Білім беру ұйымы: «Зерде» мддо тобы: «Раушан» мектепалды тобы Балалардың жасы: 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет8/23
Дата27.11.2023
өлшемі90,79 Kb.
#130359
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Білім беру ұйымы: «Зерде» МДДО
Тобы: «Раушан» мектепалды тобы
Балалардың жасы: 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: қараша айы , 2022 жыл



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қараша

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар: Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу; қолды жоғары көтеру және екі жаққа созу
Кеудеге арналған жаттығулар: Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею
Қолдың күшін жетілдіруге арналған жаттығулар: 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).
Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет)
Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет);

Негізгі қимылдар:


тізені жоғары көтеріп жүру;
бір сызыққа қойылған заттардың арасымен «жыланша» жүгіру ;
допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 метр);
қос аяқпен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) секіру
допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу;
скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап тепе-теңдікті сақтап жүру;
бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.


Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау. Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру.

Спорттық жаттығулар:


Дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу. Спорт түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Спорт залда және спорт алаңында қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Спорттық ойын элементтері:


Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу. Допты заттарды айналдыра жүргізу. Допты қақпаға тебу. Допты бірнеше рет аяқпен қабырғаға тебу.

Қимылды ойындар.


Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.

Дербес қимыл белсенділігі.


Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуенде өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.


Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты екені туралы түсініктерді жетілдіру. Адамның денсаулығына гигиена мен күн тәртібінің ықпалы туралы түсініктерді кеңейту.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру.
Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.
Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу. Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары


таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.






Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста, аң аулауда, мал өсіруде және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарымен жабдықталған орта құру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран), аңшылық кәсіпті (аң, аңшы, орманшы, қорықшы), мал өсіруге байланысты (қора, жайлау, қыстау, жем, астау, соғым, сыбаға), егіншілік кәсіпке байланысты (дән, тұқым, суару, отау, ору, диірмен, орақ, кетпен, шалғы, айыр, күрек, тырма, соқа) сөздермен толықтыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу.
Тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге баулу






Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б- п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.
Сөздік қор.
Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдануды, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білуді дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы:
Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.
Байланыстырып сөйлеу:
Әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болуды үйрету.
Шығармашылықпен сөйлеу қызметі.
Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығаруын басқару




Көркем әдебиет

Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беруді, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіруді,
сахналық қойылымдарға қатысуға баулу.






Сауат ашу негіздері

Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру, сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу. Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтауды үйрету. Геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің дайын суреттерінің сыртын шетке шығармай бастыру, бояуды жетілдіру






Математика негіздері

Жиын.
Бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату дағдысын дамыту
Сан, санау.
Көрнекілік негізінде 8 санының пайда болуымен таныстыру. 8 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
Шама.
Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдануды дамыту.
Геометриялық фигуралар.
Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру. Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру.
Кеңістікті бағдарлау.
Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.
Уақытты бағдарлау.
Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.

Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.








Сурет салу

Заттардың пішіндеріне, бөліктердің салыстырмалы өлшеміне және олардың орналасуына сүйене отырып, түстер мен олардың реңктерін беру, негізгі пішінді, заттар мен олардың бөліктерінің пропорцияларын мәнерлеп жеткізе білу, түстерді өз қалауы бойынша таңдауын дамыту .
Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен) қолдануын дамыту.






Мүсіндеу

Шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды: ойыншықтарды, ыдыстарды мүсіндеу оларға тән ерекшеліктерді беру, қолдың және саусақтардың қимылдарын жетілдіру
Бақылаған заттың бейнесін бере білуді, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеуді, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалануды үйрету.






Жапсыру

Шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алуды меңгерту.
Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін) қолдануды, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру дағдыларын жетілдіру.
Қайшы мен желімді дұрыс қолдану мен еңбек қауіпсіздігі және жеке гигиена ережелерін сақтауды дамыту.






Құрастыру

Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру.
Ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастыруға баулу
Қағаздан құрастыру.
Дербестікті, шығармашылықты, бастаманы қолдау.
Ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу.
Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану дағдысын дамыту.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеуді ұйымдастыру.






Музыка

Музыка тыңдау.
Өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелеу тәсілі ретінде әлемдік және қазақ музыка өнерінің шығармаларымен таныстыру.
Ән айту.
Бірінші октаваның «ре», екінші октаваның «до» диапазонда жеңіл дауыспен ән айтуды үйрету
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білуді қалыптастыру.
Билер.
Музыкаға сәйкес орындалатын би қимылдарын білу; би қимылдарының элементтерін жеңіл, еркін орындау; қозғалыс бағытын музыкалық фразаларға сәйкес өзгертуді үйрету.
Би шығармашылығы.
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Музыкалық дауылпаз және шулы аспаптарда ойнау тәсілдерімен таныстыру.






Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.
Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсіну, өзін-өзі құрметтеу, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру.
Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау.
Заттар, олардың белгілерін нақтылау және бейтаныс заттардың қолданылуын түсіну.
Көлік, байланыс құралдары.
Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну
Еңбекке баулу.
Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқау. Еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, олардың еңбегін бағалау дағдысын дамыту.
Адамгершілік және патриоттық тәрбие.
сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға, айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге, жалған сөйлемеуге баулу.
Жол қозғалысы ережелері.
Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жол белгілері гироскутер, сигвейге арналған жолды білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту дағдысын пысықтау.
Табиғатпен таныстыру
Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың, тастардың маңызын түсінуін жетілдіру.
Өсімдіктер әлемі.
Туған өлкенің өсімдіктері (ағаштар, бұталар, гүлдер, шөпті өсімдіктер) туралы түсініктерін кеңейту, «орман», «шалғын» және «бақша» ұғымдарымен таныстыру.
Жануарлар әлемі.
Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылауды және себеп-салдарлық байланыстарды ажыратуды: жануарлар қозғалады (жүреді, жүгіреді, секіреді, ұшады, қозғалады); қоректенеді (өсімдіктердің жапырақтары, сабағы, бұтақтары, қабығы, шырыны, тұқымдарымен, етпен, жәндіктермен); өседі және көбейеді, қоршаған ортаны көз, мұрын, тіл, құлақ, тері көмегімен сезе білу дағдыларын дамыту.
Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екенін және оны қорғау, сақтау керек екенін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білуіне ықпал жасау.
Қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелері туралы; үйдегі, балабақша тобындағы міндеттері туралы түсініктерін кеңейту. Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін түсінуге және ажырата білуге үйрету.
Балаларды жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді саналы түрде орындауға баулуды жалғастыру. Ережелер барлығына жақсы болуы (қарапайым, жайлы, қауіпсіз) үшін жасалатынын түсінуін дамыту. Егер белгілі бір ережелер сақталмаған жағдайда не болатынын балалармен талқылау.
Қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін білу; өз өмірінің қауіпсіздігін сақтауды үйрету (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, ойнамау, бөтен машиналарға отырмау, бейтаныс адамдардың өтініштерін орындамау, олардың соңынан ермеу).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет