Білім беру мақсаттарының ХХІ ғасыр талаптарына сәйкестігі


-сурет. Тұрақты даму саласындағы 17 жаһандық мақсат



бет2/4
Дата10.10.2024
өлшемі286,96 Kb.
#147571
1   2   3   4
Байланысты:
2.1-ресурс-Білім беру мақсаттарының ХХІ ғасыр талаптарына сәйкестігі (1)

1-сурет. Тұрақты даму саласындағы 17 жаһандық мақсат
Дереккөз: www.un.org/sustainabledevelopment/sustainable-development-goals/



. КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ – барлық формадағы кедейлікті бірлесе отырып жою.
2. АШТЫҚТЫ ЖОЮ – аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ету.
3. ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ӘЛ-АУҚАТ – салауатты өмір салтын ұстану және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатты болуына ықпал ету.
4. САПАЛЫ БІЛІМ – жалпыға бірдей және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігіне қолдау көрсету.
5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК – гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.
6. ТАЗА СУ ЖӘНЕ САНИТАРИЯ – барлық адамдар үшін су ресурстары мен санитарияның қолжетімді болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.
7. АРЗАН ЖӘНЕ ТАЗА ЭНЕРГИЯ – барлығына арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.
8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ – үдемелі, жан-жақты және тұрақты экономикалық дамуды, толық әрі өнімді жұмыспен қамтуды және барлық адамдар үшін лайықты жұмысты қамтамасыз ету.
9. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – тұрақты инфрақұрылым құру, жаппай және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға ықпал ету.
10. ТЕҢСІЗДІКТІ АЗАЙТУ – елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті азайту.
11. ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕДІҢ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ – қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету.
12. ЖАУАПТЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІС – тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз ету.
13. КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН КҮРЕСУ – климаттың өзгеруімен және оның салдарларымен күресуге қатысты шұғыл шаралар қабылдау.
14. ТЕҢІЗ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ – тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздер мен теңіз ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану.
15. ҚҰРЛЫҚТЫҢ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ – құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру әрі оларды ұтымды пайдалануға ықпал ету, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенумен күрес, жердің деградация процесін тоқтату және кері қайтару және биоалуантүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.
16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ТӨРЕЛІГІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР – тұрақты даму мүддесі үшін бейбітшілікті қолдауға және ашық қоғам құруға ықпал ету, барлық адамдардың әділеттілікке қол жеткізуін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және барлық деңгейлерде адамдардың кеңінен атсалысуына негізделген мекемелер құру.
17. ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӘРІПТЕСТІК – тұрақты дамуға бағытталған жаһандық әріптестік шеңберіндегі жұмысты жүзеге асыру құралдарын нығайту және жандандыру.

ТДМ 4 «инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандырудың» міндеттілігін жариялайды.


Оны іске асыру үшін 7 міндет белгіленген.




ТДМ 4 – жалпыға бірдей және сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдардың өмір бойы білім алу мүмкіндігіне ынталандыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет