Білім беру ұйымы: «Зерде» мддо тобы: «Раушан» мектепалды тобы Балалардың жасы: 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет20/23
Дата27.11.2023
өлшемі90,79 Kb.
#130359
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Өсімдіктер әлемі
Туған өлкенің өсімдіктері (ағаштар, бұталар, гүлдер, шөпті өсімдіктер) туралы түсініктерін кеңейту, «орман», «шалғын» және «бақша» ұғымдарымен таныстыру.
Өсімдіктердің тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: өсімдік жапырақтары, сабақтарының қозғалуы, гүлдердің күн шыққанда жапырақтарының ашылуы және кешке жабылуы, тамырдың суды сорып, сабағы арқылы су өткізіп, басқа бөліктерін қоректендіруі, өсімдіктердің өсуі үшін ылғалдың, жарықтың, жылу мен тыңайтқыштың қажеттігі олардың жылуды, суықты, күнді немесе бұлтты ауа-райын сезуі, олардың өсуі және көбеюі.
Өсімдіктерге қажеттіліктеріне сәйкес күтім жасау әдістерін білу: оларды суару, түбін қопсыту, жапырақтың шаңын сүрту.
Нанға ұқыпты қарауға, бидайды өсіруге және өндіруге қатысатын адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету. Табиғи материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау кезінде өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу.



Сурет салу

Суретті қарапайым қаламның көмегімен жеңіл ырғақпен үстінен қатты баспай бейненің сұлбасын салу, бірнеше заттардың өлшеміндегі айырмашылықтарды беру, геометриялық пішіндегі заттарды салу.
Бояумен сурет салу кезінде қылқаламды бояуға батыру, қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізу.

Мүсіндеу

Біртекті заттардан сюжеттер құру, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру, сюжеттерде пішіннің, қимылдың ерекшеліктерін жеткізе білу, кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеу, композицияларды қосымша заттар мен элементтердің көмегімен көркемдеп жеткізу. Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композицияларды құру дағдыларын жетілдіру.
Ойдан өзбетінше мүсіндеуге, ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу. Мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнау.
Жұмысты ұқыпты орындау, заттарды жинау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Жапсыру

Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару.
Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу, шаблондармен, трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу, композиция ережелеріне, перспективаға сәйкес бейнелерді құрастыру.

Музыка

Музыка жетекшісінің жоспары бойынша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет