«білім беру және педагогика» жоғары мектебі Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастырудың маңызы мен міндеттері



бет34/42
Дата29.12.2023
өлшемі405,62 Kb.
#144542
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Байланысты:
«білім беру және педагогика» жоғары мектебі-emirsaba.org

Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастырудың маңызы мен міндеттері.
Дәрістің мақсаты. Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесімен таныстырып, олардың маңызы мен міндеттерін түсіндіру.
Жоспары.
1.Сөздің грамматикалық құрылысы туралы ұғым.
2.Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық құрылысын меңгертудің міндеттері
3.Бір топтағы балалар тілінің грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау себептері.
Тезистері:
1.Жеке лекциялық сөздер арқылы білдіруге болмайтын түрлі мағыналардың барлығы да тек грамматикалық амал-тәсілдердің көмегі арқылы ғана түсінікті етіп жеткізіледі. Сондықтан «Әрбір тілдің өзіне ғана тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы» деп аталады. Грамматика ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттеуде өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорында зат атауларының түрін, қимылын білдіретін сөздер қалыптаса бастайды. Бала сегіз жасқа келгенде ғана өз тілінің грамматикалық құрылысын толық меңгеретіндей дәрежеге жетеді. Бірақ бала тілінде грамматикалық құрылысы тек қана мысал түрінде меңгертіледі, ереже айтылмайды.
2. Бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда төмендегідей міндеттер бойынша жұмыс жүргізіледі:
Балалардың ауызша сөйлеудегі грамматикалық қателерді түзету
Балалар тілін синтаксистік жағынан жетілдіру. Оларды жиі қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Жәй және құрмалас сөйлемдерді үйрету
Грамматикалық формалардан қате жіберетін балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Сөздің грамматиклық құрылысын көбінесе өз бетімен еліктеу арқылы үйренеді. Зерттеушілердің көрсеткеніндей екі жасқа келгенде бала тіліндегі грамматикалық қателіктер анық байқалады. Мысалы, олардың сөйлеген сөзінде сөздерді жалғау, жұрнақсыз түбір күйінде айту, септік жалғаулардың орнын ауыстыру, сөйлемдердегі сөздің орнын ауыстыру секілді қатынастар жиі кездеседі. Негізінен бала тілінің морфологиялық және синтаксистік жағы қатар дамиды. Бірақ синтаксистік қателер көп байқалады.
Өйткені балалар көбінесе жәй сөйлеген кезде жәй сөйлемдерді пайдаланады. Сондықтан тәрбиеші өз тобындағы балаларды құрмалас сөйлемдерді пайдаланып сөйлеуге дағдылануы тиіс. Балабақшада бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда тәрбиеші төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуі керек:
а) бір топтағы балаларға арналған ұзақ мерзімдегі сабақ мазмұнын таңдау.
ә) бір сабаққа арнап программалық материал таңдау. Тәрбиеші күнделікті тіл дамыту сабақтарына жоспар жасағанда белгілі бір грамматикалық түсіндіріп баланың назарын, ынтасын, сол материалға аударуға болады т.б.
3.Топтағы балалар тілінің грамматикалық құрылысы бірдей деңгейде болмауы мүмкін. Ол бірнеше себептерге байланысты болады:
1. Баланың жалпы психологиялық заңдылықтарының дамуына байланысты (Нерв жүйесіне байланысты, ақыл-ой, есі, ынтасы т.б.)
2. Сөздік қорының мөлшеріне байланысты.
3. Баланың сөйлеу аппаратының жағдайына байланысты.
4. Меңгерген грамматикалық категориялардың ауыр жеңілдігіне байланысты.
5. бала айналасының (ата-ана, тәрбиеші, аға тәрбиеші, меңгеруші т.б.) сөздерінің грамматикалық жағдайына байланысты.
6. бала тілін дамытуға педагогикалық басшылықтың роліне байланысты.
№ 17-18 дәріс тақырыбы:

Бала тілін дамытуда грамматикалық жаттығулардың ролі.


Дәрістің мақстаты. Грамматикалык жаттығуларға түсінік беру. Олардың ерекшеліктерін меңгерту.
Жоспары.
1. Грамматикалық жаттығу туралы түсінік.
2. Грамматикалық жаттығудың түрлері.
а) Фонетикалық
ә) Морологиялық
б) Синтаксистік
Тезистері:
1.Грамматиклақ жаттығулар балалардың қандай тілдік материалмен жағдай жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді. Фонетикалық жаттығулардың міндеті – балалардың айтылған буындарымен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды дұрыс анық айтып беруге қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе С мен Ш, Р мен Л, Ж мен З сияқты дыбыстарды жалғасытырып айту кемшіліктері жойылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар орфоэпиялық заңдылықтарды яғни әдеби тіліміздің нормасын сақтап сөйлеуде ерекше орын алады. Балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалақ жаттығулар арқылы үйретіледі.
2.Морфологиялық жаттығулардың мақсаты – ана тілінің мрофологиялық құрылысын балаларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілген жаттығуларға мынандай талаптар қойылады:
*Алдымен мүкіндігіне қарай негізгі түбірді онан әрі туынды түбірді ең соңында түбірлік сөзді таңдайтындай жағдай жасалады.
*Белгілі бір сөздің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру ескеріледі.
*Туынды сөздермен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.
*Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар.
*Мәтіннен керекті сөздерді тапқызу.
*Керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру.
*Сөздердің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату.
*Сөздердің лексикалық, грамматикалық жағынан болсын қалай өзгеретінін не арқылы өзгеретінін аңғарту.
*Мағына немесе тұлға жағымен қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет