«білім беру және педагогика» жоғары мектебі Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері



бет36/42
Дата29.12.2023
өлшемі405,62 Kb.
#144542
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
«білім беру және педагогика» жоғары мектебі-emirsaba.org

Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
Дәрістің мақсаты. Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдіс тәсілдерін түсіндіру.
1. Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдістері.
2. Балалардың жас ерекшелігіне сай балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
Тезистері:
1.Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда төмендегідей әдістер қолданылады:
І. Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.
Яғни бала тәрбиешісінің айтқан дыбыстарын бірге қайталайды. Бұл әдіске жаттықтыру кезінде тыныс шығару процесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті дыбыстау мүшелерін жаттықтыру үшін «Гүлдерді иіскейік», «Бөлме ішінде ұшыру үшін мамықты үрлейік», «Қолымыз тоңса демімізбен жылытайық», «Сабын көпіршігін ұшырайық» секілді сюжетті айындарды пайдалануға болады, немесе дыбыстарды меңгертуде рольдік ойындарды да ұйымдастыруға болады. Мысалы, қасқыр у-у-у-у-у деп ұлиды. Ит ав-ав-ав-ав деп үреді. Сондай-ақ Сөздер тізбегі деген дидактикалық ойындар арқылы балаларды сөздің бірінші және соңғы дыбыстарын ажырата білуге үйретіледі. Мысалы, бұл ойында көбінесе суреттер пайдаланылады. Алма / а..а / ағаш / а..ш / т.б.
Бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда тақпақ, жаңылтпаштар айтып жаттығу әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс кезінде де тәрбиеші белгілі бір дыбысқа балалардың назарын аудара білуі тиіс. Бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда тақпақ, жаңылтпаштарды айтып жаттығу әдісі қолданылады. Бұл әдіс кезінде де тәрбиеші белгілі бір дыбысқа балалардың назарын аудара білуі тиіс. Бұл әдіс көбінесе балаларға жеке және хормен айтқызу тәсілдері арқылы жүзеге асырылады немесе осы бір әдісті бейнелі сергіту сәті мәселесімен бекітуге болады.
Балаларға шығармашылық тапсырма орындату. Бұл әдіс бойынша бала өз түсінігін баяндайды, басқалар оның дауыс реңкін және дыбыстарды айтқандығын айырады.
Көрнекілі әдіс. Бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда кеңінен қолданылады. Әрбір дыбысты айтқанда сол дыбыстардың таңбасы сол дыбысқа байланысты көрсетілетін заттар, құбылыстар көрнекілік арқылы берілуі қажет.
Дидактикалық ойындар дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда басты роль атқарады.
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыру тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай жүргізілуі қажет. 1,6 айдан 3 ж. дейінгі балалар сөздерді, сөздегі жеке дыбыстарды, жай сөз тіркестерін тәрбиеші айтқан үлгімен қайталап айтатын болады. Бұл кезеңде баланың дыбыстау мүшелері, есту қабілеттері күшті дамиды. Сондықтан балаларға алдымен айтқанда қиындық келтіретін А, И, О, У, К, Б дыбыстары үйретіледі және бұл жастағы балаларға дыбыстарды меңгертуде дидактикалық ойындар жиі қолданылады. 3 пен 5 жасқа дейінгі балалар сөздерді мағынасына қарай орынды пайдалана бастайды. Шағын ертегілер, әңгімелерді қайталап айтып беруді немесе суреттен не көріп тұрғандарын мазмұндауда да жеке дыдыстардың айтылуына көңіл бөлінеді және осы кездегі тәрбиешінің басты міндеті сөздердің дыбысталу, естілу ерекшеліктерін балаларға байқатып, оны дұрыс айта білуге, дыбыстау мүшелерінің қызметін жетілдіруге, мәнерлеп сөйлеуге көңіл бөлуі қажет. Тіліміздегі әр дыбысты баланың дұрыс меңгеруі үшін сол дыбыстарды басқа дыбыстардан ажырата білуге дағдыландыру, дыбысты сөз ішінде дұрсы айта білуге үйрету және өтілген сол дыбыстарды сөз тіркестерінде және сөйлемде айтқызу жұмыстары жүргізіледі. Бестен жеті жасқа дейінгі аралықтағы балалар тіліміздегі дыбыстың барлығын толық меңгеріп сөздерді дұрыс айтуға төселулері қажет және бұл жастағы балалар сөздерді буындарға, буындарды дыбыстарға ажыратып үйренеді немесе керісінше дыбыстардан буындар, буындардан жеке сөздер, жеке сөздерден сөйлемдер құрастырылады. Бірақ бұл жастағы балалардың барлығы дыбыстарды, сөздерді қатесіз айтады деп есептеуге болмайды. Олардың арасында Р, Ш, Ж, Н шатастырып, орын алмастырып айтатындар кездеседі. Сондықтан естиярлар мектепке даярлық тобында да балалар тілінің дыбыстық мәдениетіне ерекше көңіл бөлінеді.
Күннің екінші жартысында да бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыратындай сөздік жаттығуларды, дидактикадық ойындарды ұйымдастыруға болады.
23-24 дәріс тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет