Білім беру бағдарламасының коды және толық атауы 6В03101 Әлеуметтану Оқыту нысаны, курсы және семестрі


Балл Топтық жобаны бағалау критерийлері (30%)



бет11/12
Дата16.06.2023
өлшемі46,15 Kb.
#101812
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Силлаб Әлеуметтік жұмыстағы цифрлық технологиялар

Балл

Топтық жобаны бағалау критерийлері (30%)

0-2%

Білім алушы өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді, сөйлеу стилі төмен, көптеген қателіктер байқалады. Оқытушының негізгі сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген.

3-5%

Студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарда елеулі қателіктер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды

6-8%

Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, тұжырымдар жасалмайды; мысалдар қарастырылып отырған мәселеге сәйкес келмейді, оларды салыстыруға болмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көптеген қателіктер бар. Білім алушының жауабында талқыланатын мәселенің іргелі және негізгі мәселелермен байланысы туралы түсінік жоқ. Білім алушы жауапты оқытушының көмегінен кейін ғана түзете алады.

9-11%

Білім алушы қойылған сұраққа толық жауап бермейді, жауапта негізгі ережелерді анықтай алмайды, сұрақтың негізгі идеялары ашылмайды. Сөздік қоры жеткіліксіз, материалды толық меңгермегені байқалады

12-14%

Білім алушы қойылған сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың мағынасын, негізгі ережелерін толық аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды

15-17%

Жауап толық, бірақ жүйелі емес. Жауап тақырыпқа байланысты айтарлықтай ауытқуларды қамтиды. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберілген қателерді түзету қиынға соғады

18-20%

Білім алушы жалпы алғанда қойылған сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру процесінде маңызды негізгі мәліметтерге сүйенбейді, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралап талдауда қиындықтар бар, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндауда жіберген кейбір қателіктерді, оқытушының сұрақтарына жауап беру барысында түзете алады.

21-23%

Зерттелген материалдан негізгі ережелерді өз бетінше анықтай алады, негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауапта логикалық, жүйелі бірізділік бар. Қорытындылау, дәлелдер мен мысалдар негізінде қорытынды жасау, тақырып ішінде байланыс орнату мүмкіндігі бар.
Алынған білімді, ғылыми терминдерді практикада қолдана біледі.
Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеу дағдысы жеткіліксіз. Баяндауда жіберген кейбір қателіктерді, оқытушының сұрақтарына жауап беру барысында түзете алады.

24-26%

Оқылған материалды толық біледі. Зерттелген теориялар негізінде толық және дұрыс жауаптың болуы; зерттелген материалды ұсынуда, ұғымдарды анықтауда, ғылыми терминдерді пайдалануда немесе тұжырымдар жасауда кейбір сәйкессіздіктер мен қателіктер бар. Білім алушы жіберілген қателерді оқытушының көмегімен түзете алады.
Студент жіберілген қателерді оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқу материалдарын меңгерген, нақты мысалдармен дәлелдейді.

27-29

Сұрақ мазмұны бағдарламаның талаптарына толық, жүйелі түрде жазылуы мүмкін.
Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең біледі, өз ойларын жеңіл түрде жеткізе алады. Талқыланған мәселеге кең және жан-жақты талдау жасай алады. Нақты қателіктердің болмауы.
Қорытынды дәлелді және нақты материалға негізделген. сұраққа байланысты жауап беру кезінде маңызды емес 1-2 қателіктің болуы, бірақ өз бетінше түзете алады.

30

Зерттелген материал бойынша терең және толық білімді көрсетеді; қарастырылатын ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың мәнін, олардың өзара байланысын толық түсіне алады.
Зерделенген материал негізінде толық және дұрыс жауап құра алады; негізгі ережелерді белгілей алады, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыларды жинақтай алады, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пәнішілік (бұрын алған білім негізінде) байланыстарды орната алады. Түсіндіруде шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.




Балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет