Білім беру ұйымының атауы



бет3/4
Дата21.12.2022
өлшемі25,15 Kb.
#58831
1   2   3   4
Байланысты:
6 тарих 03.03

Мәтіндегі қателерді табу
- "Қазақ" термині туралы ғалымдар арасында бір ғана пікір бар. Бір деректерде "қазақ" атауы туралы "Қазақ» сөзі тұңғыш рет 1242 жылы жазылған араб-француз сөздігінде кездеседі. Бұл сөздікте «қазақ» ұғымы, «сарбаз», «жауынгер» деген мағынада түсіндіріледі.
«Қазақ» атауы көне түрік тілінде «малшылар» деген мағынаны білдіреді. Өзбек пен Берке сұлтандар қазақ халқының қалыптасуына, Қазақ хандығының құрылуының негізін салды. Жәнібек пен Керей хан тұсында олардың қоластындағы барлық халық «өзбек» деп атала бастады. Біртіндеп «түрік» атауы, Қазақстан аумағын мекендеген, сыртқы бет-әлпеті, тілі, мәдениеті ұқсас адамдардың біртұтас біріккен тобын қалыптастырды.
Қазақ халқының құрамына арғын, найман, дулат, барлас, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, монғол, қоңырат, уақ, боржігін, жалайыр, табын, адай және башқұрт басқа да тайпалар кірді. Бұл тайпалардың ортақ тілі – татар тілі болды. Нәсілдік белгілері – монғолоидтық.
ЗЕРТТЕУ. ТАЛДАУ
3-тапсырма.Қазақ халқы этногенезінің қалыптасу кезеңдерін талдау.

  1. Территорияны анықтау

  2. Территорияда бір немесе бірнеше этностардың өмір сүруі

  3. Белгілі бір этностың пайда болуы туралы аңыз-дастандардың орын алуы

  4. Этностың күшейе бастауы

  5. Этностың шарықтау кезеңі

  6. Этнос дамуының бәсеңдеуі

  7. Тұрақтылық

Мәтінмен жұмыс
Қазақ халқының қалыптасуы ресурсын тыңдағаннан кейін оқушылар өздеріне берілген жеке тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмада қазақ халқы этногенезінің (шығу тегі) қалыптасу кезеңдері талданады. Оқушыларға кез-келген этностың қалыптасуы мыңдаған жылдарға созылатынын, шарықтау мен құлдырау кезеңдерін өткеретінін және қазақ халқы да осы өмірлік циклдан өткенін айтып кетіңіз. Осы түсінікті қалыптастырғаннан кейін, оқушыларға мәтін мен кестені таратыңыз. Мәтінді сынып деңгейіне қарай, қысқартып беріңіз. Соңында топтар өз жұмыс нәтижелерін басқа топтардың жұмыстарымен салыстырып, айырмашылықтарын талдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет