«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет39/43
Дата03.06.2022
өлшемі386,92 Kb.
#36300
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

№ 28--дәріс тақырыбы:


Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жоспарлау және есепке алу.
Дәрістің мақсаты. Тіл дамыту жұмыстарын жоспарлау мен есепке алудың мақсатын түсіндіру.
Жоспары.
1.Балабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлау мен есепке алудың мәні.
2.Жоспар түрлері.
3.Жоспарлаудың принциптері
4.Балалармен жүргізілген жеке жұмыстар.
Тезистері:
1.Жоспар тәрбиеші еңбегінің дұрыс мақсатқа сай ұйымдастыруына тіл дамытудан іске шалағайлықтың болмауына жағдай жасайды. Сонымен қатар жоспарда тіл дамытудың мазмұны, әдістері, өткізілетін мерзімі көрсетіледі. Сондықтан жоспар тәрбиешіге өз тобында жүргізілген жұмыстар бойынша алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.
2. Балабақшада жоспарлаудың бірнеше түрлері бар: 1 жылға арналып жасалатын- жылдық жоспар. Жылдық жоспарда тіл дамыту сабақтарының негізгі міндеттері көрсетіледі. Бұл жоспардың 1-ші варианты әкімшіліктің, кәсіподақ ұйымдарының, барлық ұжым қызметкерлерінің қатысуы арқылы және солардың ұсыныс тілектері аудандық, қалалық оқу бөлімінің кезектегі талаптары ескертіліп жасалады. Осы жасалған жылдық жоспарды тәрбиеші өзіне қажетті бөліктерді көшіріп алып, әдістемелік шаралар дайындайды. Яғни тіл дамытыу сабақтарында қандай көрнекі құралдарды және әдіс-тәсілдерді бейнелейді.
Жоспардың келесі түрі – 2 апта бұрын таныстырылатын календарлық жоспар. Календарлық жоспарда топта күні бойы істелетін жұмыстар көрсетіледі.
Перспективалық жоспар – тәрбиешілер өздері дайарлайды. Бұл жоспарды жасаудын міндеттілігі жоқ, бірақ тәрбиешіге пайдалы.:
1. Тіл дамыту жұмысынын мазмұнына байланысты бір айда немесе 1 тоқсанда қандай сөздерді, қандай грамматикалық формаларды балаларға үйрету керектігі көрсетіледі.
2. Перспективалық жоспарда тіл дамытудан бағдарламалық талаптың шаралары көрсетіледі. Мыс: ересек тобында сабақтан тыс кезде қандай дидактикалық ойындарды пайдалануға болатындыгы жазылады. Осы жоспарлармен қатар күнделікті сабақтын жоспар конспектілері жасалады.Барлық топтарда жасалатын календарлық жоспарға бірдей талап қойылады. Тек қана олардың айырмашылығы бағдарламалық материалдарға кететін уақытқа байланысты және оқыту әдістеріне байланысты. Сонымен, бірге тәрбиеші календарлық жоспар жасағанда 2 апта өткізілетін сабақтардың жүйелілігіне көңіл бөледі.
Барлық топта ең кем дегенде аптасына бір рет бақылау жұмысы жоспарланады бақылау жұмысының тақырыптары мазмұнына қарай өзгеріп отырады. Мысалы 1-аптада құрылыс обьектісін бақылау, 2 аптада табиғат құбыластарын бақылау, 3-аптада адамдар еңбегін бақылау, 4-аптада жыл мезгілдеріне байланысты болатын өзгерістерді бақылау.
3.Осы аталған жоспарлардың қайсысын болсын жасағанда төмендегі принциптерді ескеру керек:
1. Жоспардың негізі балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу бағдарламасы болып табылады.
2. Тіл дамыту жұмысы оқу-тәрбие процесінің барлық бөлімдерімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Тіл дамыту жұмыстарының әдістері мен мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
Әдіс-тәсілдерді, сабақ мазмұнын, бірте-бірте күрделендіру қажет және қайталау жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі керек.
Тіл дамыту сабақтарының бірізділігі сақталуы тиіс.
Жоспар жасағанда балабақшаның жағдайы есепке алынады.
4.Балалардың тілін дамытуға арналған жұмыстар сабақтан тыс кезде де жалғасын табуы тиіс. Ертеңгілік балабақшаға балаларды қабылдап алғаннан бастап,ертеңгілік, серуен, күннің II-жартысында ойын, еңбек түрлері негізінде балалардың сөздік қорын дамытуға, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге арналған көркем мәтіндер немесе дидактикалық ойындар, сөздік жаттығулар ұйымдастыру қажет. Ал, күннің II жартысында істелінетін жұмыстар календарлық жоспарда көресетіледі. Календарлық жоспар балабақшаның әдістемелік бірлестік отырысында бекітіліп, талқыланады. Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық процесс есепке алуды қажет етеді. Алдымен әр тәрбиеші өз жұмысына талдау жасауы керек. Балабақшадағы есепке алудың басты формасы тәрбиешінің күнделік толтырып отыруды. Жыл басында тәрбиеші өз тобындағы балалардың тілінде қандай кемшіліктер бар екенін бақылап байқауы қажет. Содан соң тіл дамыту сабақтарында өтілген материалдарды топтағы балалар қалай меңгерді, егер балалар арасында меңгере алмағандар болса не себепті, бала тілінің грамматикалық құрылысы, дыбыстық жағы талапқа сай ма деген мәселелерді күнделіктерінде көрсетіліп отырылуы керек. Осы өзінің байқаған кемшіліктері бойынша жеке балалармен жұмыс жүргізеді.

29--дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет