Алматы 2022 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ Әлеуметтану – бұл қоғамның және оның құрылымдық элементерінің қызмет етуі мен дамуының заңдылықтары жөніндегі, әлеуметтік процестер мен қатынастардың механизмдері мен байқалу формалары, адамдардың, топтар мен қауымдастықтардың әлеуметтік мінез-құлқының заңдылықтары жөніндегі ғылым. Әлеуметтану әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институтардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік қатынастың ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.
КУРСТЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ Әлеуметтанудың объектісі, пәні және әдістері жөнінде терең түсінік беру. Студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін қамту.