Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі



бет1/2
Дата25.08.2023
өлшемі2,53 Mb.
#105585
  1   2

Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі

Кіріспе

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемелекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім жүйесін қолдана отырып білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру, жаңа білім технологияларының енгізілуі, оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі – терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы және білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің арттыру жұмыстары қолға алынуы тиіс. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагог қауымның ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына , жаңа идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасай отырып еліміздің білім рейтенгісі мен тартымдылығын арттыруға ат салысуы тиіс

Зерттеу мақсаты:

Өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін , өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:

  • Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.
  • Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
  • Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
  • Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін жүйенің сақталуы.
  • Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет