Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-29



бет36/59
Дата17.09.2023
өлшемі5,63 Mb.
#108321
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-29



Бөлім:

Зайырлылық және дінтану негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Зайырлы мемлекет және дін

Сабақтың мақсаты

Зайырлы мемлекет пен діннің арақатынасын ажыратады, зайырлылық ұстанымының дінге қатысты қағидаттарын айтып бере алады.Зайырлы мемлекет пен оның белгілері туралы біледі.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау

  • Зайырлылық дегенді қалай түсіндіңіздер?

  • Алаш қайраткерлері бұл сөзді өз заңнамаларында қандай мағынада қабылдаған?

  • Зайырлылық ұстанымы дегенді қалай түсіндіңіздер?

  • Теократиялық мемлекеттік жүйе дегенді қалай түсіндіңіз?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы. 
«Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. 
Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз. Жастарды радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін. 
Сондықтан, Қазақстанның діни қайраткерлері бұл жолда жұмыс атқарады деп ойлаймын» деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлінгенімен, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. «Зайырлылық» ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін, діни сенім бостандығының қамтамасыз етілетіндігін танытады. Мемлекет пен діннің арақатынасындағы жанды байланыстар зайырлы және рухани-діни құндылықтардың арақатынасы негізінде орныққан.
Дін – мемлекеттік саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен мәдениетіндегі маңызды факторлардың бірі. Адам мен қоғам өмірінде ерекше орын алатын дін рухани мәдениеттің қалыптасу үдерісінде негізгі функцияларды атқарады, мәдениеттер мен өркениеттердің дамуына ықпал етеді. Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі.
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 3-бабының 5-тармағында «Азаматтардың дінге көзқарасына байланысты олардың азаматтық құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлауға жол берілмейді» деп атап көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет