«білім беру және педагогика» жоғары мектебі Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі



бет8/42
Дата29.12.2023
өлшемі405,62 Kb.
#144542
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
«білім беру және педагогика» жоғары мектебі-emirsaba.org

8. Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі.
Балалардың тілдік және тұлғалық дамуы үшін балалар көркем әдебиетінің мәні. Шығармашылық тілдік және театр іс-әрекетіне ықпал ететін, бейнелі мәнерлілік құралдарын меңгеруде, балалардың тілін эмоционалды және поэтикалық лексикамен байытуда кітаптың рөлі. Әдебиеттің тәрбиелік қызметі.
Балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың міндеттері мен мазмұны. Әртүрлі жас ерекшелік топтарында оқу, әңгімелеу және орындаушылық іс-әрекетке арналған әдеби шығармаларды іріктеу.
Балалардың әдеби шығармаларды қабылдау ерекшеліктері. Балабақшадағы драма.
Ұйымдастырылған оқу әрекетінде кітаппен жұмыстың міндеттері. Балаларды кітап иллюстрациясымен таныстыру. Балалардың әдеби шығармаларды түсінудегі иллюстрацияның рөлі, оны мектепке дейнгі жастағы балалардың әдеби кейіпкерлерге қатынасына әсері. Әртүрлі жас ерекшелік топтарында балаларды кітап иллюстрациясымен таныстыру әдістемесі.
Өлеңді жаттау әдістемесі. Балалардың поэтикалық шығармаларды қабылдауы және түсіну ерекшелітері. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған поэтикалық шығармаларды таңдау. Балаларды поэзиямен таныстыру әдістемесі. Кітап бұрышындағы жұмыс. Мектепке дейінгі жстағы балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыруға арналған кітап бұрышының мәні. Кітап бұрышындағы жұмыстың міндеттері мен мазмұны. Кітап бұрышын безендіруге және жабдықтауға қойылатын талаптар. Сабақтан тыс кітаппен жұмыс.


9.Балаларды сауат ашуға даярлау
Сауаттылық негіздері. Оқу мен жазу - тілдік іс-әрекеттің түрлері ретінде. Оқу мен жазу үдерістерінің психологиялық сипаттамасы. Сауат ашуға оқытудың қазіргі дыбыстық аналитикалық-синтетикалық әдісінің сипаттамасы. Тілді фонематикалық қабылдауды қалыптастыру - оқу мен жазу үдерістерін табысты меңгеруге даярлаудың маңызды міндеті.
Міндеттері мен мазмұны. Балабақшаның кіші және орта топтарында сауат ашуға даярлау. Балабақшаның ересек және даярлық топтарында оқуға үйретудің даярлаудың мазмұны. Сөйлеммен таныстыру. Сөйлемнің сөздік құрамымен таныстыру. Сөзбен таныстыру. Сөздің буындық құрылысымен таныстыру. Сөздің дыбыстық құрылысымен таныстыру. Дыбыстық талдау дасау әдістемесі.
Жазуға оқытуға даярлау. Жазу дағдысын меңгеру үдерісінің сипаттамасы. Қолды жазуға даярлаудың міндеттері. Графикалық дағдыларды дамытуға арналған арнайы жаттығулар. Саусақтардың ептілігін дамытуға арналаған дидактикалық жаттығуларды қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет