Білім беру философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді.
Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау. Педагогикалық әдебиеттерде білім беру ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып, Дж.Локк, И.Г.Песталоции жан-жақты зерттеген. Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б.
Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:
Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:
1)Білім беру философиясы -қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылыктарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.
2)Білім беру философиясының мазмұны педагогака ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі