Білім беру ұйымы: «Зерде» мддо тобы: «Раушан» мектепалды тобы Балалардың жасы: 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет6/23
Дата27.11.2023
өлшемі90,79 Kb.
#130359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Қазақтілі

Сөздік қор:
1) балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен,сан есімдермен, үстеулермен, жұрнақтар және жалғаулармен байыту;
2) алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну,оларды сөйлеуде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру;







Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: дыбыстарды дұрыс, анық айтуды бекіту, айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз г – ғ, л – р, ж – з, с – з, ж – ш, н – ң, х – һ дыбыстарын естуі бойынша ажыратуға және анық айтуға үйрету; дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін қалыптастыру;

Тілдің грамматикалық құрылымы: түбірлес сөздерді жасау және қолдану біліктерін, етістіктерді жалғаулармен қолдану, тілдік этикетті, жай және күрделі сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру; интонациясына байланысты сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлеуде қолдана білуді жетілдіру.


Байланыстырып сөйлеу: тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру, диалог түрінде сөйлеуге үйрету. Негізгі ойды дұрыс

жеткізуге, монологтық ойларын байланыстырып құра білуге, әнгімені бірізді және нақты айтуға, шағын сипаттау және хабарлау әңгімелерді құрастыруға үйрету; мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуға ықпал ететін тілдік ортаны құру.


Шығармашылықпен сөйлеу қызметі.


ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, сипаттау және хабарлау әңгімелерін шығару, байланысқан бірізді сюжетті құрастыру, сөйлегенде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдануды дамыту.




Көркем әдебиет

Оқу, әңгімелеу. Шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру.
Мәнерлеп оқу. Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең
мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу Мазмұндау. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды мазмұндауға үйрету;
Шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын ойлап таба білуге, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету;
Театр мәдениетіне баулу.
балалардың театр ойындарына оң көзқарастарын;
таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналауды үйрету;

Адамгершілік нормалары туралы түсінік.


ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдени мінез-құлық дағдыларын; өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу, ұл балаларға (мықты, батыл, еңбекқор және тағы басқа) және қыздарға тән мінез-құлық ерекшеліктерін (биязы, әдемі және тағы басқа) талқылау;
Сауат ашу негіздері Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.
Сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету;
дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету;
қолды жазуға дайындау: жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру және қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Сызбаларды (штрихтарды), жиектерді салуға үйрету.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет