Байланысты: Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі (презентация)
Жапония елінде – оқу жылы сәуір айында басталады және ол триместрлерге бөлінген. Бірінші триместр 20 шілдеде аяқталады, содан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Екінші триместр 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, ал үшіншісі қантар-наурыз айлары аралығында болады. Бір сыныптан басқа сыныпқа ауысу бір апталық көктемгі демалыс кезінде жүргізіледі.
Чехияда демалыс қыс және жаз мезгілінде болады. Жазғы демалыс 2 айға созылады.
Чехия мектептерінде бағалау бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі, алайда, бір қызығы «бестік» ең төмен көрсеткіш болып саналады, ал «бірлік» керісінше-үздік баға.
Финляндияда егер оқушының сабақ айтуға ниеті болмаса, оны шақыруға болмайды. Бұл елде оқушының өз сыныптастары алдында кемшіліктерін көрсету тиімсіз болып есептеледі.
Финдық мектептерді оқушыларды жауапкершілікке үйретеді және нашар оқитың оқушыларды басып тастамайды. Олардың ойынша егер оқушы табиғатынан сабақ оқуға ынтасы болмаса яғни ол оқушы сабақтан басқа мыс спортқа немесе өнерге бейім оқушы деп есептейді.
Финляндия мектептерінде оқушылар әр сабақтан соң далаға шығуға міндетті.
Швецияда мектеп директоры оқу жылының аяқталуын күтпей-ақ, дарынды оқушыны келесі сыныпқа ауыстыра алады, бірақ ол үшін ата-ананың рұқсаты қажет
Норвегия мектептерінде оқушылар жас мөлшеріне қарай бірнеше топқа бөлінген-бастауыш сыныптар, 14 жастағы жасөспірімдер және 18-дегі жастар. Бір қызығы, олардың бәрі әр ғимаратта білім алады.
8-сыныпқа дейін Норвегия мектептерінде оқушыларға баға қойылмайды.
Америка мектептерінде оқушылардың барлығы бір жүйе бойынша оқымайды, олар өздеріне ұнаған, өзінің мамандықтарына жақын курстар мен сабақтарға барады. Әр оқушының өз сабақ кестесі болады. Әр курста оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты баллдар беріледі, сол бойынша 12сыныпқа дейінгі жиналып келген балдар жиналып колледждерге таратылады. Сөйтіп оқушы мектеп бітірмей жатып колледжге түскендігі жөнінде шақырту алады. Жоғарғы оқу орындары америкада ақылы болғаныменде студенттердің бүкіл жағдайы жасалынған. Егер студент оқуның ақшасын төйлей алмай қалғаг жағдайда болса онда оқу орны ол студентке ссуда береді. Яғни ол колледжға ақша төлемей 4 жыл оқып оны бітірген соң тұрған жұмысының еңбек ақсының белгілі бір мөлшерін колледжге беріп тұрады. Осы бойынша студент оқуның ақшасын 30жылға дейін төйлей алады.
Сингапурда білім берудің ерекшеліктері оқытылудың екі тілде жүретіңдігі, ағылшын тілі, математика және ғылым негіздері сабақтарын тереңдетіп оқытатыңдығы, техникалық жағынан күшті дамыған,ақшалай жағынан да қаржыландырылғандығы.
Сингапурда ең бастысы білім болып саналады, өйткені білім оларға бүкіл өмір жолы бойы керек болады. Біліміне байланысты оқуға түседі және сол бойынша жұмысқа да алынады.
Әлем елдеріндегі білімнің азығы – Сингапур, Жапония, Финляндия елдерінің білім жүйесіндегі ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырар болсам, білім сапасын көтеру мәселесі қарастыралатынын көруге болады.
Сингапурда әр оқушының бейім-қажеттігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі. Білімнің даму сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған , негізгі идеясы қабілетті, дарындыларды қолдауға, көсбасшыларды тәрбиелеуге арналған.
Жапон елінің білім жүйесінің ерекшелігіне көңіл аударғым келеді. Жапон елінде балалар қиындықтарды өздері шешеді. Олардың бар қиындықтары оқуда ғана, сондықтан олар емтихан арқылы өзінің орнын анықтайды. Жапон елінде оқу-тәрбие үрдісі оқушылардың рухы мықты болуына бағытталған және әр бала міндетті спорт түрлерін игеруі, олардың салауатты өмір салтына бейімдеуі мектеп жасынан басталады екен. Білім алуында иероглифтары өте көп, сонымен қатар білімді игеруде қиын, көбінесе жаттанды білімге көп көңіл бөлінетіні байқалды.
Әлемдегі білім беру жүйесі ең үздіктері\ қатарында Финляндия елі. Оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі, білім алу оқушының табысқа жетуіне бағытталған, бағалаудың әр түрлі әдістерін пайдаланады. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие берілу керек