Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету
№ ___ /Мектеп, бала-бақша, колледж, мекеме атауы/ толық жазылады
Педагог-психологтын жылдық жұмысының 2022-2023 жылдық есебі
Педагог-психолог: _____________________________
Психологиялық қызметтің мақсаты:
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік - психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Оқушылар арасында буллинг, кибербуллинг , психикалық денсаулыққа, репродуктивті денсаулыққа дер кезінде көмек көрсету;
Оқушылардың өзін тануына, айқындауына және дамытуына мүмкіндік беру, бала дамуындағы табиғи механизмдерді сақтау;
Педагогтардың, ата - аналардың қарым-қатынас жасау біліктілігін, психологиялық – педагогикалық жағымды дағдыларын жетілдіру.
Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері
Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін - өзі тәрбиелеу және өзін - өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардыңтабысты әлеметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
Білім алушыларды психологиялық - педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;
Психологиялық диогностиканы жүргізу және білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;
Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу - тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата - аналар мен педагогтерға консультациялық көмек көрсету; мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсету;
Білім беру үрдісі субьектілерінің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін көтеру. Ұстаздар мен ата - аналардың психологиялық құзіреттілігін арттыру;