«Торайғыров университеті» КЕАҚ комплаенс мәдениеті сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін әлеуметтік орта құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды енгізу арқылы студенттерді, оқытушыларды және университеттің басқа да қызметкерлерін кез келген сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алуға бағытталған.
Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізуді қолдауға және ағымдағы бақылауды күшейтуге бағытталған ISO 37001:2016 парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің халықаралық стандарты енгізілді. Ол сондай-ақ пара алу қаупін азайтуға ықпал етеді және мүдделі тараптарға университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жүйесін енгізу ниетін көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы негізгі шаралардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар құжаттарды әзірлеу және енгізу болды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық, Корпоративтік этика кодексі, Тәуекелдерді басқару және т.б.. Бұл құжаттармен (міндетті түрде) университеттің https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&layout=edit&id=5059 сайтында және студенттердің жеке кабинеттерінде танысу қажет.
Сондай-ақ Комплаенс қызметінің өкілдерімен байланысуға болатын байланыс арналары бар, +7 708 833 53 55 (қоңыраулар, WhatsApp, Telegram) Instagram @compliance.tou, Электрондық пошта: matenova.zh@tou.edu.kz
Курс саясаты
Білім алушылардың барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуы міндетті болып табылады. Сабақты себепсіз босатуға тыйым салынады. Босатылған сабақтар деканат белгілеген тәртіппен қалпына келтіріледі. Бетпе-бет өткізілетін сабақты босатудың рұқсат етілген максималды мөлшері – 2 (екі). Екі сабақтан артық босатқан жағдайда, оқытушы білім алушыны әкімшілік шешім қабылданғанға дейін сабаққа жібермеуге құқылы.
Қашықтықтан өткізілетін сабақтар (off-line және on-line сабақ) үшін электронды ПОӘК материалдарын (видеосабақтар, мәтін және басқа материалдар) игеру міндетті болып табылады.
Әрбір бақылау шарасы 100 баллмен бағаланады. Берілген тапсырмалар белгіленген мерзімде тапсырылады. Мерзімнен кейін тапсырылған тапсырмалар 50%-ға төмен бағаланады. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы уақыты – емтихан сессиясына үш күн қалғанға дейін.
Барлық тапсырмаларды орындамаған білім алушы емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау және өткен материалдарды өндеу міндетті. Оқу материалдарын меңгеру деңгейі ауызша сұрау, тестілеу, жазбаша жұмыстар жасау арқылы тексеріледі. Білім алушыларды ауызша сұрау және тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Оқытушы білім алушыға оның сабаққа қатысуы мен үлгерімі туралы хабардарлығы үшін, сондай-ақ оның салдарынан болатын зардаптарға (ақылы семестр, оқудан шығарылуы) жауап бермейді.
Емтихан қабылдау нысаны «Білімді бақылау» кестесінде белгіленген. On-line форматында өткізілетін емтихандар үшін мүмкіндігінше объективті болуын қамтамасыз ету мақсатында on-line прокторинг және видеожазба пайдаланады. Емтиханды комиссия қабылдайды (кем дегенде 2 емтихан алушы – пәнді оқытқан оқытушы және емтихан өткізу тәртібін сақталуына жауап беретін университет қызметкері). Сонымен қатар, емтиханды өткізу үшін («Мықты ЖОО - Аймақ» жобасы аясында) сыртқы стейкхолдер - серіктес кәсіпорындар, Мемлекеттік мекемелер және «Ертіс - адалдық алаңы» жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе өкілдері тартылады.