Білім беру ұйымының атауы №21жалпы орта білім беретін мектебі Пәні



бет2/4
Дата10.10.2023
өлшемі32,96 Kb.
#113496
1   2   3   4
Сабақтың ортасы
(35 мин)



Барлық оқушылар орындайды: «ДЖИГСО» әдісі арқылы топпен жұмыс.
1-тапсырма :
1-топ: Сармат тайпасы тарихы туралы деректерді анықтаңдар. (4 балл)
2-топ: Сарматтардың археологиялық ескерткіштерін сипаттаңдар (4 балл)
3-топ: Жерлеу орындарының ерекшелігі мен ол жерден табылған заттарды, бұйымдарды анықтаңдар (4 балл)

Дескриптор:білім алушылар-
-Сарматтар туралы грек – рим тарихшылыры: Диадор, Плиний, Плибийдің еңбектерінен білетінін, Сармат атауы антикалық деректерде б.з.б 3 – ғасырдан бастап кездесетінін, б.з.б IV ғасырда Еділ мен Жем өзендерінің бойында сармат тайпасы мекендегенін.Сармат тайпасының құрамында: роксалан, языг, аорс, сирак, алан, ас тайпалары болғанын. Сарматтардың негізгі шаруашылығы көшпелі мал шарруашылығы болғанын түсіндіреді. (4 балл)
- Сарматтардың археологиялық ескерткіштері Қазақстанның батыс аймағында кездеседі. Сынтас қорымының-үш соврамат жауынгері жерленген, бөренелермен шатырланып салынғанын, Бесоба қорымында– абыз әйелдер жерленгенін, Аралтөбе ескерткішінен – сармат көсемдері әйелдері мен қатар жерленгенін, жалпы археологиялық ескерткіштерінің мынандай өзіндік ерекшеліктері болғанын: Обалардың ішкі құрылымы көбінесе ағаштан жасалғанын, әр пішінді қабірлер көп кездесетінін, аруақтарға арнап ас беру, мінәжат ету үшін салынған ғибадатханалардың көп кездесетінін түсіндіреді. (4 балл)
- Сарматтардың көп бөлігі өлікті өртемей жерлегенін, сарматтар қайтыс болған марқұмды жауынгер тәрізді киіндіргенін, топырақпен қабір шұңқыры жабылған соң, сарматтар қайтыс болған адамның дәрежесіне қарай оба үйіндісін тұрғызғанын, мәйіттің қасына темір ақинақ қойылатынын, сонымен қатар қола жебенің үштары,аттың жүгені,әйелдердің әшекей бұйымдары, қыш ыдыстар табылғанын түсіндіреді. (4 балл)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет