«білім беру және педагогика» жоғары мектебі


Курс бойынша кешенді материалдар жинағы



бет24/43
Дата03.06.2022
өлшемі386,92 Kb.
#36300
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Курс бойынша кешенді материалдар жинағы: Барлық курс барысында өткізілген материалдар жинаған көлемі бағаланады. Сонымен қатар материалдардың сыртқы көрінісі мен безендірілуі ескерілді.

  • Сабаққа қатысу үлгірімі: әрбір сабаққа қатысқанына балл қосылады, сабақтан қалғаны үшін «0» балл қойылады.

  • Аралық және қорытынды емтихан: белгіленген аралық және қорытынды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.

  • Коллоквиум өткізу тәртібі: коллоквиум мақсаты-сабақ барысында игерген білімдерін жинақтау, курстың әр тарауы қосымша сұрақтар бойынша теориялық білімдерін жинақтау, студент оқытушы тарапынан берілген қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген сұрақтар бойынша жазбаша нысанда оқытушыға жеткізуі тиіс.

    Жоғарыдағы тапсырмаларды орындаған жағдайда оқытушы әр аптаның соңында студенттерге берілген тапсырмалар бойынша қорытынды баллдарын айтады. Студенттер алынған бағасы бойынша дауласуға құқығы бар. Студенттердің пікірін есепке алып, оқытушы соңғы шешімді өзі қабылдайды.
    7. 1,2 ағымдық (аралық) бақылау бойынша сұрақтар
    1. Тіл дамыту әдістемесінің негізгі мақсаты қандай?
    2. 1940 жылы қандай конференция өткізілді?
    3.1938 жылы қандай құжат жарыққа шықты?
    4.К.Д.Ушинскийдің қай еңбегі 1861 жылы жарыққа шықты?
    5.Мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріндегі оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы қаулы қай уақытты болды?
    6.Қазақ балабақшаларына арналған алғашқы бағдарлама қай жылы шықты?
    7.Көркем сөз оқу өнері неше бағытта дамиды?
    8. Жазушылар съезі қай жылы болды (балабақшаға арналған әдебиет жазу)?
    9.Тіл дамыту әдістемесі қандай ғылымдармен байланысты?
    10. “Отантану” еңбегінің авторы:
    11.Балабақшаға арналған әдебиеттер бойынша комиссия қай жылы құрылды, оған кім басшылық жасады:
    12. 1934 жылы шыққан балабақшаға арналған программаның кемшілігі неде?
    13. Әйелдер курстары қай жылы ашылды?
    14. 1927 жылы халық ағарту комиссариантының шешімі бойынша қандай конференция ұйымдастырылды?
    15. Қай жылы мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық методикалық кабинет ашылды?
    16. К.Д.Ушинскийдің еңбегін шығарушы шәкірттерін атаныз?
    17. Қазақстанда тұңғыш мектеп жасына дейінгі бала тілін зерттеген ғалым кім?
    18. “Бір жастан 8 жасқа дейінгілердің ақыл-ойының дамуы”-деген еңбек қай жылы жазылды:
    19. Тіл дамыту әдістемесінің әдістері
    20.Мектеп жасына дейінгі мекемелердің базистік оқу жоспары қай жылы қабылданды?
    21. Негізгі тәсілдерді ата
    22. Білім Беру Заңы қай жылы қабылданды?
    23.Тіл дамыту әдістемесінің тәсілдерін белгілеңіз
    24.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің құрылымы қандай?
    25. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты қандай міндеттерге негізделген?
    26. Балабақшада ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің дұрыс өтуі неге байланысты?
    27. Балабақшада ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізу әдістеріне қарай қандай түрге бөлінген?
    28.Балабақшада білдіретін білім мазмұны бағдарламаға сай балалардың жас ерекшеліктеріне қарай нешеге бөлінген?
    29.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды ата
    30.Диалогты сөзге үйретудің қандай әдістері бар?
    31.Диалогты сөйлеу дегеніміз не?
    32.Әңгімелесу сабақтарына зерттеуші ғалым И.Тихеева қандай талаптарды ұсынды?
    33.Байланыстырып сөйлеудің қай түрінде қайталап айту және ойдан шығарып айту әдістері қолданылады?
    34. «Күзгі жапырақтар» өлеңінің авторын ата?
    35.Меңжанованың шығармаларын ата?
    36.Тіл дамыту әдістемесінде баланың алған білімін іс жүзінде пайдалануын қамтамасыз ету қай әдістің мақсаты?
    37. Білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекеті деген не?
    38.Тұңғыш балабақша қай жылы ашылды?
    39.Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесінің негізін қалаушы, ағартушы ғалым-педагогтар кімдер?
    40. Балабақша тұңғыш рет қай қалада ашылды?
    41. «Бір жастан сегіз жасқа дейінгілердің ақыл-ойының дамуы» деген еңбектің авторы кім?
    42. Б.Баймұратованың еңбектерін ата
    43. Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдық сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін не дейміз?
    44. «Баланы ауызекі сөзге үйретпейінше, қай-қай тілде болсын, еркін де жүйелі сөйлеу мүмкін емес» - деген пікірді кім айтты?
    45.Қазақстанда мектеп жасына дейінгі бала тілінің дамуын зерттеген ғалым кім?
    46. “Балбөбек” бағдарламасының басты ерекшелігі қандай?
    47. К.Водовозованың қандай еңбегі бар?
    48.“Балалар әлемі және хрестоматиясы”, “Ана тілі” атты еңбектерінің авторы кім?
    49. “Тілді жанның жайын жарыққа шығару жолы” деген пікірді кім айтқан?
    50.“Жанды сөз” еңбегінің авторы
    51. 1961 жылы К.Д.Ушинскийдің қай еңбегі жарыққа шықты?
    52. Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық методикалық кабинет қай жылы ашылды?
    53. Тіл дамыту әдістемесінің мазмұнын құрайтын міндеттер:
    54.Жанама, негізгі......
    55.Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері.
    56.Тәрбиешінің сөзі, түсіндіруі, сұрақтары, бала білімін бағалауы, бағыт сілтеу тәсілдері тіл дамыту әдістемесінің қай тәсілінде қолданылады?
    57.Жалпы дидактикалық мақсат бойынша сабақтар қандай түрлерге бөлінеді?
    58. Сөздік, көрнекілік, практикалық деген ұғымдар тіл дамыту әдістемесінде қандай қызмет атқарады?
    59.Сөздік қорды дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу, сөздің грамматикалық құрылысын қалаптастыру, көркем әдебиетпен таныстыру, сауат ашу жұмысы тіл дамыту әдістемесінде қандай қызмет атқарады?
    60. Мектеп жасына дейінгі баларды монологты сөзге үйретудің қандай әдістері бар?
    61. Байланыстырып сөйлеудің түрлері:
    62. Байланыстырып сөйлеу деген не?
    63.Алдын ала әзірленген әңгіме дегенді қалай түсінесіз?
    64Күнделікті өмірде қолданылатын бала мағынасын түсінетін сөздер.
    65.Бала мағынасын түсінетін, бірақ күнделікті өмірде қолданылмайтын сөздер.
    66.Тәрбиеші-педагог өзі мәдениетті сөйлеуі керек, сөздік қорды дамытудың қай міндетінде жүзеге асырылады:
    67.Бала тіліндегі актив сөздер деген не?
    68. Мимика деген не?
    69. Бала тіліндегі пассив сөздер деген не?
    70.Актив, пссив сөздерді тіл дамыту әдістемесінің қай міндетінде қарастырылады?
    71.Бала мағынасын түсінетін және сөйлегенде қолданатын сөздер не
    деп аталады?
    72.Бала мағынасын түсінетін, бірақ өзі сирек қолданатын сөздер не деп аталады?
    73.Баяндау, картина,дидактикалық ойындар, лексикалық жаттығу, логикалық тапсырма беру, схема арқылы сипаттау, серуен әдістері тіл дамыту әдістемесінің қай міндетінде жүзеге асырылады?
    74. Сөздік қорды дамыту әдістемесінің тәсілін көрсет?
    75.Байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістерін ата:
    76.Сабақтан тыс кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жолдары қандай?
    77.Балалардың сөздік қорын жандандыру дегеніміз не?
    78 Сөздік қорын нақтылау дегенді қалай түсінесіз?
    79. “Ақ жайма” сөзі бала тіліндегі сөздердің қай тобына жатады?
    80.Баланың сөздік қорын нақтылау міндетін жүзеге асыруда қандай жұмыстарға көңіл бөлінеді?
    81.Оқытудың ұжымдық сипаты және баламен жұмыс
    82. Сөздік қорды дамытудың әдістерін атаңыз?
    83. Сөздік жұмысы қандай принциптер бойынша жүргізіледі?
    84.Балардың сөздік қорын мағынасын толық түсінетін сөздермен молайту және ол сөздерді күнделікті сөйлегенде пайдалануларын қамтамасыз ету деген не?
    85.Бала тілінің стиліне, мәнерлілігіне,сөз мағынасын қаншалық түсінетіндігіне көңіл бөліп, анықтау деген не?
    86.Адамдардың өзара түсінуін және қарым-қатынасын қамтамасыз ететін мағыналы сөздер, сөйлемдер жүйесін қалай түсінесіз?
    87. Қайталап айту әдісінің ерекшелігі қандай?
    88. Әңгімелесу сабағында бала негізгі тақырыптан алшақ кетпеуі керек,қорытынды пікірге жеткізу, баланың ойын бөлмеу, еркін әңгімелеу, сұраққа толық жауап беру, білетін уақиғаны өз мүмкіндігінше айтуға мүмкіндік беру деген талаптарды кім ұсынған?
    89. Балалардың ауызша сөйлеудегі грамматикалық қателерді түзету, балалар тілін синтаксистік жағынан жетілдіру , грамматикалық формалардан қате жіберетін балалармен жеке жұмыс жүргізу міндеті тіл дамытудың қай әдістемесінде орындалады?
    90.Грамматикалық құрылыс дегенді қалай түсінесіз?
    91.Тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі не деп аталады?
    92.Сөйлеу барысында барлық тілдік құралдарды орынды пайдалана білу?
    93.Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды?
    94.Тілдің өзіне ғана тән грамматикалық амал-тәсәлдерінің жиынтығын қалай түсінесіз?
    95.Бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастырудың қандай міндеттері бар?
    96.Бір топтағы бала тілінің грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау себептері неде?
    97.Тіл мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
    98.Заттарды ұқсас белгілеріне қарай таңдауға және топтауға үйрету қай топта жүзеге асырылады?
    99.Дыбыстау мәдениеті дегеніміз не?
    100.Бала тілінің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің міндеттерін ата?




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет