Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» КАФЕДРАСЫ ТАПСЫРМА: Жоба
ТАҚЫРЫБЫ:Реконкиста және оның негізгі кезеңдері
ОРЫНДАҒАН (ДАР): ТАРИХ-21-1 (1.-шағын топ) оқу тобының студенттері 1.Избасаров Найзабек
2.Аяпберген Радмира
3.Атшыбай Ерназ
4.Ахметов Сүндетбек
ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ: аға оқытушы, магистр Қамиева Г.Б. Ақтау 2023
Жоспары: Кіріспе: I-Тарау:Арабтардың Иберияны жаулап алуы II-Тарау:Реконкистаның басталуы
III-Тарау:Арабтардың Еуропаға жылжуын тоқтату
Пуатье шайқасы
IV-Тарау: Хронология
Арабтардың Иберияны жаулап алуы VІІ ғасырдың соңында араб- тар Солтүстік Африкадағы Византия иеліктерін бағындырып, 709 жылы олардың алғашқы отрядтары Вестгот корольдігінің территориясына келіп түсті. Араб- тардан басқа жаулап алушылыққа Солтүстік Африканың жергілікті тұрғындары – берберлер де қатысты. 711 жылы олардың Испанияны жаулап алуы басталды. Вестгот əскері саны жағынан жауынан басым болғанымен, бірінші ұрыста-ақ жеңіліп қалды. 714 жылы корольдіктің барлық бекіністері берілді. Арабтар мен берберлер Пиренейден солтүстікке қарай барлық вестгот иеліктерін жаулап алды. Арабтардың франк патшалығына қарай ішкерелеп енуін Карл Мартелл тоқтатты.
Вестгот корольдігінің əлсіздігі оның ішкі жəне сыртқы қайшылықтырына байланысты болды. Шаруалар ауыр мемлекеттік салықтардан бас көтере алма- ды, ақсүйектер болса үнемі таққа таласумен болды, тақты иеленудің дəстүрі əлі қаланбаған еді. Елдегі католик шіркеуінің ықпалы иудейлер мен ариандардың наразылықтарын тудырып отырды. Сондықтан тұрғындардың басым көпшілігі арабтардың жаулап алушылығына бейтараптылық көрсетті. Ақсүйектердің басым бөлігі арабтарға көмектесті. Арабтарға қарсылық тек жартыаралдың солтүстігін- дегі таулы аймақтарда ғана көрсетілді. Мұнда испандық-христиан мемлекеттері- нің негізі қаланды.
755 жылға дейін мұсылмандық Испания Дамаск халифатының құрамына кір- ді. Билік Абассидтердің қолына өткен кезде биліктен аластатылған Омейядтар династиясының өкілі ІІІ Абд ар-Рахман ал-Андалусқа келіп бекініп, өзін «Əмір» деп жариялады. Оның астанасы Кордова қаласы болды. 929 жылы Абд ар-Рахман араб испаниясының өзге мұсылман мемлекеттерінен тəуелсіздігін бекітті. Өзі ха- лиф титулын алды. Х ғасырда ал-Андалустың саяси беделінің шарықтаған кезеңі болды. Дегенмен 1008-1031 жылдар аралығындағы феодалдық бытыраңқылыққа деген ұмтылыстар халифаттың бірнеше тəуелсіз князьдықтар-тайфтерге бөлініп кетуіне алып келді. Олардың арасындағы ірілері Кордова, Толедо, Севиль, Вален- сия, Сарагос тайфтары болды.
Экономикалық тұрғыдан алғанда мұсылмандық Испания ортағасырлық Еуропаның гүлденген аймақтарының бірі еді. Оңтүстікте ирригациалық жүйелер жұмыс істеді, мəдени дақылдардың дəстүрлі түрлерімен қатар жаңа мəдени да- қылдар өсіріле бастады. Елдің орталық бөлігінде малшаруашылығы жақсы да- мыды. Басып алушылардың басым бөлігі қалаларға тұрақтанды, қолөнер-сауда орталықтары пайда болды. Ал-Андалус өзінің маталарымен, керамикасымен, тері мен темірден жасалған мүліктерімен танымал болды. Өзге мұсылман елдерімен қарым-қатынастың күрделілігіне қарамастан арабтық Испания Жерорта теңізінде белсенді сауда жасады. Мұсылмандық Испанияның ақшасы Үндістаннан Ирлан- дияға дейін танымал болды. Ал-Андалустың экономикалық гүлденуі ХV ғасырға дейін қаланы əскери жорықтардың орталығына айналдырып отырды.
Ал-Андалустың əлеуметтік құрылымы феодализмнің жергілікті вариантына тəн ерекшелікті иеленді. Ауылшаруашылығында домен мүлде болмағанына қа- рамастан ұсақ шаруашылық үстемдік етті. Шаруалар жерді арендаға алды жəне мемлекеттік салықтарды төлеп отырды. Өзге Батыс Еуропа елдерімен салыс- тырғанда салық тек ақшамен алынды. Ал-Андалустың саяси дамуы халифаттың кезінде де оның орталықтандырылған, дамыған əкімшілігіне қарамастан салыс- тырмалы түрде алғанда тұрақсыз болды. Шеткі аймақтардың билеушілері Кор- довадан тəуелсіздігін талап етіп отырды. Жаулап алушылар мен жергілікті халық арасындағы қарым-қатынас та күрделі болды. Жергілікті халықтың бір бөлігі ис- ламды қабылдады, келесі бір бөлігі арабтанып кетті. Толедо тайфында қарулы қақтығыстар болып отырды.
Мұсылмандық Испанияның жоғары деңгейде дамыған қалалық өркениеті ор- тағасырлық Батыс Еуропаның мəдени дамуының базасы болды. Кордова, Севиль, Толедо тайфтарының зайырлы мектептерінде құқық, философия, тарих оқытыл- ды. Кордова халифатының кітапханасында 400 мың кітап болды, соның ішінде антика жəне византия авторларының қолжазбалары да бар еді. Андалус ғалым- дары мен аудармашыларының қызметі еуропалық ортағасырлық мəдениеттің қа- лыптасуында шешуші рөл атқарды. Испан-араб əдебиетінің сюжеттері мен əде- би тəсілдерін өзге елдердің ақындары бойларына сіңірді. Араб лексикасы барлық Еуропа елдерінің тілдерін байытты.
709-714 жылдары болған жаулап алушылық кезінде арабтар Кантабрий таула- ры мен Пиреней жəне Бискай бұғаздарының арасындағы территорияларды жаулап ала алмады. Кантабры, астур, баск тайпалары тұрақтанған бұл территорияларды өз уақытында не римдіктер не готтар жаулап ала алмаған, сондықтан бұл террито- рияларда феодалдану үрдісі мүлде даму алған жоқ. 718 жылы Ковадонга аймағын- да араб отряды талқандалды. Бұл қарсыласушыларды басқарған Пелайо – ақырғы гот королінің туысқаны еді. Ол Астурионың алғашқы королі болып тағайындал- ды. VІІІ ғасырдың 50-жылдары ал-Андалустағы ішкі қырқыстарды пайдаланған Астурио королі, мемлекетінің территориясын ұлғайтуға қол жеткізді. Шекарада арабтардан қорғанатын бекініс пайда болды. Мұсылмандардың қолындағы терри- торияларды қайтару «Реконкиста» деп аталды. ХV ғасырда аяқталған бұл үрдіске христиан феодалдары мүдделі болды. Себебі жерді қайтару барысында олар жаңа жерлерді иелену құқығына ие болды, орталық билікке деген өз тəуелсіздіктерін нығайтты.
Реконкистаның басталуы