«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет36/43
Дата03.06.2022
өлшемі386,92 Kb.
#36300
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту (1)

19-20 дәріс тақырыбы:
Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері
Дәрістің мақстаы. Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың мазмұнын түсіндіру.
Жоспары.
1. Сөздің дыбыстық мәдениеті туралы ұғым.
2. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтары.
3. Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың міндеттері.
Тезистері:
1.Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі, яғни, сөйлеген кездегі сауаттылық, фонетикалық., орфографиялық, орпоэпиялық, морфологиялық заңдылықтар мен нормаларды, стилдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану деген сөз.
Жалпы алғанда тіл мәдениеті негізінен сөз мәдениеті, сөздерді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Өйткені тіл мәдениетінің де зерттейтін объектісі сөз, сөздің дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы. Сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі. Дыбыстау мәдениеті дегеніміз – сөйлеу барысында барлық тілдік құралдарды (дыбыстарды дұрыс айту, мәнерлеп сөйлеу тәсілдерін есту қабілеттерін жетілдіру, дұрыс тыныс алу) орынды пайдалана білу. Дыбыстау мәдениеті балаларда сәби шағынан бастап бірте-бірте қалыптасады. Баланың дыбыстарды, буындарды жеке сөздерді айтып үйренуі оның сөйлеу аппаратының жетілуімен қатар жүреді, бірақ барлық топтағы балаларда дыбыстарды дұрыс айту процесі бірден қалыптаспайды. Сондықтан да жеке дыбыстарды айтудағы қателіктер жиі кездеседі. Бала тілінің дыбыстық мәдениетін дұрыс қалыптастыру үшін тәрбиеші алдымен тіліміздегі дыбыстардың жасалуының ерекшеліктерін өзі жақсы білуі қажет.
2. Тіліміздегі дауысты дыбыстардың дауыссыздардан төмендегідей айырмашылықтары бар:
Дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты. Дауысты дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері жан-жақты қимылға келеді.
Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз еркін шығады, ал дауыссыз дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелерінің бірінен қалайда бір тосқауыл болады.
Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын жасай алмайды.
Дауысты дыбыстар жуан – жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік боп алты түрге бөлінеді:
Мысалы, А – ашық, жуан, езулік дыбыс.
Ү – жіңішке, қысаң, еріндік, дауысты дыбыс
І – жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбыс.
Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң,үнді болып бөлінеді.
Д, Т – тілдің ұшының үстіңгі алдыңғы күрек тісінің дыбыстары ішкі жағына нық тиіп, содан соң кілт ашылуынан пайда болады.
Айырмасы: Т – қатаң, Д – ұяң.
3. Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің міндеттері:
* Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
Ол үшін тәрбиеші баланың сөйлеу аппаратының қызметін мұқият бақылап, қандай дыбыстарды айтқанда қате жіберетіндігін тексеруі тиіс.
Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету3 (үш) кезеңнен тұрады:
а) сөйлеу аппаратын жаттықтыру.
ә) таныстырылатын дыбыстардың айтылуын үйрету.
б) сол дыбыстарды буында, жеке сөзде және сөз тіркестерінде айтқызу.
* Үн ренкін жетілдіру.
Бұл міндетті жүзеге асыруда алдымен тәрбиешінің сөзі анық, айқын, түсінікті болуы қажет. Бала тілінің үн ренкін жетілдіруде жаңылтпаштар айтқызудың мәні үлкен. Зерттеушілердің пікірінше бала сөзінің анық болуы еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына байланысты болады.

  • Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру.

2,5-3 айға дейін сәбилер ересектердің сөзіне, ойыншықтардың сылдырына елеңдей бастайды. Үш айдан алты айға дейін сәбидің дыбысты айыруы және оған көңіл қоя тыңдауы жетіле түседі. Таныс дауыс оның бірден назарына аударатын болады. Кішкентайлар тобында балалардың есту қабілетін жетілдіру үшін «Кімнің дауысы», «Қайдан естілді?», «Мен не айттым?» т.б. дидактикалық ойындар арқылы жұмыс жүргізуге болады. Топ жоғарылаған сайын жұмыста күрделене түседі. «Кім көп естиді» деген ойын арқылы естіген дыбысын қайталату, дауыс қарқыны, дауыс күшінің қандай дәрежеде екендігін ажыратуға болады.

  • Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.

Бұл міндет бойынша жеке дыбысты айтып үйренген балалар сол дыбыстарды сөз ішінде қатесіз айтуға дағдыланады. Бұл міндетті жүзеге асыруда да дидактикалық ойындар кеңінен пайдаланылады.

  • Сөз мәнерлілігін меңгерту.

Бұл міндет бойынша сөз сазына, екпін, кідіріс, дауыс күші, сөйлеу нақышы, сөйлеу әуені т.б. мәнерлеп сөзйлеудің амал-тәсілдеріне көңіл бөлуі қажет. Әрбір оқылған шығармада осы мәнерлеп сөйлеудің тәсілдері пайдаланылуы тиіс.

  • Дұрыс тыныс алуға үйрету.

Сөйлер алдында ауаны ішке жұтып содан соң сыртқа шығару арқылы сөйлеу керектігін балаларға түсіндіру қажет
21-22 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет