13
Тәлім алушылардың ашу-ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету;
Рефлексивті механизмді белсендіру;
Бүгін біз, өзіңізге және айналадағыларымызға зиянкестік жасамай ғана ашу-
ызаны қалай игеруге болатындығы туралы талдау жасаймыз.
«Көрме» жаттығуы
Мақсаты: адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялармен (ашу-ыза,
агрессия, көре алмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б.) жұмыс жасай білуі.
Ыңғайлы отырып, денеңді бос күйде ұстап, 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді
жұм. Көз алдыңа кішігірім көрмеде жүрмін деп елестет. Саған жаманшылық
ойлаған, сені бір кездері ренжіткен, сенің ашуыңды келтіретін адамдардың
суреттері сол көрмеде тізіліп тұр.
Осы көрмеде жүріп, осы портреттерді жан-жағынан қара. Солардың кез-
келгенінен өзіңнің қандай жағдайда болғаныңды елестет. Ашуыңды келтірген
осы адамға өз сезіміңді тежемей, бәрін айтып салған сәттерді елестет. Қазір ойыңа
ол туралы не келді, бәрін де бүкпей барынша жеткіз.
Сезімдеріңе бой алдырған сәтте қандай әрекетке барушы едің соны көз алдыңа
келтіріп, іс-әрекетіңді тежеме, осы адамға не істегің келеді, ойша бәрін жаса.
Егер жаттығуды жасап бітірсең, басыңды изе. 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді
аш.
Өз тәжірибеңді топпен бөліс. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңіл
болды? Саған не ұнады: төңірегіңнен кімдер осы көрмеде болды? Сен кімнің
алдында тоқтадың? Қандай жайды көз алдыңа елестеттің? Сол туралы айт.
Жаттығу кезінде сенің жағдайың қалай өзгерді? Сезімің бас кезінде қалай болып
еді? Қазір қандай күйдесің?»
Талдау:
Ренжіткен адамыңа қандай сөздер айттың?
Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана жеткізе алу мүмкін бе?
Сезімді білдірудің тағы қандай амалдары бар?
Достарыңызбен бөлісу: