Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мүғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек


Сын тұрғысынан  ойлаудың маңыздылығының нәтижесі



бет4/4
Дата06.03.2022
өлшемі32,99 Kb.
#27158
1   2   3   4
Сын тұрғысынан  ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

  1. Әдіс түрлері.

  2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы

  3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу.

  4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

  5. Топтық тұжырымға келе білу.

  6. Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.

Бұл сын тұрғысынан ойлау стратегиясын тәжірбиеде қолданғанда төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздік:

  1. Сабақ ойын формасында өтетіндіктен, оқушы оқу материалын тез қабылдайды.

  2. Оқушының сабаққа қатысу ынтасы артады. «Енжар» оқушы белсенді оқушыға айналады.

  3. Баланың жауапкершілік сезімі артады. Құрбысынан қалмауға тырысады.

  4. Баланың өз ойын жеткізе білу қабілеті артады.

  5. Оқушының еске түсіру қаблеті шынығады.

  6. Баланың оқу материалын толықтай меңгеруіне жол ашылады, оқушылар жаңа тақырыпты бір-біріне өздері түсіндіреді, мұғалім межелеген жоғары талаптардан шығу мақсатында еңбек етеді.

Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар, солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Галереяға саяхат, INSERT  кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.

Бұл оқыту ойындары арқылы оқушылардың білімге, үйренуге деген құштарлықтары оянып, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.

Мәселен, «Даралық пен ұқсастық» үйрету ойынында оқушылар тақырыпты өздері оқып талдайды, теориялық білімдерін бекітіп, жинақтайды, топпен жүмыс істеуге дағдыланады. Өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге үйренеді.

Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:«V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді., Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.

Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.
Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.

Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы

  2. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Əдістемелік нұсқау, 2002 жыл

  3. 3. Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2016 жыл.

4.Білім. Таным. Тәрбие. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №1, 2016 жыл.

  1. 5. «Қазақстан кəсіпкері» журнал №10, 2010 ж

 

Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған

Инновация дегеніміз — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы

Білім — әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл болашаққа апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп және оның ұстаздар ұжымы. А. Байтұрсынұлы

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;



-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

-оқу үрдісін оқушының сезінуі .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет