Торайғыров университетінің миссиясы - «Адам капиталды дамыту және цифрлық уақыттың аса көрнекті, әлеуметтік жауапты кәсіпқойларын, үйлесімді және жан-жақты тұлғаларды қалыптастыруға жәрдемдесу»
Syllabus
БЕКІТЕМІН
ИФ деканы
___________ К. К. Абишев
(қолы)
2023 ж. «__»_______
ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген
Пәннің сипаттамасы
Сабақ түрлері мен сағат саны
дәріс
тәж/зерт
соөж
сөж
30
30
30
120
Пән бойынша қалыптасатын оқыту нәтижелері (ББ реестіріне сәйкес)
- конструктивтік ерекшеліктерін ескере отырып, автомобильдер мен жабдықтардың бөлшектерін, тораптарын диагностикалауды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді ұйымдастырудың технологиялары мен нысандарын әзірлейді;
-көлік техникасын дамытудың заманауи тұжырымдамаларына және балама отынды пайдалану перспективаларына негізделген көлік техникасының электр станцияларының техникалық, экономикалық, тиімді және экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға қабілетті
-отын шығыны, нарядтағы уақыт, жүгіріс, жүру саны, тасымалданған тонна және орындалған тонна-километрлер туралы есеп жүргізе алады; көлік түрлерінің өзара іс-қимыл режимдерін негіздей отырып, өндірістік жағдайлар пәнінің теориялық негіздерін пайдаланады, жүктерді жеткізудің көліктік-технологиялық схемаларын таңдайды; көлік құралдарының негізгі тораптары мен агрегаттарының құрылысы, конструкциясы және жұмыс принципі туралы білімдерін меңгереді.
- тасымалдау құжаттарын дұрыс ресімдейді; жүктерді тасымалдау кезіде тасымалдау төлемдерін анықтайды; ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздемесін жүзеге асыра алады, ғылыми қызметтің тиімділігін бағалай алады, білім мен ғылымда желілік технологиялар мен мультимедияны қолдана алады; ғылыми зерттеу мен оның нәтижелерін логикалык-әдіснамалық талдауды, техникалык косымшаларда математикалык әдістерді колдануды, ынтымақтастық және келіссөздер жургізу дағдыларын меңгереді
Пәннің мақсаты
- көлік техникасын техникалық пайдаланудың теориялық негіздерін зерделеу;
- көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандырудың стратегиясы мен әдісін үйрену;
- көлік техникасын техникалық пайдалану нормативін анықтай білу;
- қызмет көрсету құралының жұмыс өнімділігі мен өткізу қабілетінің түзілу заңдылығын зерттеу;
- көлік техникасына техникалық қызмет көрсетудің алдыңғы қатардағы техникасы мен технологиясын, оны ұйымдастыру және басқарудың ұтымды формасын, ТҚ көрсету және жөндеудің кешендің көрсеткіштер жүйесін оқып үйрену.
Пәннің міндеттері
студентте көлік техникасына ТҚ көрсету және жөндеу жүргізу жұмысының технологиясы мен оны ұйымдастыру ісіне ғылыми тұрғыдағы көзқарас тудыру;