16
«Мен кіммін» серпімділік ойыны
Топ қатысушылары бір-біріне доп лақтыру арқылы «Мен кіммін» деген
сұраққа жауап береді. Өзін-өзі сипаттауда мінезі, бет пішіні, мақсаты мен
сезімдері туралы айтылады. Әрбір сөйлем «Мен», «Мен қызбын», «Мен
көңілдімін», «Мен музыканы жақсы көремін» және т.б. сөздермен басталуы
керек. Біз бүгін әрқайсымыздың жақсы қасиеттеріміздің бар екенін айтып,
мақтана аламыз. Неге десеңіз, басқа адамдардың да бізді әртүрлі жақсы
жақтарымыздан
қарап
таңғалдыру
үшін,
нені
сүйіп,
нені
армандайтындығымызды
да
білуі
мақсатында
өз
іс-әрекетімізді
талқылағанымыз жөн.
«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы
Өзіңді өткен, осы және келер шақта қалай көресің, елестете отырып суретін, сал.
Талдау:
Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды?
Келешекте өзіңді кім деп елестетесің?
Сенде қандай қасиеттер пайда болады?
Сен өзіңе не тілер едің?
Балалар бір-біріне доп лақтыра «Мен бірде» деген сөз тіркесін қоса отырып,
өзіңнің қандай да бір жетістігін айтады. Мысалы, «Мен бірде денешынықтыру
сабағында барлығынан да тез жүгіріп, бірінші болып келдім».
Достарыңызбен бөлісу: