Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)
2-сурет. ТДМ міндеттері
ТДМ 4.7-ге сәйкес тұрақты және бейбіт болашақтың кепілі – тұрақты даму мүддесі үшін білім беру, жаһандық азаматтық сипатына лайық білім беру және т.б. іс-шаралар болып табылады:
2030 жылға қарай барлық оқушылардың тұрақты дамуына ықпал ету үшін қажетті білім мен дағдыларды, оның ішінде тұрақты даму және тұрақты өмір салты, адам құқықтары, гендерлік теңдік, бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті насихаттау, жаһандық азаматтық және мәдени алуан түрліліктің құндылығы мен мәдениеттің тұрақты дамуына қосқан үлесі арқылы білім алу алуын қамтамасыз ету.
Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес білім берудің заманауи талаптарына сәйкес қазіргі білім берудің мақсаттары жастарды еңбек нарығына дайындаудан гөрі кеңірек қарастырылуда.
Мектептер жаһандық құзыреттілікті дамыта отырып, оқушыларды әлі пайда болмаған мамандықтарға, әлі ойлап табылмаған технологияларға, сондай-ақ әлі болжанбаған проблемаларды шешуге дайындауы тиіс.
Қазіргі заманғы білім жастарға белсенділік пен мақсаттылық, сондай-ақ өз әлеуетін іске асыруға, басқа адамдардың өміріне үлес қосуға және жарқын болашақ құру үшін қажетті құзыреттілік сияқты қасиеттерді игеруіне көмектесуі керек.
|
Мысалы, ЭЫДҰ-ның «Болашақтағы білім мен дағдылар: Білім беру-2030» жобасы («ЭЫДҰ оқыту компасы-2030») БҰҰ серіктестерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бастамасымен толықтырылған. Төмендегі кестеде ЭЫДҰ белгілеген салауаттылық аспектілері мен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары арасындағы өзара байланыс көрсетілген.
1-кесте. ЭЫДҰ Салауаттылық тұжырымдамасы және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары
Достарыңызбен бөлісу: |