Діни қызымет пен діни бірлестіктер туралы терең мағлұмат беру
Құндылықтарды дарыту
Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
«Еркін жауап» стратегиясы. — Бүгінде облысымызда қанша діни ұйым бар екендігін білесіңдер ме?
—Қаншағибадатнысандарыбар?..
— Облысымыздашетелдікмиссионерлербар ма?
«Қазақстан – дінаралық келісім аймағы» деген сөз орамын қалай түсінесіңдер?
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
Сабақтың ортасы
Мәтінмен жұмыс Дін саласындағы мемлекет саясатының негізгі мақсаттары:
— дініне қарамай, ар-ождан мен дін еркіндігі және әркімнің құқықтары мен бостандықтары теңдігі кепілдерін қамтамасыз ету;
— діни бірлестіктердің еркін қызметіне құқықтық тәртіп орнату;
— діни бірлестіктердің өзара бейбіт қызметін қолдау, әртүрлі дін сенушілер арасыдағы, сенушілер мен сенбейтіндер арасында өзара түсінісушілік пен санасушылықты қолдау;
— қазақстандық қоғамның бірлесуі мен тұрақтылығына, рухани имандылық байлығын сақтап, нығайтуға қолдау көрсету;
— ғаламдану жағдайында конфессия аралық қарым-қатынастардың жақсаруына қолдау көрсететін рухани және мәдени байланыстарды сақтау мен нығайту.
Дін саласындағы мемлекет саясатының негізгі қағидалары:
Діни ұйымдарды мемлекеттен айыру қағидасына сәйкес, мемлекет пен діни бірлестіктер мынадай шарттарды орындайды:
— мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауы;
— мемлекеттің діни бірлестіктерді қаржыландырудан бас тартуы;
— мемлекеттік діни немесе атеистік идеологияның, мемлекеттік (міндетті) діннің немесе мемлекеттік (міндетті) діни бірлестіктің жоқтығы;
— мемлекеттің діни, дінге қарсы, атеистік ойлар мен ағымдарды насихаттаудан бас тарту;
— мемлекеттің азаматтар дінге көзқарасын бақылаудан және азаматтарды дініне қарай есепке алудан бас тарту;
— діни бірлестіктердің мемлекет істеріне араласпау, оларға қайсыбір мемлекеттік міндет атқаруына, сонымен бірге, діни бірлестіктердің саяси партиялар мен қозғалыстар қызметіне қатысуға тыйым салу.
Ар-ождан мен дінге сену еркіндігін қамтамасыз ету қағидасына сәйкес, мемлекет әркімге:
— адам және азаматтың дінге көзқарасы, діни немесе діни емес бірлестіктерге қатысуына қарамастан, құқықтары мен бостандықтары теңдігін;
— діни, діни емес (индифферентті) және атеистік көзқарасын еркін таңдау құқығын;
— өз діні мен наным-сенімін өзгерту, жеке басымен немесе басқалармен бірге, ашық не жеке түрде еркін сену немесе ұстану, ілімде, ғибадат жасау мен діни және салттық дәстүрлерді орындауда еркін болуын;