттеу қызметінің алғашқы дағдыларына ие болуды, іскерлік хат алмасуды жүргізуді машықтарды қамтитын бастапқы кәсіби құзыреттерді игеру, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің негізін меңгеру, жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиетін, психологиялық -педагогикалық іскерлікті дамыту, болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауды жетілдіру.
Міндеті:
-студенттердің жоғары оқу орнында алған білімдерін, іскерлік, дағдыларын кәсіби іс-әрекетінде өздігінше пайдалана білу;
- заманауи білім бері технологиялары бойынша оқу формалары мен әдістерін қолдану;
- педагогикалық қызметтің формаларын, құралдарын және әдістерін үйрену;
- студент-практиканттың мұғалімнің оқу-тәрбие қызметінің жүйесі мен мазмұнын зерделеу;
- студенттердің психологиялық-педагогикалық білімдерін кеңейту және бекіту және осы мақсатқа сәйкес педагогикалық шеберлік пен дағдыны қалыптастыру;
- студенттерде оқытушылардың педагогикалық қызметін және студенттердің іс әрекетін байқау, оны талдау шеберлігін қалыптастыру және практика кезіндегі оқу-тәрбие жұмысына өзіндік талдау жүргізу;
Оқу нәтижесі:
- оқу-тәрбиелік жағдайды талдай алады;
- педагогикалық мәселені айқындау және шеше алады;
- студенттердің жоғары оқу орнында алған білімдерін, іскерлік, дағдыларын кәсіби іс-әрекетінде өздігінше пайдалана біледі;
- педагогикалық қызметтің формаларын, құралдарын және әдістерін үйренеді;
Практика барысында магистрант төмендегі жұмыстарды орындайды:
1. Магистранттардың практика жетекшісінің жеке кеңес беруі.
2. Оқу орнына бару және практиканы жоспарлау (практика жоспары).
материалды іріктеу (оқу жоспарымен танысу және жұмыс көлемін анықтау).
4. Құжаттармен жұмыс жасау, аналитикалық ақпараттарды дайындау және құжаттарды талдау үшін материалдар дайындау (нормативтік базаны зерделеу нәтижелері бойынша аналитикалық материалдар).
5. Практика жетекшісімен қателіктер мен кемшіліктерді талқылау.
6. Оқытушымен практика нәтижелерін талқылау және практика есептерін дайындау.
Магистрант мынадай жұмыстарды жүргізеді:
- оқу жұмысы (курстың жетекші оқытушылары мен әріптес магистранттар сабақтарына қатысуы (кем дегенде 4 сабақ), сабақты жоспарлау және өткізу, оның ішінде 4 бақылау сабағы (2 дәріс, 2 практикалық, 2 СӨЖ);
- пән бойынша сабақтан тыс жұмыстар, көрнекі құралдарды жасау, кабинеттің жабдықталуына қатысу;
-кафедраның оқытушыларымен бірлесіп әдістемелік жұмыс (кафедраның әдістемелік кеңестеріне, секциялардың отырыстарына, профессорлық-оқытушылық құрамының кеңестеріне, магистранттарды және оқытушыларды талқылауға және талдауға, кафедраның оқу жоспарларына, оқу жоспарына, пән бойынша оқу жоспарына, кафедраның жұмыс жоспарына талдау жасау;
- студенттермен сабақтан тыс жұмыс (психологиялық-педагогикалық зерттеу, студенттік топқа арналған мінездеме жазу, бір тәрбиелік іс-шара дайындау және өткізу, жатақханаға бару, жеке кеңес беру және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет