«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет3/43
Дата03.06.2022
өлшемі386,92 Kb.
#36300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Курстың міндеттері:
Балалардың тілін дамыту үдерісі мен тілдік қарым-қатынасы туралы ғылыми білімдерін қалыптастыру; тілдің баланың психикалық дамуындағы ролін терең түсінуін қалыптастыру;
Мәнерлеп оқу дағдыларын және сахналау дағдысын оқыту; шетелдік және қазақстандық әдебиеттің әртүрлі жанрлары бойынша көркем шығармаларды талдау және орындау біліктерін қалыптастыру; мәнерлеп орындауын талдау білігін қалыптастыру;
Арнайы жаттығулар арқылы білім алушылардың сөйлеу техникасын дамыту;
Мәдени мұраны, заманауи ұлттық мәдениетті, фольклорды, дәстүрлер мен әдеттерді зерттеу;
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту үдерісін диагностикалау, жобалау және құрастыру біліктерін қалыптастыру.
Курсты оқытуды аяқтағаннан кейін, білім алушылар келесі құзіреттіліктерді меңгерулері қажет:
білу: мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту үдерісі мен тілдік қарым-қатынасы;
түсіну: көптілді орта жағдайында коммуникативті дағдысын қалыптастырудың мәні; мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу дағдыларын, қарым-қатынас мәдениетін, шығармашылық тілдік іс-әрекетін қалыптастыруға педагогтің ролі мен әсері;
қолдану: заманауи педагогикалық технологиялар, білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жетістіктерін диагностикалау әдістері; тәрбиелік-білім беру үдерісі, балалардың тілін дамыту динамикасы;
бағалау: өзіндік педагогикалық іс-әрекетті; мектепке дейінгі білім беру саласында өз бетімен білім алу формаларын жоспарлау.


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



  1. Тіл дамыту әдістемесі пәні.

  2. Тіл дамыту әдістемесінің қалыптасуы.

  3. Балабақшада тіл дамыту бойынша жұмыс жүйесі.

  4. Сөздікті дамыту әдістемесі.

  5. Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі.

  1. Тілдегі дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу әдістемесі.

  2. . Байланыстырып сөйлеуді дамыту әдістемесі.

8. Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі.
9. Балаларды сауат ашуға даярлау.
10. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік дамуын диагностикалау.
11. Тіл дамыту бойынша жұмысты жоспарлау және есепке алу.
12.Мектепке дейінгі ұйымда балалардың тілін дамыту бойынша жұмысқа әдістемелік жетекшілік ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет