Тапсырма: Жалпы орындалған практикалық жұмыстың жағдай шарттарын және мәліметтерін орындап, негізгі нәтижесін талқылап, қорытынды жазындар.
Жумыстың мақсаты: Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы, Грециядағы, Ежелгі Римдегі тәрбие мен оқу және педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы туралы түсініктер қалыптастыру.
Негізгі теориялық қағидалар Алғашқы қоғамдағы тәрбие Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы – рулық қоғамда дейін адамдар табиғатының дайын заттарымен қанағаттанады, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды.
Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым – қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет – ғұрыптарымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт – сананы сақтауға үйренеді.
Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедігі Шығыс жеріне бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді.
Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық өзендердің суы таситын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты. Жыл мезгілдерді санау арқылы алдын ала болжау су бөгеттерін салу әр түрлі ғылымдардың ( астрономия, геометрия, арифметика, медицина) дамуына себеп болды. Діни мектептермен қатар кітап көшірушілер даярлайтын мектептер де пайда бола бастады. Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез – құлқы жөнінде құнды пікірлер айтылған.
Феодалдық қоғамдағы тәрбие және мектеп Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиелер феодалдар мен дін иелері болды. Олар бүкіл жердің және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы саналды. Феодалдық қоғамның негізгі тірнегі – дін мекемелері (шіркеу). Орта ғасырда Қытай мне Индияда, Таяу Шығыс пен Европада нресектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың (шіркеулердің) қолында болды, білім діни мазмұнда берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарды үстем тапқа бағынуға үгіттеді.
Иранды, Сирияны; Палестинаны, Египетті, Афтиканың солтүстік жағалауын 6-8 ғасырларда арабтар жаулап алып, ірі мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытаймен, Индиямен, Европамен экономикалық байланыс жасады. Арабтар жаулаған жердің халықтарының мәдениеті ертеден дамыған болатын, ол мәдениетке енді жолаушылар ие болды.
Әдебиеттер: [10; 12;]