«білім беру және педагогика» жоғары мектебі Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Тіл дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері мен әдіс-тәсілдері



бет29/42
Дата29.12.2023
өлшемі405,62 Kb.
#144542
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Тіл дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері мен әдіс-тәсілдері
Дәрістің мақсаты: Тіл дамыту әдістемесінің міндеттері мен әдіс-тәсілдері туралы түсінік беру
Жоспары:
Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.
Тіл дамыту әдістемесінің негізгі міндеттері.
Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
Сабаққа қойылатын жалпы талаптар.
Тезистері:
1.Қазақстан Республикасының Білім беру Заңының ”Жалпы және кәсіптік білім беру“ деген 21-бабында: Іске асырылатын білім беру бағдарламасының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінетінін және осы Жалпы білім беруге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды бірінші орынға қойған. Сонымен қатар осы Заңда 23-бапта көрсетілгендей мектепке дейінгі тәрбие отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымдарда, 1-6 жасқа дейінгілерді тәрбиелеу мен оқыту және мектепке даярлау міндеті білім беру бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады. Демек, балабақшаны халық ағарту жүйесіндегі бірінші баспалдақ деуге болады. Жас бүлдіршіндерді сауатты да, мәдениетті сөйлеуге үйрету балабақшадан басталады. Сондықтан білім мен тәрбие жұмысының негізгі мазмұны балаларды ауызша дұрыс сөйлеуге үйрету болып табылады. Егер бала тілді, оның грамматикалық құрылысын жете меңгерсе, көргендерінен қорытынды жасап, пікір айтуға, зат пен оның бөліктерінің арасындағы байланысты ажырата білуге үйренеді. Баланы дұрыс, мәдениетті сөйлеуге деген ынтасын оята білу қажет.
2. Осы мақсаттарды көздейтін тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларды сауатты сөйлеуге үйрету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады және осы міндеттер тіл дамыту әдістемесінің мазмұнын құрайды.
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту
Баланың күнделікті өмірден алған әсерін, үйренген жаңа сөздерін анықтап отыру, жаңа сөздер үйрету балабақшадағы тіл дамыту сабақтарында және сабақтан тыс кезде жүзеге асырылып отыруы қажет. Баланың сөздік қорын дамыту, оның айналадан алған әсерімен тікелей байланысты. Сондықтан сөздік қорды молайтуда адамдардың еңбек процестерін, табиғат құбылыстарын бақылату, топсаяхаттық сабақтар өткізу басты роль атқарады. Мұндай сабақтарда балалар жаңа объектілермен танысады. Үйренген сөздерін естеріне түсіріп бекітеді. Айналадаға заттар мен құбылыстардың белгілері, сан-сапа өзгерістері, қайда, неден жасалатындықтары, кімдер жасайтындығы жайында жаңа, бірнеше сөздер үйреніп, білім дағдыларын кеңейтеді. Сөйтіп олардың өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Еңбек адамдарына құрмет көрсетуге, табиғатқа қамқорлық жасауға үйренеді.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Байланыстырып сөйлеуге үйрету 2 түрге бөлінеді:
1. Екі немесе одан да көп адамдардың сөйлесуі диалогты сөйлесу деп аталады. Мұндай сөзге үйрету алдын-ала әзірленген арнайы сабақтар арқылы да әзірленбеген әңгімелесулер арқылы да жүзеге асырылады.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің бірі – монолог. Монолог – бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Мұндай сөйлесудің мақсаты белгілі бір факты, оқиға жөнінде баяндау. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне үйреткенде қайталап айту және ойдан шығарып айту әдісі қолданылады.
3. Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту. Әрбір тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағынасын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің грамматикалық мағынасын да балаларға түсіндіру қажет. Мысалы: алма – зат есім (лек. м).
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз - сөздердің байланысқөа түскендегі мағынасы.
4. Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру. Бұл міндет бойынша мектеп жасына дейінгі бала жеке құбылыстарды, буындарды, сөздерді дұрыс айтуға үйренеді және сондай-ақ орфоэпиялық ережелерге сәйкес үндестік заңын сақтап сөйлеуге, сөйлеген кезде айтылатын ойдың мазмұнына қарай сөз әуенін, нақышын, қарқынын, екпінін құбылтып айтуға дағдыланады.
5. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру. Бұл міндет тәрбиешінің баяндауы немесе мәнерлеп оқуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мектепке барғанға дейін бала оқылған әрбір шығарма бойынша толық баяндап айтуға, сол шығарманың оқиғасына деген пікірін айта білуге дағдылану қажет.
6. Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау. Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың барлығы баланы мектепке даярлау мақсатын көздейді.
Осы аталған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы: сөздің дыбыстық мәдениетін балаларға үйреткен кезде грамматикалық формаларға көңіл бөлмеуге болмайды, яғни жеке сөздер арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланған кезде белгілі бір морфологиялық тұлғаны да меңгертуді де естен шығармау керек. Сол сияқты сабақтың мақсаты байланыстырып сөйлеуге үйрету болса, бала тілінің сөздік қорын дамыту жағы да ескерілуі қажет (әңгімелесетін тақырыпта жаңа сөз болу керек).
3. Білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін оқыту әдісі деп атайды. Әрбір пәннің өзіне тән оқыту әдістері болады. Сол сияқты тіл дамыту әдістемесінің де төмендегідей әдіс-тәсілдері бар:
1. Көрнекілік әдіс
2. Сөздік әдіс.
3. Практикалық әдіс
Тәсілдер:
Белгілі бір әдістің қолданылуы вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу, дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атайды.
Тіл дамыту әдістемесінің тәсілдері:
Негізгі
Жанама болып екіге бөлінеді.
Негізгі тәсілдерге:
Тәрбиешінің сөзі, түсіндіру, сұрақтары, бала білімін бағалауы, бағыт сілтеуі жатады. Ал жанама тәсілге: ескертпе, ақыл беру, айтып беру, түзету жатады. Кейде сабақ мазмұнына қарай бір сабақта негізгі тәсілдердің бірнешеуі қолданылуы мүмкін және олардың біреуі негізгі болады да, қалғаны жанама болады. Мысалы, әңгімелесу кезінде сұрақ тәсілі негізгі болғанымен баяндау кезінде көмекші роль атқарады. Тіл дамыту сабақтарында жиі қолданылатын тәсілдің бірі – көрнекілік тәсілі.
Көрнекілік тәсілі ойыншықтарды, суреттерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен қатар жаттығу да жиі қолданылады. Жаттығу дегеніміз – балалардың үйренген тілдік әдістерімен дағдыларын жетілдіру үшін жұмыстану.
4.Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақты мазмұны, мақсаты жағынан өткізу әдіс-тәсілдері бойынша бірнеше топтарға бөлуге болады. Жалпы дидактикалық мақсат бойынша сабақтар мынадай түрлерге бөлінеді:
Жаңа материалды түсіндіру сабағы
Балалардың алған білімдерін, дағдыларын бекіту
Қорытынды сабақ
Білімді жүйелеу
Аралас сабақ
Сонымен қатар балабақшада сабақтар өткізу әдісіне қарай әңгіме сабағы, оқу сабағы, топсаяхат сабағы болып та бөлінеді. Осы сабақтардың қай түрінен болсын төмендегідей талаптар қойылады:
1.Сабаққа алдын ала мұқият дайындалу, яғни тәрбиеші топта өткізілетін әр сабақ бойынша алдын ала жоспар жасайды.
2. Сабақтың бала түсінгігіне ауыр, жеңілдігі. дәрежеде болуы тиіс.
3. Сабақтың тәрбиелік мәні. Тіл дамыту сабағы кішкентайлар тобынан бастап белгілі бір жүйемен жүргізілетіндіктен балада тілге деген қызығушылық пайда болады.
4. Сабақтың эмоционалдық сипаты. Сабақты бастамас бұрын балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту керек.
5. Сабақтың құрылысы.
6. Сабақ кезіндегі баланың сөйлеу белсенділігі.
7. Оқытудың ұжымдық сипаты және баламен жеке жұмыс.
8. Сабақтың дұрыс өтуі топ бөлмесінің жағдайына да байланысты.
9. Әр топтағы сабақтың дұрыс өтілуі тәрбиешінің көңіл-күйіне де байланысты.
5-6 дәріс тақырыбы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет