«білім беру және педагогика» жоғары мектебі Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі



бет6/42
Дата29.12.2023
өлшемі405,62 Kb.
#144542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
«білім беру және педагогика» жоғары мектебі-emirsaba.org

5.Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі
Ана тілінің грамматикалық құрылысы. Грамматикалық формалардың грамматикалық және лексикалық мәндері. Тілдің грамматикалық құрылымын табысты қалыптастырудың шарттары. Балалардың ана тілінің грамматикалық құрылымын меңгеру ерекшеліктері. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ана тілінің синтаксисі мен морфологиясын меңгерудің сатылары. Балалардың тілдің морфологиялық жүйесін меңгерудің негізгі заңдылықтары.
Балалар тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру бойынша жұмыстың міндеттері мен мазмұны. Әртүрлі топтарда игеретін дағдылар тізбесі.
Грамматика нормаларын меңгеруде сөздік пен байланыстырып сөйлеуді дамытуда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің орны. Грамматикалық дұрыс сөлеуді қалыптастыру әдістері мен тәсілдері. Грамматикалық жаттығулар, дидактикалық ойындар, оларды өткізу әдістемесі.
6. Тілдегі дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу әдістемесі.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті ұғымы. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің міндеттері. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдің дыбыстық жағын меңгеру ерекшеліктері. Мектепке дейінгі жаста дұрыс дыбыстауды меңгерудің ағышарттары. Балалар сөйлеуінің дыбыстық бұзылыстары, олардың себептері.
Дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету мазмұны. Жас ерекшелік топтарындағы сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс формалары. Дұрыс дыбыстауды үйрету сатылары. Балалардың тілдік естуін және тілдік-қимыл аппаратының қозғалмалығын дамыту. Тілдік тыныс алу, оның жылдамдығы, ырғағы, дауыс күші бойынша жұмыс. Жаттығулардың мазмұны мен әдістемесі. Дыбыстардың қалыптасуы және бекуі. Дыбыстарды бекіту бойынша жаттығуларды іріктеу және әдістемесі.
Жас ерекшелік топтарындағы ұйымдастырылған оқу әрекетінде балалалрды дыбыстауға үйретудің мазмұны, құрылымы, әдістемесі.
Балалар сөйлеуінің дыбыстық мәнерлілігін қалыптастыру. "Мәнерлілік" ұғымы (интонациялық және мағыналық). Әртүрлі жас ерекшелік топтарында сөйлеудің мәнерлілігі бойынша жұмыстың міндеттері мен мазмұны. Балалар әдебиетін және фольклорді қолдану. Әртүрлі топтағы балаларда сөйлеудің дыбыстық мәдениеті дағдылар тізбесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет