Сабақ жоспары Оқытудың жалпы мақсаты: 1. Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қалайда жағдай жасау.
2. Функционалдық сауаттылық деңгейін әділ бағалау.
Міндеттері: -оқытушылық: а)топтық жұмыс барысында оқушыларға рационал көбейтуді және бөлшекті дәрежелеуді меңгерту.
-тәрбиелік: мазмұнды тәрбиелік мәні бар тапсырмалармен байыту (толтыру) арқылы оқушының танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару қасиеттерін қалыптастыру;
-дамытушылық: деңгейлік тапсырмаларды әр оқушының қабілеті жеткенше біртіндеп орындауына көмектесу. Сол арқылы оқушының «өзекті даму аймағынан» «жақын арадағы даму аймағына» ауысуына ықпал ету, жетелеу.
Сабақ §14 Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу.
Мектеп: №195 мектеп-гимназиясы
Мерзімі: 15.03.2017ж
Мұғалімнің есімі: Қожағұлова Шынар
Сынып:7
Қатысқандар саны:12
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 1. «Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу» тақырыбының мазмұнын оқушылардың өз бетімен толық меңгеруіне, практикада дағдыларын қалыптастыруына қолайлы жағдай жасау. 2. Білім жетістіктерін әділ бағалауды қамтамасыз ету.