7.2. Ағымдық бақылау оқу үрдісінде студенттің білімін, оның аудиториялық сабақтардағы белсенділігі мен өздік жұмыстарын уақытылы орындауын жүйелі тексеруге бағытталған. Әрі студенттің семестр бойындағы жалпы жұмысын, яғни практикалық сабақтарға қатысуын (семинар), ОСӨЖ жұмыстарын орындауын, ағымдық бақылауларды тапсыруын, шығармашылық белсенділігін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағалау жүргізіледі. Ағымдық бақылау пән оқытушымен жүргізіледі.
7.3. СӨЖ(ОСӨЖ) тапсырмалары және оларды орындауға қойылатын талаптары мен бағалау критерийлері «Platonus» жүйесіне енгізілген.
7.4. Оқытушы бір семестр бойы барлық білім алушылар үшін семестр бойы оқылатын пәндерден екі міндетті межелік бақылауды келесі мерзімдерде өткізеді: бірінші межелік бақылауды – 7 (жетінші) аптада және екінші межелік бақылауды – 15 (он бесінші) аптада.
7.5. Бағалау тәртібі: әрбір межелік бақылау апталығына дейін профессор-оқытушы құрамы білім алушыларды практикалық, зертхана, семинар, ОСӨЖ, СӨЖ және т.б. сабақтарында бағалап, орта арифметикалық қосындысын 3, 5, 6, 10, 12, 14 апталарда «Platonus» жүйесіне енгізіп отырады.