Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-41



бет54/59
Дата17.09.2023
өлшемі5,63 Mb.
#108321
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
9 сынып Жаһандық құзыреттіліктер

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-41



Бөлім:

Зайырлылық және дінтану негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан – унитарлық және зайырлы мемлекет.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға тың мәліметтер бере отырып унитарлы және зайырлы мемлекет ұғымдарын түсінеді

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы:
Еңбек өнімділігін арттыру, қоғам, мемлекет еңбек арқылы дамитынын түсіндіреді.


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Миға шабыл статегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталау
Сұрақ жауап
1 Дін туралы не білеміз?
2 Діннің қалыптасу кезеіңін ата
3 Діни ұғымдар
4 Діни ағымдар



Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Қазақстан - зайырлы мемлекет! Себебі, мемлекет пен дін өзінше бөлек, автономды өмір сүреді, мектеп діннен ажыратылған. Мемлекеттің қарекеттері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді де дін істеріне араласпайды. Ал діннің тіршілігі діни нормалармен реттелінеді, мемлекет жұмысына араласпайды. Адам, азамат қандай көзқарас, наным не сенім ұстанамын десе де өз еркі. Конституцияда көрсетілген ар мен ұждан бостандығы талаптары адамды сеніміне және көзқарасына байланысты қудалауға тиым салады. Яғни, дін заңмен қорғалады. Алайда дін нормалары мен тәжірибесі азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Дін саясатпен шұғылданбауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда құрылымдары мен институттары Конституциямен баянды етілген мемлекет жұмысына дін ешбір кедергі келтірмеуі тиіс.
зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес, ол – гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан және діни сенім бостандығын жүзеге асыруды қолдайтын, дүниетанымдық еркіндікті, рухани саладағы ой-сананың көптүрлілігін мойындайтын, адамгершілік-өнегелілік және құқықтық құндылықтарға негізделген әмбебап жүйе. Сондықтан діни таным да зайырлы дүниетанымның бір бөлігі болып табылады.

  1. Зайырлылық ұғымы “лаицизм – грек тіліндегі “лаикос”- халықтық, бұқаралық деген мағынаны білдірсе, француз тілінде “лаиците”- діни емес, яғни,”лаику”- зайырлы дегенді білдіреді .

  2. Бүгінгі қазақ тіліндегі “зайырлы”,”зайырлылық” сөзі- “заһир”, яғни, анық, ашық деген мағыналарды білдіретін араб тілінен енген сөз. Бұл сөзді алғаш рет өткен ғасырда Алаш қайраткерлері “Алаш мемлекетін” құруда өз заңнамаларында қолданды. Олар бұл сөзді

  3. 1) Ашық, нақтылық;2) адами, адамдық, өркениеттік;3) азаматтық деген мағыналарда қабылдады.

Зайырлы жүйеде діни білімге де, дінтанулық білімге де тыйым салынбайды. Керісінше, еліміздің заңна­малары аясында діни және дінтанулыҚазақстан Республикасының Конституциясында дін мемлекеттен бөлінген делінбеген. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңының 4-бабында «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген» — делінген. Ал Конституция заңының бірінші бабында Қазақстан «зайырлы» мемлекет деп жариялаған.


Демократиялық қоғамда дін міндетті мемлекеттік мәртебеге ие емес, бірақ оның өз орны бар. Конституциямыздың 5-бабында: «Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады», — делінген. Дін тек идеология ғана емес, дегенмен, Конституцияның бұл тұжырымы дүниеге деген әр түрлі көзқарастың (идеологияның) заң алдында теңдігін, бірақ ешқайсысының анық міндетті еместігін көрсетеді. Конституцияның бұл бабынан экстремистік, радикалдық емес идеологиядан басқалар, діни де, атеистік те көзқарастар мәдени өмірімізде, бұқаралық ақпарат, сондай-ақ азаматтардың қалауына байланысты меншік түріне қарамастан оқу орындарында уағыздалуы мүмкіндігін байқаймыз. Әрине, бүгін Конституция берген бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырмыз. Қазақстанда дінтану пәні факультативтік негізде немесе міндетті емес пән ретінде енгізіле бастады. Ал жоғары оқу орындарында тек Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында барлық мамандарға міндетті пән ретінде енгізілді.
Мемлекетімізде іштей атеизмнің әлі тұғыры берік. Сырттан таңылып жатқан пікірді қолдай жөнеліп, елімізде ислам тым асқынып бара жатыр, мешіттер тым көбейіп кетті, қалаларда діни рәміздер басым, бұл зайырлы мемлекетке сәйкес емес деушілер кездеседі. Осылай мемлекетіміз клерикалданып немесе дінге бой ұсынып бара жатыр деп те айтушылар бар. Елін, рухани дәстүрін сыйлайтын зайырлы мемлекеттерде бұндай сөздерді ашық айтуға бармайды, оны әдепсіздікке санайды, ал ол елдерде діни ғибадатханалар, ай мен крестер де баршылық.
Конституцияның 22-бабындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», 14-бабындағы «дінге көзқарасына» байланысты «ешкімді кемсітуге болмайды» деген қағидаларына сәйкес мемлекет:
азаматтардың дінге қатынасына, дін таңдауына, балаларының да дін таңдауына араласпайды;
мемлекеттік органдардың жұмысын діни бірлестіктерге жүктемейді;
діни бірлестіктерді қаржыландырмайды;
діни бірлестіктердің жұмысына, егер ол заңға қайшы болмаса, араласпайды;
әр түрлі діндегі немесе дінге сенбейтін адамдардың, діни бірлестіктердің өзара сыйластықта, төзімділікте болуына ықпал етеді.
Ал діни бірлестіктер:
мемлекеттік биліктің қызметін атқармайды және мемлекеттік органдардың жұмысына араласпайды;
саяси партиялардың жұмысына қатыспайды, оларға қаржылай қолдау көрсетпейді;
мемлекеттің заңнама талаптары мен хұқық тәртібін сақтауға міндетті.
Осыған сәйкес мемлекетіміз "зайырлы" қағидасын есепке алады. қ білім берудің өзіндік мүмкіндіктері жасақталған
1-тапсырма
Венн диаграммасы арқылы дін мен Мемлекттің ара қатынасын анықтау
2-тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет