Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру
Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.
Психологтың кеңес алушымен алғашқы кездесу кезіндегі әңгімесі.
10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес алушы адам психологқа өзі туралы, өзін мазалап жүрген мәселесі туралы толық айтуы керек. Психолог зейін қоя тыңдайды. Психологиялық кеңес адамдарға психологиялық көмек берудің ең күрделі түрі. Кеңес алушы адамға өз проблемасын психологтың көмегінсіз шеше алатындай болғанға дейін беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |